Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 тамызда № 17258 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 16 шілдедегі
№ 517 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген);

      бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тарту ережелерінде, олардың нысандары мен түрлерінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу нысандары мен түрлері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың рәмізі, ерекше белгілері";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың құқықтары мен міндеттері";

      27-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру;

      4) өз құзыреті шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар анықтайтын өзге де шаралар.";

      2) "Әкімшілік қадағалаудағы адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 22 қарашада № 152 (766) болып жарияланған):

      бұйрықтың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесінде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әкімшілік қадағалау істері ішкі істер органының қызметтік үй-жайында сақталады, ал оларды жүргізу учаскелік полиция инспекторларының басшылығымен бөлімше инспекторларының біріне жүктеледі. Ішкі істер органы бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығы бойынша әкімшілік қадағалау істері тиісті сақталу жағдайларында учаскелік полиция инспекторының (бұдан әрі - учаскелік инспектор) қызметтік үй-жайында сақталуы мүмкін.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Есепте тұрғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу барысын бақылауды жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасары не жергілікті полиция қызметінің басшысы жүзеге асырады, олар тоқсан сайын әкімшілік қадағалау істерінің жүргізілуін тексереді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу кезінде әкімшілік қадағалау белгіленген адамдарды есепке алуды және олармен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру";

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Таңдаған тұрғылықты жеріне келгеннен және қадағалаудағыны есепке қойғаннан кейін учаскелік инспектор оған тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесін сақтау туралы ескертеді және олардың сот белгілеген шектеуді сақтауын бақылайды, бас бостандығынан айыру орындарынан жіберілген ақпараттық-іздеу картасында (бұдан әрі – Т-АІК) көрсетілген деректердің шынайылығын тексереді, Заңның 7-бабында көзделген шектеулерді орнату туралы өз ұсыныстарын ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баяндайды, қадағалаудағыға байланыс сызбасын (3-қосымша) толтырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 7-бабына сәйкес ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қадағаланушыға шектеу орнату туралы ұсыным шығарады (5-қосымша) және оны үш күн ішінде сотқа жібереді.

      Жергілікті полиция қызметінің бастығы соттың шектеу орнату туралы қаулысын алып, учаскелік инспектордың қатысуымен қадағаланушыға әкімшілік қадағалаудың тәртібін, оның міндеттерін және орнатылған қадағалаудың тәртібі мен шектеулерін бұзғаны үшін жауапкершілігін түсіндіреді.

      Қадағаланушыға қатысты белгіленген шектеулердің тізбесін ішкі істер органының ұсынысы бойынша оның жеке басын, өмір сүру салтын және мінез-құлқын ескере отырып, судья Заңның 7-бабында көрсетілген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.

      Шектеулер тізбесін қысқарту немесе оны толықтыру туралы ұсынысты әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын учаскелік инспектор дайындайды және ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қол қойғаннан кейін сотқа жібереді. Судьяның шектеулерді өзгерту туралы қаулысын алған күннен бастап үш күн мерзімде қадағаланушыға қол қойғызып жарияланады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әкімшілік қадағалау қадағаланушының тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер қадағаланушы дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) учаскелік инспектордың баянатына және қадағаланушының арызына сәйкес оған қалалық, аудандық органдар қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат беруі мүмкін.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды есепке алу";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Қадағаланушыға қадағалау ісі соттылығын өтеу мерзімінің өтуі немесе алып тасталуы бойынша тоқтатылады, бұл туралы ішкі істер органы бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баянатпен баяндалады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ішкі істер органының материалдары бойынша әкімшілік қадағалау Заңның 2-бабының "в" тармағында көрсетілген адамдарға, егер олар жазасын өтегеннен кейін өтелмеген немесе алынбаған соттылық мерзімі кезеңінде ішкі істер органдарының ескертулеріне қарамастан, қоғамдық тәртіпті және басқа да азаматтардың құқықтарын жүйелі түрде бұзса, өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда орнатылады.";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адам бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық тәртіпті, басқа да азаматтардың құқықтарын бұзса немесе ол үшін әкімшілік жазалау шараларына тартылған өзге де құқық бұзушылықтар жасаса және құқыққа қарсы өмір салтын жалғастырса учаскелік инспектор оған әкімшілік қадағалау орнатудың мақсатқа сай екендігі туралы ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баянат арқылы баяндайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) ұсынылған материалдарды қарап, әкімшілік қадағалауды мұндай адамға орнатудың қажеттігі туралы дәлелі ұсынымға (8-қосымша) осы Ереженің 20-тармағының екінші абзацында көрсетілген материалдарды қосып, сотқа жібереді. Ұсынымда әкімшілік қадағалау орнатудың негізі, оны қолданудың ұсынылып отырған мерзімі және Заңның 7-бабына сәйкес шектеулер көрсетіледі.";

      22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды күшіне енген соттың әкімшілік қадағалау орнату туралы қаулысы есепке алуға және әкімшілік қадағалау ісін ашуға негіз болып табылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Ішкі істер органдарында әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Учаскелік инспектор қадағаланушымен тұрғылықты жері бойынша әкімшілік қадағалаудан жалтару және құқық бұзушылықтар жасау оқиғаларына жол бермеуі жөнінде ескерту жұмысын жүргізуге міндетті. Мұндай адамның әкімшілік қадағалаудан жалтару ниеті туралы мәліметтер алған кезде ол оған шектеулерді өзгерту жөнінде сотқа ұсыным жіберу туралы (9-қосымша) ішкі істер органы бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) ұсыныс жасайды.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қадағаланушыға тіркелу үшін ішкі істер органына келу түріндегі міндет белгіленген жағдайда ішкі істер органы бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) нұсқауы бойынша мұндай тіркеуді жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің уәкілетті қызметкері, учаскелік инспектор жүзеге асырады, бұл туралы арнайы тіркеу парағына (11-қосымша) белгі қойылады.";

      35-тармақ алып тасталсын;

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Қадағаланушының тұрақты тұратын жерінен ауданнан (қаладан) тысқары шығуы туралы мәселелерді ішкі істер органы бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қадағаланушының жазбаша арызы және учаскелік инспектордың адамның әкімшілік қадағалау кезіндегі мінез-құлқын сипаттайтын деректерді көрсете отырып, шығу себебі туралы жазбаша баяндамасы негізінде қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады, ол ІІО-ның кіріс хат-хабарларында тіркеледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Қадағалаудағы әкімшілік қадағалау мерзімі кезеңінде қадағалау қағидаларын немесе белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және қайтадан осындай бұзушылық жасаған жағдайда (егер екінші бұзушылық үшін шара қолдану сәтінен бастап бір жыл өтпесе) учаскелік инспекторы негізделген баянатпен ішкі істер органының бастығына әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту қажеттілігі туралы ұсыныс енгізеді.

      Әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту туралы мәселені шешу кезінде тек қадағалаудың белгіленген шектеулері мен ережелерін бұзу ғана емес, сонымен қатар оның әкімшілік жазалау шараларына тартылуына себеп болған қадағаланушының жол берген қоғамдық тәртіп бұзушылықтары мен өзге де қасақана құқық бұзушылықтар жасағаны ескеріледі.

      Бұл жағдайда ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) сотқа әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту туралы ұсыным жібереді (19-қосымша). Әкімшілік қадағалау мерзімін ұзарту, не ұзартудан бас тарту туралы судьяның қаулысын алған күннен бастап үш күн мерзімі ішінде қадағаланушыға қол қойғызу арқылы хабарланады.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Заңның 14-бабының а), в), г), д) және е) тармақшаларында көзделген әкімшілік қадағалау тоқтатылған жағдайда әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органының қызметкері қаулы шығарады (20-қосымша), оны ішкі істер органы бастығы (оның міндетін атқаратын адам) бекітеді.

      Егер қадағаланушының мінез-құлқы мен өмір сүру салты, оған қоса жедел-анықтамалық есептер бойынша тексерулердің нәтижелері оның түзелу жолына түскендігін куәландырса, учаскелік инспектор қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баянат арқылы баяндайды. Материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) сотқа әкімшілік қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы дәлелді ұсыным жолдайды (19-қосымша).

      Судьяның немесе ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулысы қадағаланушыға қол қойғызу арқылы хабарланады.";

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік қадағалау тоқтатылған адамдарды және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босаған уақыттан бастап соттылығын өтеу немесе алып тастау мерзімі аяқталғаннан кейін учаскелік инспекторлар Ішкі істер министрі айқындаған тәртіпте бұрын сотталғандар ретінде тізімдік есепке қояды.

      51. Заңның 14-бабы "а" және "б" тармақтарының негізінде қадағалауға алынған адамға қатысты тоқтатылған әкімшілік қадағалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес соттылық мерзімі өтелгенге дейін Заңның 2-бабының "в" тармағы бойынша (мұндай адамның қоғамдық тәртіп пен басқа азаматтардың құқықтарын бұзғанын, өзге де құқық бұзушылықтар жасағанын куәландыратын ішкі істер органының материалдары бойынша) қайта тағайындалуы мүмкін.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алуды жүзеге асыру кезіндегі ішкі істер органдары қызметтерінің функционалдық міндеттері";

      53-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ААО бөліністерінің қызметкерлері бұрын сотталғандардың деректер базасын қалыптастыруды, сондай-ақ қадағаланушылардың және соттылық белгілері бойынша Заңның қолданысына түсетін адамдардың Т-АІК-ды тұрақты тұруға келген жерлеріндегі аумақтық ішкі істер органына дер кезінде жіберуді қамтамасыз етеді.";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу жөніндегі жұмыс нәтижелерін бағалау";

      54-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "әкімшілік қадағалаудан жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғау үшін жинақталған материалдың толықтығы;";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қадағалауға алынған адамға орнатылған шектеулерге сәйкес оның жеке басын сипаттайтын мәліметтер негізінде, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықты орнатудың техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, қадағалауға алынған адамды есепке қою кезінде оған электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.";

      59-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық бақылау құралдарын бұзу, рұқсатсыз шешу, сот белгілеген шектеулерді бұзу фактілері туралы ақпарат алған кезде жергілікті полиция қызметі бастығына не оны алмастыратын адамға баяндатпен баяндайды және осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қадағалауға алынған адамдағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған бұзушылықтарды есепке алу журналына тиісті белгілер жүргізеді.

      Ішкі істер органының бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) электрондық бақылау құралдарының жұмысындағы барлық тіркелген жұмыс істемей қалуы және істен шығуы фактілерін дереу баянатпен баяндайды, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды қадағалауға алынған адамдағы электрондық бақылау құралдарының бұзылуын есепке алу журналында көрсетеді;";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Cот белгілеген шектеулер өзгерген кезде не техникалық себептер бойынша электрондық бақылау құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ішкі істер органының бастығы (оның міндетін атқаратын адамға) осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотпен әкімшілік қадағалау белгіленген адамға қатысты электрондық бақылау құралдарын пайдаланудан бас тарту (ауыстыру) туралы тиісті дәлелденген қаулы қабылдай отырып, электрондық бақылау құралдарын пайдалануды тоқтатады не оларды пайдалану тәртібін және қолданатын техникалық құралдар жиынтығын өзгертеді. Электрондық бақылау құралдарын пайдалануға жауапты ІІО қызметкері қаулыны шығарған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті құралды алып тастауды (ауыстыруды) жүзеге асырады.";

      3) "Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9695 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2014 жылғы 25 қыркүйекте №144 (2538) болып жарияланған):

      бұйрықтың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттері, дербес басқармаларының бастықтары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және оның талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер органы бастығының не оның орынбасарының шешімімен профилактикалық есепке қою мерзімі бір жылға ұзартылған жағдайда профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезеңі тиісінше көрсетілген мерзімге ұзартылады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аумақтық полиция органының, ішкі істер органы жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға қатысты қорғау нұсқамасын шығарады.

      Бұл ретте, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында көзделген шектеулер оның пікірін ескере отырып, белгіленеді.";

      1-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарға қатысты құжаттардың көрсетілген тізбесіне қосымша жеке профилактикалық жұмыс жоспары, шолу анықтама (осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда), байланыс сызбасы, есепке қою және профилактикалық есептен шығару туралы хабарламалар көшірмелері салынады.";

      4) "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 15 қазанда № 197 (28675) болып жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдармен профилактикалық жұмыстың жүзеге асырылуын бақылау жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін ішкі істер органы бастығының орынбасарына не қалалық (аудандық) ішкі істер органының (бұдан әрі - ҚАІІО) жергілікті полиция қызметі басшысына жүктеледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазаның өтелмеген мерзімі аяқталғаннан кейін "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының әрекетіне түсетін адамдар санатына ауыстырылады және соттылығы өтелген немесе алынғанға дейін есепте тұрады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылауды жүзеге асыру тәртібі";

      17, 18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар тұрғылықты жеріне келгеннен кейін УПИ үш жұмыс күні ішінде ҚАІІО бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабына сәйкес оларға сот жүктеген міндеттер бойынша шектеулер белгілеу туралы осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаулы енгізеді.

      18. Тұрғылықты жерін тастап кетпеуге тыйым салуға қатысты Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттер бойынша белгіленген шектеулерді ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) жұмыс, оқу режиміне байланысты өзгерте алады.

      19. Есепке қойғаннан кейін УПИ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға, ол үшін оған әкімшілік жаза салынған бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасау немесе Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 169-бабында көзделген міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған жағдайдағы салдар түсіндіріледі.";

      21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тұрғылықты жері бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелсіз себептер бойынша 5 жұмыс күні ішінде тұрғылықты жеріне келмеген не болмаған және міндеттерін орындаудан қасақана жалтару фактілері анықталған жағдайда, УПИ бұл туралы ҚАІІО бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баянатпен баяндайды және шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жүрген жері және келмеу себептерін анықтау бойынша алғашқы іс-шараларды жүргізеді.

      Тұратын жері анықталмаған жағдайда, сотқа оған іздестіру жариялау туралы не бұлтартпау шараларын таңдау туралы ұсыным енгізеді.

      22. Бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған және міндеттерді орындаудан қасақана жалтарған кезде ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) материалдарды және бақылау ісін қоса отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау мүмкіндігі туралы осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес дәлелді ұсынымды сотқа жолдайды.

      23. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарды бақылау олардың тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Егер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам дәлелді себептер бойынша аталған мекенжайда тұра алмаса, ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) оның өтінішіне сәйкес оған ҚАІІО қызмет көрсететін аумақтың шегіндегі басқа жерде уақытша тұруға рұқсат береді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. УПИ сот белгілеген міндеттерді бұзудың әрбір фактісі бойынша осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат толтырады және ҚАІІО бастығына (оның міндетін атқаратын адамға) баяндайды.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның тұрғылықты жерінен ауданнан (қаладан, облыстан) тысқары уақытша шығуы туралы мәселелерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жазбаша арызының және шығу себебін, профилактикалық есепте тұрған кезеңдегі мінез-құлқын сипаттайтын деректер көрсетілген учаскелік инспектордың баянаты негізінде ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) қарайды. Қабылданған шешім туралы арызға тиісті жазба жазылады, ол ІІО-ның кіріс хат-хабарламасында тіркеледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгіленген шектеулерге сәйкес, оның жеке басын сипаттайтын мәліметтер негізінде, сондай-ақ тиісті құрал-жабдықты орнатудың техникалық мүмкіндіктеріне сүйене отырып, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамды есепке алу кезінде оған электрондық бақылау құралдарын қолдану туралы шешім қабылдайды.";

      42-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрондық бақылау құралдарын бұзу, рұқсатсыз шешу, сот белгіленген шектеулерді бұзу фактілері туралы ақпарат алған кезде жергілікті полиция қызметі бастығына не оны алмастыратын адамға баяндатпен баяндайды және осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардағы электрондық бақылау құралдары арқылы анықталған бұзушылықтарды есепке алу журналына тиісті белгілер жүргізеді.

      ҚАІІО бастығына (оның міндетін атқаратын адам) электрондық бақылау құралдарының жұмысындағы барлық тіркелген жұмыс істемей қалуы және істен шығуы фактілерін дереу баянатпен баяндайды, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдағы электрондық бақылау құралдарының бұзылуын есепке алу журналында көрсетеді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Cот белгілеген шектеулер өзгерген кезде не техникалық себептер бойынша электрондық бақылау құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда ҚАІІО бастығы (оның міндетін атқаратын адам) осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдарын пайдаланудан бас тарту (ауыстыру) туралы тиісті дәлелденген қаулыны қабылдай отырып, электрондық бақылау құралдарын пайдалануды тоқтатады не оларды пайдалану тәртібін және қолданатын техникалық құралдар жиынтығын өзгертеді. Электрондық бақылау құралдарын пайдалануға жауапты ІІО қызметкері қаулыны шығарған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қажетті құралды алып тастауды (ауыстыруды) жүзеге асырады.".

      5) "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған):

      бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтары ішкі істер органдарының жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Әкімшілік учаске – бұл қалалық немесе ауылдық жер аумағы, оған қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұлан әрі - қалалық, аудандық орган) бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығымен учаскелік инспектор бекітіледі. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін және учаскелік полиция пунктінің (бұдан әрі – УПП) штат санын қалалық, аудандық орган бастығы анықтайды. Қалалық жерде УПП кемінде 7 әкімшілік учаскені біріктіреді, ауылдық жерде әрбір елді мекенге – бір УПП.";

      3. Әкімшілік учаскеге қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған учаскелік инспектордың әкімшілік учаскені қабылдауы қалалық, аудандық орган бастығы орынбасарының немесе жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) бастығының қатысуымен жүргізіледі.

      Әкімшілік учаскені қабылдаудың мақсаты учаскелік инспекторды әкімшілік учаскенің шекаралары және ерекшеліктерімен, онда туындайтын жедел ахуалмен таныстыру, оны жергілікті мемлекеттік басқару органдарының лауазымдық адамдарына – қажеттілік бойынша учаскеде орналасқан кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларына ұсыну.

      Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаске паспортында тиісті жазба жазылады.

      Әкімшілік учаскелердің шекараларын халықтың тығыздығы және санын, сондай-ақ ауылдық жердегі елді мекендердің ара қашықтығын ескере отырып, қалалық, аудандық орган бастығы (оның міндетін атқаратын адам) бекітеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Учаскелік инспектордың қызметте көп уақыт (бес жұмыс күнінен артық) болмауы (бос тұруы, демалыста болуы, сырқаты, іссапарда болуы және тағы басқалар) кезеңінде әкімшілік учаскеге қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығына сәйкес іргелес әкімшілік учаскенің учаскелік инспекторы қызмет көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. УПП жұмысын ұйымдастыру тәртібі";

      мынадай редакциядағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-1. УПП жеке тұрған ғимаратта орналасады, ал кәсіпорындар, ұйымдармен бір ғимаратта немесе тұрғын үйлерде орналасуы кезінде жеке кіреберісі болуы тиіс. Бұл ретте, УПП әкімшілік учаске (шағын аудан) орталығында орналасады.

      8-2. УПП сыртында халық үшін көрінетін жерде Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік полиция пунктінің жарық түсіретін таблосының нобайы, сондай-ақ Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік полиция пунктінің және қалалық, аудандық органның кезекші бөлімінің телефондарын көрсете отырып, азаматтарды қабылдау күні мен уақыты туралы учаскелік полиция пунктінің жұмыс кестесі маңдайшасының нобайы орналастырылады.

      8-3. УПП дәлізі (холлы) стендтердің нобайларымен жабдықталады:

      1) Қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құқықтық ақпарат;

      2) Қағидаларға 1-4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша учаскелік полиция инспекторлары туралы мәлімет;

      3) Қағидаларға 1-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаске схемасы, онда учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аймақтар шекаралары белгіленеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісінің жұмысын ұйымдастыру тәртібі";

      10-тармақ мындай редакцияда жазылсын:

      "10. Учаскелік инспекторлар мен олардың көмекшілерінің жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылықты қалалық, аудандық орган бастығы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.";

      11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Учаскелік инспекторлардың қызметін ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етуді және бақылауды Ішкі істер министрлігі, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың полиция департаменттері және қалалық, аудандық органдар жүзеге асырады, олар:";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Учаскелік инспектор мен оның көмекшісі өз жұмысын ЖПҚ бастығы бекіткен УПП-нің ай сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырады.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. УПП қызметін және әкімшілік учаскенің паспортын жүргізу тәртібін тексеруді ЖПҚ бастығы немесе оның орынбасары айына кемінде бір рет, тоқсанда кемінде бір рет қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары және жартыжылда кемінде бір рет қалалық, аудандық орган бастығы жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексерушілер кітабына енгізіледі.

      17. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде учаскелік инспектор мен оның көмекшісі оларға жүгінген адамдар туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтарды қабылдауды есепке алу журналына жазады.

      Азаматтарды қабылдау кестесін қалалық, аудандық орган бастығы (оның міндетін атқаратын адам) бекітеді.";

      20-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы):".

      21-тармақ алып тасталсын;

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Профилактикалық бақылау жүргізу";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Профилактикаланатын адамдар санатына арналған материалдар ІІО үй-жайында не қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығына сәйкес УПП-да сақталады. Материалдарды ІІО үй-жайында сақтаған кезде, олардың жүргізілуін бақылау ЖПҚ учаскелік инспекторларды басқару бөлінісі инспекторларының біреуіне жүктеледі.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Учаскелік инспекторлардың халықпен есеп беру кездесулері".

      6) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12948 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 ақпанда жарияланған):

      бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністер қызметкерлерінің жұмысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті (бұдан әрі – ПД, КПД), қалалық, аудандық орган бастығының әкімшілік полицияға жетекшілік ететін орынбасары бекіткен тоқсандық жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.";

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ), ПД, КПД, қалалық, аудандық органның әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністері қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты лауазымды адамдарына:";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлiністер қызметінің нәтижелері туралы есеп";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аумақтық бөлiністер қызметiнiң нәтижелерi туралы тоқсан сайынғы ақпарат баяндау жазбамен ресімделеді, ол есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 5-і күніне ПД, КПД-ге ұсынылады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жиынтық баяндау жазбалары есеп беру кезеңiнен кейiнгi айдың 10-ы күніне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне жолданады. Баяндау жазбаға қызметті жетекшілік ететін ПД, КПД бастығының орынбасары қол қояды және мынадай қызмет бағыттары бойынша ақпаратты қамтуы тиіс:";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөліністердің жұмыс нәтижелері тоқсан сайын ІІД, Көліктегі ІІД бастығы немесе олардың орынбасарлары жанындағы жедел кеңесте қаралады.".

      7) "Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12953 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 ақпанда жарияланған):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әкімшілік учаске – қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі - қалалық, аудандық орган) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен КТІ УПИ бекітілетін қалалық немесе ауылдық жердің аумағы. Әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін қалалық, аудандық орган бастығы айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әкімшілік учаскеге қалалық, аудандық орган (Көліктегі ІІО) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған КТІ УПИ-дің әкімшілік учаскені қабылдауы аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) (Көліктегі ІІО) бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортында тиісті жазба жүргізіледі.";

      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. КТІ УПИ білім беру ұйымына қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығымен бекітіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. КТІ УПИ қызметте ұзақ уақыт болмаған кезеңде (30 жұмыс күнінен астам) әкімшілік учаскеге (білім беру ұйымына) қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығы негізінде әкімшілік учаскеге іргелес орналасқан КТІ УПИ қызмет көрсетеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. КТІБ УПИ жұмысын ұйымдастыру тәртібі";

      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. КТІ УПИ өзінің жұмысын КТІБ жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралар, қалалық, аудандық орган басшылығынан алынған тапсырмалар туралы жұмыс дәптеріне күн сайын жазба жүргізеді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру";

      15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Білім беру ұйымына бекітілген КТІ УПИ-дің білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы жұмысы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасасуда және білім беру ұйымының басшысы және қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы) бекіткен әр оқу тоқсанына құрылған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес құрылады.";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Аумақтық ІІО КТІБ жұмысын ұйымдастыру";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыру";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      36. Растайтын материалдар ұсынылғаннан кейін ІІО-ға есепке қою немесе есептен шығару (кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасын, заңды өкілдерін) туралы КТІ УПИ баянатына қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы) бұрыштама қояды. Көрсетілген басшылар тоқсанына кемінде бір рет ІІО есептерін жүргізу тәртібін тексеруге, тексерушілер парағына жазба жазуға міндетті.

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО қызметтерімен КТІ УПИ-дің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі".

  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары мен олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру
бойынша қағидаларға
1-1-қосымша
  Нысан

Учаскелік полиция пунктінің жарық түсіру таблосының эскизі



      Ескерту: жарық түсіру таблосы, жжоғары бөлігі – сары түсті, төменгі бөлігі – көгілдір түсті, ұзындығы 2000 мм, биіктігі 1200 мм.

  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары мен олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру
бойынша қағидаларға
1-2-қосымша
  Нысан

Учаскелік полиция пунктінің жұмыс режимі тақтайшысының эскизі



      Ескерту: кесте УПП үй-жайына кіреберісте ілінеді, ені – 400 мм, биіктігі 600 мм.

  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары мен олардың
көмекшілерінің
қызметін ұйымдастыру
бойынша қағидаларға
1-3-қосымша
  Нысан

Құқықтық ақпарат стендінің эскизі



      Ескерту: ені – 2000 мм, биіктігі 1400 мм.

  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары мен олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру
бойынша қағидаларға
1-4-қосымша
  Нысан

Учаскелік полиция инспекторлары туралы мәлімет стендінің эскизі



      "УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары туралы мәліметтер" стендінде учаскелік полиция инспекторларының 9х12 көлемдегі түрлі түсті фотолары орналастырылады.

      Әрбір УПИ-дің суретінің астында тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса), атағы мен лауазымы және қызмет көрсететін әкімшілік учаскенің шекарасы көрсетіледі.

      Ескерту: стенд көлемі учаскелік полиция пунктіндегі УПИ штат санын ескере отырып дайындалады.

  Ішкі істер органдарының
учаскелік полиция
инспекторлары мен олардың
көмекшілерінің қызметін
ұйымдастыру
бойынша қағидаларға
1-5-қосымша
  Нысан

Әкімшілік учаскенің стенді эскизі



      Ескерту: ені 900 мм, биіктігі 600 мм.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады