Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 мамырда № 16928 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
2 мамырдағы № 290
бұйрығымен бекітілді
  Нысан

Жер қойнауын пайдаланушыны бақылаудың өзгеруі туралы хабарлама

  20__жылғы "___" ______________

      Жер қойнауын пайдалану құқығына ие жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын

      пайдалану құқығының үлесі)

      ________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендiру нөмiрi) жер қойнауын пайдаланушыны

      бақылаудың өзгеруі туралы хабарлайды.

1.Бақылауды жоғалтқан немесе алған тұлға, мемлекет немесе ұйым туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызыңыз)

1.

жеке тұлғалар үшін – иемденушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы


2.

заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігін көрсету


3.

мемлекет үшін – мемлекеттің толық атауы, мемлекеттің мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері


2. Бақылаудың нысаны мен тәсілі, сондай-ақ бақылауды жоғалту немесе иелену негіздері (қажетсінің астын сызыңыз)

1.

бақылаудың нысаны, тәсілі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды жоғалтқанға немесе алғанға дейін тиесілі бақылау құқығының көлемін көрсете отырып


2.

бақылаудың нысаны, тәсілі "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабы 5-тармағына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыны бақылауды жоғалтқанға немесе алғанға дейін тиесілі бақылау құқығының көлемін көрсете отырып


3.

бақылауды жоғалту немесе алу негіздері (құжаттардың деректемелерін көрсете отырып)


      __________________________________________________________________

      тегі,аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жер

      қойнауын пайдаланушының немесе уәкілетті адамның лауазымы мен қолы

      (хабарламаны өкілмен жіберген жағдайда, өкілеттікті куәландыратын тиісті

      рәсімделген құжат салынады)

      мөр орны (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады