БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу үшін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиялары: білім беру ұйымдарында, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінде, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларында, білім беру саласындағы уәкілетті органда (республикалық ведомостволық бағынысты ұйымдар үшін) тиісті саланың уәкілетті органдарында құрылады.
Аттестаттау комиссиясының құрамы білім беру ұйымы, білім бөлімінің қалалық/аудандық, білім басқармасы, мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аттестатталушы адамдардың тізімдік құрамы білім беру ұйымының алқалық органының шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Біліктілік тестілеуін жыл сайын 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, білім беру саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім беру ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйым өткізеді.";
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының аттестаттау комиссиясы сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде педагогтерге жоғары біліктілік санатын береді (растайды).";
25-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) "педагог-зерттеуші" біліктілік санатына:
келесі кәсіби біліктіліктерге сәйкес келетін педагогикалық өтілі кемінде 4 жыл, мамандығы бойынша жоғары педагогикалық және кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі бар тұлғалар: "педагог-сарапшы" біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға жауап береді, сонымен қатар сабақты зерттеу дағдыларын және бағалау құралдарын әзірлей біледі, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қауымдастықта даму стратегиясын сындарлы түрде айқындайды, өз тәжірибесін облыс/Астана, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде жинақтайды, облыстық/ Астана, Алматы және Шымкент қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары бар;";
26-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "педагог-сарапшы" біліктілік санатына:
аудандық/қалалық деңгейдегі пәндік олимпиадалардың, шығармашылық, кәсіби жарыстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған тұлғалар;
кәсіби жарыстардың, аудандық/қалалық деңгейдегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, болып табылатын тұлғалар;
облыс (Астана, Алматы және Шымкент қалалары) деңгейінде өздерінің педагогикалық тәжірибелерін қорытындылаған тұлғалар;
Болашақ" бағдарламасының түлегі болып табылатын тұлғалар;
ғылым кандидаты/докторы дәрежесі бар тұлғалар;
ағылшын тілін B2 деңгейінен (CEFR шкаласы бойынша) төмен емес деңгейде меңгерген, пәндерді ағылшын тілінде оқытатын тұлғалар;
білім беру ұйымына жоғары оқу орнынан педагогикалық қызметке ауысқан және кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
бейіндік пән бойынша халықаралық спорт шебері болып табылатын адамдар.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Аттестатталушы адамдардың деректер базасын қалыптастыру үшін әзірленген БҚ аудандық (қалалық) бөлімдерге, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына, республикалық білім беру ұйымдары үшін – білім беру саласындағы уәкілетті органға жолданады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56.Тестілеу нәтижесі:
"Оқу пәнінің мазмұны" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" - 50%;
"педагог-сарапшы" - 60%;
"педагог-зерттеуші" - 70%;
"педагог-шебер" - 80%;
"Педагогика, оқыту әдістемесі" бағыты бойынша:
"педагог-модератор" - 30%;
"педагог-сарапшы" - 30%;
"педагог-зерттеуші" - 30%;
"педагог-шебер" - 30% балл жинаған жағдайда, оң болып есептеледі.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі. Тестілеуді өткізу пунктіндегі апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы облыстың (Астана, Алматы және Шымкент қалалары) білім беруді басқару органының бұйрығымен бекітіледі.";
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"77. Мәлімдеген біліктілік санатына сәйкестігін белгілеу үшін аттестатталушы адамдар 10 жұмыс күні ішінде тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
2) білімі туралы дипломның немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік берілген қайта даярлау туралы құжаттың көшірмесін;
3) бар болған жағдайда біліктілік санаты туралы куәліктің көшірмесін;
4) ұлттық біліктілік тестілеуден өткендігі туралы анықтаманы;
5) оқу жетістіктерін сыртқы бағалау және/немесе ағымдағы және/немесе қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын аттестаттау кезеңі үшін білім алушылардың білім сапасының мониторингін;
6) бар болған жағдайда білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе тәжірибесін жалпылауды растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сабақтарды (кемінде 3) бақылау парағын;
8) аттестатталушы адамдардың жетістіктерін растайтын құжаттардың (бар болған жағдайда) көшірмесін;
9) біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттың көшірмесін қамтитын портфолионы ұсынады.";
79-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптамалық кеңес "педагог-шебер" біліктілік санатын беруге портфолионы қарау және бағалау үшін облыстардың (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) білім беруді басқару органдары деңгейінде құрамында "Атамекен" ҚР ҰКП, әдістемелік кабинеттердің, біліктілік арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақттың, жұмыс берушілердің, қамқоршылық кеңестің өкілдері, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері, сонымен қатар "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДБҰ өкілдері енгізіле отырылып құрылады және облыстың (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
80-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сараптамалық кеңес "педагог-шебер" біліктілік санатын беруге портфолионы қарау және бағалау үшін облыстардың (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) білім беруді басқару органдары деңгейінде құрамында "Атамекен" ҚР ҰКП, әдістемелік кабинеттердің, біліктілік арттыру институттарының, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақттың, жұмыс берушілердің, қамқоршылық кеңестің өкілдері, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері, сонымен қатар "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДБҰ өкілдері енгізіле отырылып құрылады және облыстың (Астана, Алматы және Шымкент қалаларының) білім беруді басқару органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.";
мынадай редакциядағы 87-1-тармақпен толықтырылсын:
"87-1. "Педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары берілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың:
"педагог-модератор" - "екінші санатты мұғалім";
"педагог-сарапшы" - "бірінші санатты мұғалім";
"педагог-зерттеуші" және "педагог-шебер" - "жоғары санатты мұғалім" біліктілік лауазымдары сақталады.";
мынадай редакциядағы 94-1-тармақпен толықтырылсын:
"94-1. "Өзін-өзі тану" пәнінен сабақ берген кезде педагог қызметкердің біліктілік санаты бұрынғы сабақ беріп жүрген пәні бойынша біліктілік санатына теңестіріледі және оның мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
Психологиялық, диагностикалық (ерекше білім алуға қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауға қатысты), коррекциялық, әлеуметтік-педагогикалық қызметтерді жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге дипломда көрсетілген мамандығына сәйкес немесе қайта даярлау курсынан өтуі ескеріле отырып "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" біліктілік санаттары беріледі.".
1, 3, 13 - қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
__________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент
қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері
(уәкілетті орган)
Өтініш
Мен, _________________________________________________, ЖСН,
(аттестатталушы адамның Т.А.Ә. (әкесінің аты болғанда)
_________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
Мені 20 ______ жылы ______________________________________________________
біліктілік санатына аттестаттауды сұраймын.
Қазіргі уақытта _____ біліктілік санатындамын, ол ____жылғы ____ (күн)
(айға) дейін жарамды. Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметті хабарлаймын: Білімі:
Оқу орнының атауы | Оқу кезеңі | Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлаудан өткені туралы құжатта көрсетілген мамандығы (біліктілігі) |
Жұмыс өтілі:
Жалпы | Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлаудан өткені туралы құжатта көрсетілген мамандығы (біліктілігі) бойынша | Педагогикалық | Осы білім беру ұйымында |
Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын
көрсете отырып
____________________________________________________________________
Аттестатталушы адам жұмыс істейтін білім беру ұйымы (керектісінің астын сызыңыз):
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім
Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым.
"____" __________ 20 ___ жыл __________________(қолы)
__________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент
қалаларының білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері,
уәкілетті орган)
Өтініш
Мен, _________________________________________________, ЖСН ________,
(аттестатталушының Т.А.Ә. (әкесінің аты бар болғанда)
_______________________________________________________________________
(лауазымы, жұмыс орны)
мені 20___жылы _______________________біліктілік санатына ұлттық біліктілік
тестілеуге (біліктілік тестілеу) қатысуға жіберуді сұраймын.
Қазіргі уақытта _____ біліктілік санатындамын, ол ____жылғы ____ (күн) ____ (айға)
дейін жарамды.
Келесі жұмыс нәтижелерін негізге аламын:
_______________________________________________________________________
Өзім туралы мынадай мәліметті хабарлаймын:
Білімі:
Оқу орнының атауы | Оқу кезеңі | Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлаудан өткені туралы құжатта көрсетілген мамандығы (біліктілігі) |
Жұмыс өтілі:
Жалпы | Білімі туралы дипломда немесе атқаратын лауазымы бойынша тиісті біліктілік бере отырып, қайта даярлаудан өткені туралы құжатта көрсетілген мамандығы (біліктілігі) бойынша | Педагогикалық | Осы білім беру ұйымында |
Наградалар, атағы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы алынған (берілген) жылын
көрсете отырып _____________________________________________
Тестілеуді тапсыру тілі (керектісінің астын сызыңыз): қазақ/орыс
Аттестатталушы адам жұмыс істейтін білім беру ұйымы (керектісінің астын сызыңыз):
мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім
"Оқу пәнінің мазмұны"/ "Қызмет бағыты бойынша" блогы бойынша пән (пән):
__________________________________________________________________
Аттестаттаудан өткізу қағидаларымен таныстым.
20 ___ жылғы "____" __________ __________________ (қолы)
Аттестатталушы адамға біліктілік санатын беруге (растауға) портфолиосын бағалау өлшем шарттары
Бағалау өлшемшарттары | Біліктілік санаты | |||
Педагог-модератор | Педагог-сарапшы | Педагог-зерттеуші | Педагог-мастер | |
Білім алушылардың білім сапасы | білім сапасының 5%-ға өсу қарқыны |
білім сапасының |
білім сапасының |
білім сапасының |
Оқыту сапасы |
Білім беру ұйымының сараптамалық кеңесінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары |
Білім басқармасы (аудан/қала) органының сараптамалық кеңесінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары |
Білім басқармасы (облыс/Астана, Алматы және Шымкент қалалары) органы сараптамалық кеңесінің ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары |
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ ұсынымдары бар сабақтарды бақылау парақтары |
Білім алушылардың жетістіктері немесе қызмет қорытындыларын жинақтау | Білім беру ұйымының деңгейі | аудан/қала деңгейі | Облыс/қалалардың деңгейі Астана, Алматы және Шымкент қалалары |
Республикалық деңгей |
Педагогтың кәсіби жетістіктері | Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу |
1Конференцияларда, симпозиумдерде сөз сөйлеу, әдістемелік материалдарды әзірлеу, семинарлар, мастер кластар өткізу