Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қаңтарда № 12953 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 396 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 15-тармағы 48) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуін қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ____________ А.Б. Сәрінжіпов

      2015 жылғы "___" ___________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1098 бұйрығымен
бекітілген

Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар):

      1) ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының (бұдан әрі - КТІ УПИ) қызметін ұйымдастыру тәртібін;

      2) білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыруды;

      3) аумақтық ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) бөлінісін кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністерінің жұмысын ұйымдастыруды;

      4) кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыруды;

      5) КТІ УПИ-дің ІІО қызметтерімен кәмелетке толмағандар арсындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу тәртібін айқындайды.

      2. КТІ УПИ аумақтық ІІО-ның кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі өкілдері болып табылады, олар өз құзыреті шегінде міндеттерді орындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Әкімшілік учаске – қалалық, аудандық ішкі істер органы (бұдан әрі - қалалық, аудандық орган) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен КТІ УПИ бекітілетін қалалық немесе ауылдық жердің аумағы. Әкімшілік учаске шекарасының өлшемдерін қалалық, аудандық орган бастығы айқындайды.

      Көліктегі ІІО-да әкімшілік учаскенің шекаралары көлік объектілеріне тікелей жақын жерде орналасқан станциялардың, аялдама пункттерінің, елді мекендердің және тұрғын алаптарының санына, жолаушылар және жүк тасымалдарының қарқындылығына байланысты белгіленеді және көліктегі ІІО бастығының бұйрығымен бекітіледі. Көліктегі ІІО-да КТІ УПИ функцияларын көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әкімшілік учаскеге қалалық, аудандық орган (Көліктегі ІІО) бастығының (оның міндетін атқаратын адам) бұйрығымен реттік нөмір беріледі. Жаңадан тағайындалған КТІ УПИ-дің әкімшілік учаскені қабылдауы аудандық (қалалық, қаладағы аудандық) жергілікті полиция қызметі (бұдан әрі – ЖПҚ) (Көліктегі ІІО) бастығының немесе оның орынбасарының қатысуымен жүргізіледі. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру фактісі туралы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскенің паспортында тиісті жазба жүргізіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. КТІ УПИ қызметте ұзақ уақыт болмаған кезеңде (30 жұмыс күнінен астам) әкімшілік учаскеге (білім беру ұйымына) қалалық, аудандық орган бастығының (оның міндетін атқаратын адамның) бұйрығы негізінде әкімшілік учаскеге іргелес орналасқан КТІ УПИ қызмет көрсетеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. КТІ УПИ ІІО учаскелік полиция пункттерінің кабинеттеріне орналасады.

      Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністер бір ғимаратта не ІІО әкімшілік ғимаратына тікелей жақын орналасқан, телефон және радио байланыспен қамтамасыз етілген, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге арналған үй-жайларда орналасады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. КТІБ УПИ жұмысын ұйымдастыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. КТІ УПИ-ға жалпы басшылықты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністің (бұдан әрі – КТІБ) бастығы жүзеге асырады, ол әкімшілік учаскеге бекітілмейді. Көрсетілген лауазым жоқ және КТІБ УПИ саны 7 бірліктен аспайтын ІІО-да КТІБ учаскелік аға инспекторы да әкімшілік учаскеге бекітілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. КТІ УПИ өзінің жұмысын КТІБ жұмыс жоспарларына сәйкес ұйымдастырады. Жоспарланған іс-шаралар, қалалық, аудандық орган басшылығынан алынған тапсырмалар туралы жұмыс дәптеріне күн сайын жазба жүргізеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. КТІ УПИ:

      1) кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады;

      2) құқық бұзушылық жасауға бейім кәмелетке толмағандарды, тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамайтын ата-аналарды немесе заңды өкілдерін анықтайды және оларды профилактикалық есепке және бақылауға қояды;

      3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      4) учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтар профилактикасына, жасөспірімдер арасындағы қадағалаусыздық пен панасыз қалуға байланысты мәселелер бойынша тұрғындармен кездесуге қатысады;

      5) арнайы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне қатысты ата-аналық құқығынан айыруға не шектеу қоюға арналған материалдарды дайындауға қатысады;

      6) жазаларға және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына сотталған кәмелетке толмағандардың өмір сүру салтын және мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз етуде пробация қызметіне көмек көрсетеді;

      7) ЖПҚ бастығы бекіткен кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      8) ІІО үшін қызығушылық тудыратын адамдар және фактілер туралы маңызды ақпараттар жинақтауды жүзеге асырады, бұл туралы баянатпен ІІО басшылығын немесе ІІО тиісті бөліністерін дереу ақпараттандырады. Басшылықтың бұрыштамасы бар баянаттың көшірмесі және олар бойынша тексеру нәтижелері жинақтау ісінде тігіледі.

      9) азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғайды;

      10) құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан, оқиғалардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ көмекке мұқтаж не олардың өміріне және денсаулығына қауіпті өзге де жай-күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетеді;

      11) әкімшілік құқық бұзушылықты анықтайды және жолын кеседі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірісті жүзеге асырады;

      12) адамның қадір-қасиетін және қоғамдық өнегені қорлайтын мас күйде қоғамдық орындарда жүрген ата-ананы немесе заңды өкілдерді немесе кәмелетке толмағанды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткізеді;

      13) үш жастан он сегіз жасқа дейін қадағалаусыз және қараусыз қалған балаларды, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметі барысында ұсталған ата-ананың немесе заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытша орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ерекше режимде ұсталатын білім беру ұйымдарына, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) және Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына (бұдан әрі –БҚО) жеткізеді;

      14) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстайды;

      15) қылмыстық теріс қылықтар бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүзеге асырады;

      16) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтатуды талап етеді, осы талаптар орындалмаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолданады;

      17) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарын тексереді;

      18) өндірістегі материалдар мен істер бойынша жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін ІІО-ға шақыруға, олардан түсініктемелер және айғақтар, құжаттар, олардың көшірмелерін алады, ол келмеген жағдайда, белгіленген тәртіпте еріксіз келтіртеді;

      19) жеке және заңды тұлғаларға орындау үшін міндетті ұйғарымдар, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынымдар шығарады;

      20) материалдық шығын келтірілген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте өтей отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті адамдардың ізіне түсу, төтенше немесе әскери жағдайдың әрекет етуі кезінде, әскери қақтығыс жағдайларында, төтенше жағдайларды жою кезінде оқиға орнына бару, егер уақытты созу адамдардың өмірі мен денсаулығына шынайы қатер тудыратын болса, медициналық ұйымдарға шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды жеткізу үшін көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің көлік құралдарынан басқа) пайдаланады;

      21) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілерін және ІІО қызметкерлерінің іс-қимылын тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланады;

      22) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамдарды ІІО-ға жеткізеді;

      23) қару-жарақты, оқ-дәрілерді, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекусорларды, сондай-ақ тыйым салынған өзге де заттарды алады;

      24) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасауда күдіктілерді, жеке тұлғаның қауіпсіздігіне қатер төндіретін не онда әкімшілік және құқық бұзушылық жасалғандығы немесе жасалып жатқандығы, жазатайым жағдай орын алғандығы, дүлей зілзалалар, апаттар, эпидемия, эпизоотия және жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жеке тұлғалардың жеке қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті деректер болған кезде тұрғын үй мен өзге де үй-жайларға, аумаққа және жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитетке ие шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) кедергісіз кіреді;

      25) егер олардың болуы баланың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, жеке тұлғалардың баспаналарға кіруге немесе онда болуға шектеу қояды, уақытша тыйым салады;

      26) профилактикалық есепте тұратын адамдарды криминалистикалық есепке қою үшін ІІО-ға жеткізеді, суретке түсіреді, дактилоскопиядан өткізеді, дыбыс, кино-бейне түсірілім жүргізеді;

      27) КТІБ қызметін жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартады;

      28) жекелеген деректерді жинақтауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      29) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор осы Қағидалардың 10-тармағының талаптарымен қатар:

      1) өз бетімен отбасынан, білім беру ұйымдарынан кетіп қалған балаларды анықтайды және оларды ата-аналарына тапсырады не бұл туралы үш жұмыс күні ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша КТІБ-ні ақпараттандыра отырып, КТБО-ға не БҚО-ға жібереді;

      2) көлік объектілерінде балалардың жарақаттануын, поездардың қауіпсіз қозғалысына қол сұғатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді;

      3) көлік объектілеріне іргелес елді мекендерде тұратын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыруда ІІО-ға көмек көрсетеді.

      Көлік объектілерінде кәмелетке толмағандар қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда, оларды тұрғылықты жерлері бойынша ІІО есебіне қою үшін үш жұмыс күні ішінде аумақтық КТІБ-ге хабарлайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. КТІ УПИ кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығына және қараусыздығына байланысты емес міндеттерді орындау үшін пайдалануға жол берілмейді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. КТІБ жұмысының қортындыларын ай сайын КТІБ бастығы (аға инспекторы), тоқсан сайын ЖПҚ, көліктегі ІІО бастығы немесе оның орынбасарлары қарайды.

      14. ЖПҚ, көліктегі ІІО әкімшілік полиция бөлімі (бөлімшесі) немесе оның орынбасарлары тоқсанына бір реттен кем емес КТІБ жұмысының ұйымдастырылуын тексереді.

      Тексеру нәтижесі бойынша анықтама жасалады, анықтама номенклатуралық істе сақталады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында құқық бұзушылықтар профилактикасын ұйымдастыру

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. КТІ УПИ-дің білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы жұмысы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырылады.

      Оқу жылына әкімшілік учаскеде орналасқан білім беру ұйымдарында профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесі жасалады, оны қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы) бекітеді және білім беру ұйымының басшыларымен келісіледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Білім алушылар тарапынан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезде білім беру ұйымының Профилактика жөніндегі кеңесінің отырысын өткізуге дереу бастамашылық етеді. Отырыстың нәтижелері бойынша заңнамада көзделген ден қоюдың тиісті шаралары әзірленеді.

      19. Білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мақсатында КТІ УПИ:

      1) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа да заңды өкiлдерiн құқықтық тәрбиелеуде бiлiм беру органдарына көмек көрсетеді;

      2) білім беру ұйымдары білім алушыларының қадағалаусыз қалуына, құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де әрекеттер жасауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;

      3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, қараусыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат iс-әрекеттерi, оған итермелейтiн себептер мен жағдайлар туралы мүдделi органдар мен мекемелердi хабардар етедi;

      4) құқық қорғау бағытындағы балалар қозғалысының жұмысына көмек көрсетеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Аумақтық ІІО КТІБ жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Аумақтық ІІО КТІБ КТІ УПИ қызметін үйлестіруді және бақылауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Аумақтық ІІО КТІБ-ға:

      1) кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар, олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар бойынша жиынтық ақпараттарды күн сайын талдау жүргізу, оларды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;

      2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының жай-күйіне, құрылымы мен динамикасына ай сайын талдау жүргізу;

      3) кәмелетке толмағандар арасындағы жедел ахуалды талдауды ескере отырып, КТІБ жұмыс жоспарын тоқсан сайын жасау, жоспарланған іс-шаралардың орындалуын, КТІБ қызметінің нәтижелері туралы есептің дайындалуын бақылау жүктеледі.

      КТІБ жұмыс жоспарында орындалу мерзімін және аяқталу нысанын көрсете отырып:

      кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларда, Полиция департаментінің (бұдан әрі – ПД), Көліктегі полиция департаментінің (бұдан әрі – КПД) жоспарларында, нұсқауларында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алқасы шешімдерінде (бұдан әрі – ІІМ) жоспарланған;

      кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыздықты және панасыз қалушылықты анықтау және жолын кесу бойынша;

      девиантты мінез-құлқы бар кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту шараларын қабылдау бойынша;

      кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;

      білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында профилактикалық жұмыс жүргізу бойынша;

      КТІ УПИ кәсіби даярлығын арттыру бойынша;

      кәмелетке толмағандардар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасына бағытталған өзге де іс-шаралар көрсетіледі.

      4) балаларды тәрбиелеу, оқыту, құқықтарын, мүдделерін қорғаумен, олардың бос уақытын ұйымдастырумен айналысатын мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

      5) жарты жылдың қорытындысы бойынша Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, білім беру басқармасына (бөліміне) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалар қадағалаусыздығының және панасыз қалушылығының жай-күйі, қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша проблемалық мәселелер туралы ақпараттандыру;

      6) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалған оқиғаларды есепке алудың электрондық журналын Еxcel форматында жүргізу;

      7) ай сайын білім басқармасына (бөліміне) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған білім беру ұйымдары білім алушыларының тізімін жолдау;

      8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасына, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығының алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық және өзге де іс-шаралар жүргізу;

      9) ай сайын білім басқармасымен (бөлімімен) бірге білім беру ұйымдарына себепсіз бармайтын кәмелетке толмағандар бойынша салыстыра тексеру жүргізу;

      10) ІІО-да ай сайын, ПД-де тоқсан сайын криминалдық полиция, тергеу және анықтау, сондай-ақ тоқсан сайын ІІО-да есепте тұрған кәмелетке толмағандарға қатысты пробация, ақпараттандыру және байланыс бөліністерімен салыстыра тексеру жүргізу;

      11) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО, ПД, КПД және басқа да мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен кеңестерде қарау үшін қажетті материалдар дайындау;

      12) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ балалардың қадағалаусыздығының және панасыздығының алдын алу бойынша жұмыстың оң тәжірибелерін зерделеу, жалпылау және практикаға енгізу;

      13) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      14) инспекторлық тексерістер жүргізуге, КТІ УПИ жұмысын зерделеу үшін ІІО бөліністеріне бақылау, кешенді тексерістер және өзге де шығулар жүргізуге, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын нақты орындауын қамтамасыз етуге қатысу;

      15) кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.

      Қызметтік тексерулерді ПД ЖПҚ қызметкерлері және ПД, КПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі – ӘПБ) кәмелетке толмағандар бандитизм, кісі өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау жасағанда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандар жасаған кезде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған аса ауыр қылмыстар, көлік объектілерінде олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар және өзге де оқиғалар бойынша жүргізеді.

      Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, сондай-ақ суицид, жазатайым жағдай және олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар кезінде еркін түрде анықтама жасалады.

      Қызметтік тексеру қорытындыларының көшірмелері ЖПҚ, желілік ІІО, ПД ЖПҚ-ға, КПД ӘПБ-ға қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бір ай ішінде ұсынылады;

      16) кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тексерулер жүргізу.

      Қызметтік тексерулерді ПД ЖПҚ қызметкерлері және ПД, КПД әкімшілік полиция басқармалары (бұдан әрі – ӘПБ) кәмелетке толмағандар бандитизм, кісі өлтіру, қарақшылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, зорлау жасағанда, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды ІІО есебінде тұрған кәмелетке толмағандар жасаған кезде, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған аса ауыр қылмыстар, көлік объектілерінде олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалар және өзге де оқиғалар бойынша жүргізеді.

      Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде, сондай-ақ суицид, жазатайым жағдай және олардың қатысуымен болған өзге де оқиғалар кезінде еркін түрде анықтама жасалады.

      Қызметтік тексеру қорытындыларының көшірмелері ЖПҚ, желілік ІІО, ПД ЖПҚ-ға, КПД ӘПБ-ға қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде, Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бір ай ішінде ұсынылады;

      17) проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қадағалаусыздық профилактикасы бойынша жұмыс туралы баяндау жазбаларды жартыжылдықтың қорытындылары бойынша КПД, ПД ЖПҚ-ға 5 күніне, ал ПД ЖПҚ және КПД Әкімшілік полиция басқармасы Комитетке 10 күніне жолдайды.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Кәмелетке толмағандармен жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Кәмелетке толмағандар ІІО жеткізілген кезде КТІ УПИ:

      1) кәмелетке толмағанның жеке басын, оны сипаттайтын деректерді оның ата-анасын немесе заңды өкілдері туралы мәліметтерді, жасөспірімді тәрбиелеу жағдайларын, құқық бұзушылықты, оқиғаны жасаудың себептері мен жағдайларды анықтау;

      кәмелетке толмағанға теріс әсер ететін, оны құқық бұзушылық жасауға тартатын адамдарды анықтау, кәмелетке толмағанға сатуға тыйым салынған заттарды сататын орындарды анықтау мақсатында кәмелетке толмағаннан жауап алады.

      Жауап алу кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қатысуымен өткізіледі;

      2) ІІО ведомстволық есептері бойынша, қажет болған жағдайда психоневрологиялық не психиатриялық мекемелердің есептері бойынша тексереді;

      3) кәмелетке толмағанның алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық мас жағдайда екеніне жеткілікті негіздер болғанда оны медициналық куәландыруға жібереді;

      4) сипатты дене жарақаттары не болмаса сырқат белгілері бар кәмелетке толмағандарды денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;

      5) кәмелетке толмағанды ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру мүмкін болмаған жағдайда осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды КТБО-ға орналастыру туралы қаулы шығарады.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Тастанды немесе адасып кеткен балаларға қатысты адасып кеткен (тастанды) балаларды жеткізу туралы акті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасалады.

      Актінің бірінші данасы "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ІІО ақпараттарды есепке алу кітабында тіркеледі, екіншісі КТБО-ға не өзге білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі және үшіншісі номенклатуралық іске тігіледі.

      26. ІІО-ның қызмет көрсету аумағынан тыс тұратын кәмелетке толмағанды құқық бұзушылық жасағаны, қадағалаусыздығы және қараусыздығы үшін жеткізген кезде КТІ УПИ, көліктегі құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі инспектор кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға үш жұмыс күні ішінде осы туралы ақпарат жолдайды. Жолданған ақпараттың көшірмесі жинақтау ісіне тігіледі.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Профилактикалық есеп және бақылау:

      1) жазасын өтеуден шартты түрде мезгілінен бұрын босатылған;

      2) қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын теріс қылықтар жасаған;

      3) оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда айыпталушы немесе күдікті;

      4) оларға қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған;

      5) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған;

      6) арнайы білім беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының түлектеріне;

      7) қорғау нұсқамасы шығарылған кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады.

      Сондай-ақ профилактикалық есепке алу және бақылау кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне қатысты қолданылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Профилактикалық бақылау "Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 432 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9695 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Профилактикалық есепті жүргізу осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша профилактикаланатын адамдар санатымен айқындалады.

      29. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға қатысты жеке профилактика жүргізу тәртібі "Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдар туралы мәліметтер, оларды ІІО-ға есепке қою үшін негіз болып табылатын материалдар келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мына санаттар бойынша ІІМ Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі:

      1) шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталған, түзету жұмыстарына сотталған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың өзге түрлеріне сотталған, сондай-ақ жазасын өтеуі немесе сот үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған кәмелетке толмағандар;

      2) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сот жазадан босатқан кәмелетке толмағандар;

      3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1 бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақтары немесе 36-бабы, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандар;

      4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және адамның психикалық және дене функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер беретін өзге де күшті әсер ететін заттарды теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандар;

      5) қадағалаусыз және қараусыз қалған кәмелетке толмағандар;

      6) дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандар;

      7) бір жыл ішінде екі және одан көп рет әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кәмелетке толмағандар;

      8) психикалық бұзылумен байланысты емес, психикалық дамуы артта қалуы салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық белгілерді қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар;

      9) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген әрбір адамға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдарға жинақтау ісі басталады.

      32. Кәмелетке толмаған ІІО-ға бірнеше санат бойынша қойылуға жатқызылған жағдайларда, КТІ УПИ оларды есепке алуды анағұрлым маңызды санат бойынша жүзеге асырады. Санаттың маңыздылығы осы Қағидалардың 27 және 30-тармақтарының иерархияларына сәйкес айқындалады.

      33. КТІ УПИ кәмелетке толмағанды ІІО есебіне қою және шығару туралы:

      кәмелетке толмағанның ата-анасын немесе заңды өкілдерін;

      кәмелетке толмағанның оқу және (немесе) жұмыс орны бойынша әкімшілікке үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

      Егер ІІО-да есепте тұрған адам қаланың (облыстың) басқа ауданына немесе басқа өңірге тұрақты тұруға көшкен жағдайда, онда ол көшкеннен кейін үш жұмыс күні ішінде таңдаған тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға оның келгені туралы растауды алу үшін сұрау салу жолданады.

      Адамның көрсетілген тұрғылықты жеріне келгені туралы растауды алғаннан кейін, тиісті ІІО-ға жүргізілген профилактикалық жұмыстың материалдары жолданады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Осы Қағидалардың 27-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында және 30-тармағының 1), 2), 3), 4), 7) және 9)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды ІІО есебіне қойғаннан кейін үш тәулік ішінде, ІІО кеңсесі арқылы криминалдық полиция бөліністеріне жедел бақылауды қамтамасыз ету үшін осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке қойылғаны туралы баянаттың көшірмесі, шолу анықтама жолданады.

      ІІО есебінен адамды шығару туралы ақпарат криминалдық полиция бөліністеріне тәулік ішінде жолданады.

      35. ІІО-ға есепке қойылған және одан шығарылған адамдар туралы мәліметтер ІІМ БДБ-ға енгізіледі.

      36. Растайтын материалдар ұсынылғаннан кейін ІІО-ға есепке қою немесе есептен шығару (кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасын, заңды өкілдерін) туралы КТІ УПИ баянатына қалалық, аудандық орган бастығының орынбасары (не ЖПҚ бастығы) бұрыштама қояды. Көрсетілген басшылар тоқсанына кемінде бір рет ІІО есептерін жүргізу тәртібін тексеруге, тексерушілер парағына жазба жазуға міндетті.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

7-тарау. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша ІІО қызметтерімен КТІ УПИ-дің өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 16.07.2018 № 517 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмысты ұйымдастыру мақсатында КТІ УПИ криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа, экстремизмге, есірткі бизнесіне қарсы күрес, тергеу (анықтау) және қылмыстық-атқару жүйесі бөліністерімен өзара іс-қимыл жасасады.

      Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы мәселелері бойынша КТІ УПИ көмек көрсету үшін:

      1) криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес бөліністерімен бірлесіп:

      кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға немесе қылмыстық қауымдастықтарға, радикалды діни ағымдарға, экстремистік және террористік топтарға кіретін кәмелетке толмағандарды анықтайды, олардың қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы әрекеттер жасауға және (немесе) қылмыстық топқа, радикалды діни ағымдарға, экстремистік және террористік топтарға тартатын адамдарды анықтайды және оларға заңнамада көзделген ықпал ету шараларын қабылдайды;

      қызмет көрсететін аймағында кәмелетке толмағандар, ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандар жиналатын орындарды жедел қамтуды қамтамасыз етеді;

      кәмелетке толмағандарды қайта бағдарлау және бөлектеп жіберу бойынша шаралар қабылдайды, жасөспірімдерге бейресми көшбасшылар, оның ішінде қылмыстық тәжірибесі бар ересек адамдар тарапынан теріс әсер ету фактілерін анықтайды және жолын кеседі;

      хабарсыз кеткен, анықтау, тергеу немесе сот органдарынан жасырынып жүрген, жазасын өтеуден немесе тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен қашып кеткен немесе отбасынан, сондай-ақ білім беру ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалған кәмелетке толмағандарды іздестіруді жүзеге асырады;

      кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізуге қатысады;

      кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады.

      2) тергеу (анықтау) бөліністері:

      тергеушінің өндірісіндегі материалдар бойынша ІІО есепте тұрған кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі анықталған жағдайда үш тәулік ішінде КТІБ және пробация қызметіне хабарлайды, қажет болған жағдайда кәмелетке толмағанның жинақтау (профилактикалық, бақылау) ісіндегі материалдардың көшірмесін сұратады;

      ІІО есепке қою үшін КТІБ және криминалдық полиция бөлінісіне үш тәулік ішінде оларға қатысты қамауға алумен байланысты емес бұлтартпау шарасы таңдалған, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті кәмелетке толмағандар, ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа жетпеуіне байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған кәмелетке толмағандар туралы жазбаша түрде хабарлайды;

      процестік шешім қабылданған сәттен бастап үш тәулік ішінде кәмелетке толмаған жасаған мына мәліметтерді қамтитын қылмыстық құқық бұзушылық туралы, ондағы:

      1) істің фабуласы;

      2) қылмыстық құқық бұзушылықты саралау;

      3) бұлтартпау шарасы;

      4) істі прокуратураға жіберген күні туралы мәліметті;

      5) қылмыстық істі тергеу барысында кәмелетке толмағанға және оның мінез-құлқына қысқаша мінездемені қамтитын анықтаманы жолдайды.

      кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істі тергеу кезінде, кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтайды, осындай адамдарға қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды;

      кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашуға маңызы бар қылмыстық істі тергеу барысында алынған мәліметтерді ІІО тиісті бөліністеріне уақтылы жолдайды;

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы қылмыстық істің толық, жан-жақты және обьективті тергелуін, оның барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтайды, меншік нысанына қарамастан тиісті ұйымдарға немесе лауазымды адамға оны жою туралы ұсынымның енгізілуін қамтамасыз етеді;

      3) қылмыстық-атқару жүйесі бөліністері:

      ай сайын КТІБ-ға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған, пробация қызметіне есепке қойылған және оның есебінен шығарылған кәмелетке толмағандар тізімін жолдайды;

      кәмелетке толмаған қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылғанға дейін күнтізбелік 20 күнтізбелік күн бұрын тұрғылықты жері бойынша аумақтық ІІО-ға хабарлама жібереді.

      4) есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерімен бірлесіп:

      кәмелетке толмағандардың есірткі заттарының, психтроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысуына қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жүзеге асырады;

      кәмелетке толмағандардың, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуге қатысады;

      кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар профилактикасы бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізуге қатысады.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

№ _______ әкімшілік учаскенің
паспорты

      ____________________________________________

      (ішкі істер органының атауы)

      Басталды 20____ жылғы "___" __________

      Аяқталды 20____ жылғы "___" __________

      Сақтау мерзімі: ________________

      Әкімшілік учаскенің паспорты

      мұқабасының келесі бетіне басылады

Мазмұны

      1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер.

      2. Учаскенің жоспары (сызбасы).

      3. Учаскені сипаттайтын мәліметтер:

      1) қызмет көрсететін аумақ;

      2) қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде тұратын кәмелетке толмағандардың саны (оқитын, оқымайтын, жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін топтарға бөле отырып);

      3) ішкі істер органдарының есебіндегі кәмелетке толмағандар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға қарсы басқа да әрекеттер жасауға тартатын адамдар туралы мәліметтер;

      4) жасөспірімдермен және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен немесе басқа заңды өкілдерімен жұмыста практикалық көмек көрсете алатын жергілікті атқарушы органдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер туралы мәліметтер;

      5) қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде орналасқан мәдени-ағарту, демалыс, спорттық және алкогольдік өнімдерді сататын сауда ұйымдары туралы мәліметтер;

      6) қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде орналасқан білім беру ұйымының Профилактика жөніндегі кеңесінің мүшелері туралы мәліметтер;

      Әкімшілік учаскенің паспортына КТІ УПИ-дің жұмысына қажетті қосымша мәліметтердің енгізілуіне жол беріледі.

      Ескертпе: Әкімшілік учаскенің паспортындағы мәліметтер 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңартылады.

Әкімшілік учаскені қабылау және тапсыру туралы мәліметтер

Р/с

КТІ УПИ атағы, Т.А.Ә. (болған кезде)

Учаскені

қабылдаған

күні, қолы

Учаскені

тапсырған

күні, қолы

Учаскені

қабылдауға

қатысқан басшының лауазымы, атағы, Т.А.Ә.

Қабылдаушының немесе тапсырушының, ІІО басшысының ескертулері мен ұсыныстары

1

2

3

4

5

6







Әкімшілік учаскенің жоспар-схемасы

      (схема)

      Жоспар-схемада әкімшілік учаскедегі қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күштер мен құралдардың бағыттары, орналасуы көрсетіледі.

20____жылғы _____________жағдай бойынша әкімшілік
учаскеде тұратын кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер

Р/с№

Кәмелетке толмағандардың жалпы саны

оның ішінде

оқитындар

оқымайтындар

жұмыс істейтіндер

жұмыс істемейтіндер

1

2

5

6

7

8

1






20____ жылғы _____________ жағдай бойынша ішкі істер
органдарының есебінде, мектепшілік есепте тұрған кәмелетке
толмағандар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және
(немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын,
олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке
толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ
кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға қарсы
iс-әрекеттер жасауға тартатын адамдар туралы мәліметтер

Р/с№

Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандар саны

Оларға қатысты жеке профилактика шаралар қолданылатын тұрған кәмелетке толмағандар саны

Мектепшілікесепте тұрған кәмелетке толмағандар саны

Кәмелетке толмағандарды, тәрбилеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің саны

Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар саны

1

2

3

4

5

6







20____ жылғы _____________ жағдай бойынша жасөспірімдермен және
кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және(немесе) қарау
бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың
мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың
ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен жұмыста практикалық
көмек көрсете алатын жергілікті атқарушы органдар, білім
беру және денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық
бірлестіктер туралы мәліметтер

Р/с

Ұйымның, бірлестіктің атауы

Мекенжайы

Басшының Т.А.Ә. (болған кезде)

Байланыс телефоны

1

2

3

4

5






20____ жылғы _____________ жағдай бойынша қызмет көрсетілетін
әкімшілік учаскеде (білім беру ұйымында және оған іргелес
учаскеде) орналасқан мәдени-ағарту, демалыс, спорттық және
алкогольдік өнімдерді сататын сауда ұйымдары туралы мәліметтер

Р/с

Ұйымның атауы

Мекенжайы

Басшының Т.А.Ә. (болған кезде)

байланыс телефоны

Алкогольдік өнімді сатуға лицензияның нөмірі және алу күні

1

2

3

4

5

6

1






20____ жылғы _____________ жағдай бойынша қызмет көрсетілетін
әкімшілік учаскеде (білім беру ұйымында) орналасқан білім
беру ұйымының Профилактика жөніндегі кеңесінің мүшелері
туралы мәліметтер

Р/с

Оқу орнының атауы

Кеңес құрамы

(мүшелердің Т.А.Ә. (болған кезде)

1

2

3

1



2



  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

№ ____ азаматтарды қабылдауды есепке алу журналы

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөліністердің жұмысын
тексеру нәтижелерін есепке алу журналы

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының
кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
4-қосымша

Кәмелетке толмағандар жасаған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың қатысуымен болған оқиғаларды есепке алудың электрондық журналы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

(Еxcel форматында жүргізіледі)

  ____________________________
(ішкі істер органының атауы)
Басталды 20__ жылғы "___" ___
Аяқталды 20__ жылғы "___" ___

Р/с №

Тіркеу органы

Тергеу органы

Ақпаратты есепке алу кітабының нөмірі

Сотқа дейін тергеп-тексерудің бірынғай тізілімінің нөмірі

Тіркеу күні

Фабуласы

Біліктілігі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы)

Қылмыс, оқиға жасалған уақыт

Тегі, аты-жөні (күдіктінің/жәбірленушінің)

Туған күні

Нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы

Оқу, жұмыс орны (оқу орнының, жұмыс орнының атауы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


Есепте тұр /тұрған жоқ (есепке алу санаты)

Толық/толық емес, берекелі/тұрмысы қолайсыз отбасында тәрбиеленеді

Кәмелетке толмаған баланың тұратын аумағына қызмет көрсететін ІІО

Қылмыстық іс бойынша қабылданған шешім, шешімнің қабылданған күні

Қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері

Жасөспірімге және занды өкіліне қабылданған шаралар (есепке алынды, оқу орнындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңесте, Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды)

Оқу орны бойынша, кәмелетке толмаған баланың тұратын жері бойынша ІІО-ға хабарлама жіберілді

Ескертпе

14

15

16

17

18

19

20

21

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Ішкі істер органдарына жеткізілген кәмелетке
толмағандарды есепке алу журналы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының
кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
6-қосымша
  Бекітемін
___________________________
(лауазымды адамның лауазымы,
___________________________
атағы, тегі, аты-жөні)
20 __ жылғы "___" _________

      Нысан

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына/ Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарына кәмелетке толмағанды орналастыру туралы қаулы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20 __ жылғы "__" _______ "___" сағат "__" минут _______ қаласы, ауданы

      Мен ________________________________________________________________,

      (ішкі істер органдары қызметкерінің лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, айы, жылы, туған жері, оқу,

      _____________________________________________________________________

      жұмыс орны, лауазымы, ата-анасының немесе

      _____________________________________________________________________

      заңды өкілдерінің өмірбаяндық деректері, олардың жұмыс орны, лауазымы)

      _______________________________________ материалдарды қарап, _________

      _____________________________________________________________________

      (жасөспірімді қашан, кім ұстағаны (тауып алғаны), оны КБО-ға / БҚО-ға орналастыруға

      _____________________________________________________________________

      қандай негіздер бар екені көрсетіледі, бұл қандай негіздермен расталады)

      _________________________________________________________анықтадым.

      Қаулы еттім:

      Кәмелетке толмаған __________________________________________________

      (тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________________

      (КБО-ның /БҚО-ның атауы)

      ____________________________________________________ орналастырылсын.

      (лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

  Ішкі істер органдарының
кәмелетке толмағандардың
істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акті

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20 __ жылғы "___" _______________ __________________ қаласы, ауданы

      Мен _________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      ____ сағ ____ мин ___________________________________________________

      (ІІО бөлінісінің атауы)

      азамат, ішкі істер органының қызметкері _________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), жұмыс орны, лауазымы,

      тұрғылықты жері, байланыс телефоны)

      _____________________________________________________________________

      (баланы тапқан орны, уақыты және мән-жайлар)

      _____________табылған баланың жеткізілгені туралы осы актіні жасадым.

      Баланың белгілері ___________________________________________________

      (жас шамасы, сөйлей ала ма)

      _____________________________________________________________________

      Баланың үстіндегі киімдері __________________________________________

      Мыналарды анықтау мүмкін болды ______________________________________

      (баланың, оның ата-анасының немесе заңды

      _____________________________________________________________________

      өкілдерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), баланың жасы, ата-анасының

      _____________________________________________________________________

      тұрғылықты жері, жұмыс орны, лауазымы, іс үшін маңызды

      _____________________________________________________________________

      басқа да деректер)

      _____________________________________________________________________

      (сырт қарағанда баланың дені сау, ауру, дене жарақаттары бар және тағы басқа)

      _____________________________________________________________________

      (актіні жасаған адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні, баланы жеткізген

      _____________________________________________________________________

      адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Бала 20__ жылы "___" ________ сағат ___ минутта

      _________________________________________________________ тапсырылды.

      (ата-анасына немесе заңды өкілдеріне)

      Бала ________________________________________________________________

      (медицина мекемесінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу

      _________________________________________________________ жіберіледі.

      орталығының, өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының атауы,

      басқа мекемелердің атауы)

      Баланы қабылдадым ___________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      Тапсырдым ___________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), қолы)

      20___ жылғы "___" _________ сағат ____ минут ____

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарды
№ ______________ тіркеу журналы

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау
бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың
мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың
ата-аналарын немесе заңды өкілдерін және оларды қоғамға
қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдарды
№ ______________ есепке алу журналы

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Профилактикаланатын адамдар санаты

Р/с

Профилактикаланатын адамдар санаты

Есеп жүргізу нысаны

Есепке қоюдың негізі

Есепті жүргізу мерзімі

Тексерістің мерзімділігі

1

2

3

4

5

6

1

Жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған кәмелетке толмағандар

Бақылау ісі

Баянат, сот шешімі

Жазаның өтелмей қалған бөлігінің мерзімі аяқталғанға дейін

Айына үш реттен кем емес

2

Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар

Профилактикалық іс

Баянат, тергеушінің қылмыстық істі тоқтату туралы қаулысы

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі мерзімнен аспайтын

Айына кемінде бір рет

3

Өздеріне қатысты қамаққа алумен байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдалған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда айыпты немесе күдікті кәмелетке толмағандар

Профилактикалық іс

Баянат, тергеушінің хабарламасы

Қылмыстық істі тергеу кезеңінде, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Айына кемінде бір рет

4

Өздеріне қатысты бос уақытын шектеу және мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы шешім қабылданған кәмелетке толмағандар

Профилактикалық іс

Баянат, сот шешімі

Әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін

Күнтізбелік жеті күн ішінде кемінде 1 рет

5

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған кәмелетке толмағандар

Профилактикалық іс

Баянат, босатылуы туралы анықтама

Сотталғандығы өтелгенге немесе алып тасталғанға дейiн, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Тоқсанына бір реттен кем емес

6

Арнайы бiлiм беру ұйымдарының және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарының түлектері

Профилактикалық іс

Баянат, сот шешімі, арнайы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында болу мерзімінің аяқталуы туралы анықтама

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа жеткенге дейінгі мерзімнен аспайтын

Тоқсанына кемінде бір рет

7

Оларға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған кәмелетке толмағандар

Профилактикалық іс

Баянат, қорғау ұйғарымы

Әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін

Күнтізбелік жеті күн ішінде кемінде 1 рет

8

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) қарау бойынша өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-анасы, заңды өкілдері

Профилактикалық іс

Баянат

12 ай ішінде

Тоқсанына кемінде бір рет

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Оларға қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын
адамдар санаты

Р/с

Профилактикаланатын адамдар санаттары

Есепке қоюдың негізі

Есепті жүргізу мерзімі

Тексерістің мерзімділігі

1

2

4

5

6

1

Шартты түрде сотталған, қоғамдық жұмыстарға тартуға сотталған, түзету жұмыстарына сотталған, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың өзге де түрлеріне сотталған, сондай-ақ жазасын өтеу кейінге қалдырылған немесе үкімді орындау кейінге қалдырылған кәмелетке толмағандар

Баянат, сот шешімі

Сотталу кезеңіне, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Тоқсанына кемінде бір рет

2

Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін сотталған және тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдана отырып, сот жазадан босатқан кәмелетке толмағандар

Баянат, сот шешімі

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Айына кемінде бір рет

3

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабының негізінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық жауапкершіліктен немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандар

Баянат, сот шешімі, тергеу бөліністерінің қаулысы

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Тоқсанына кемінде бір рет

4

Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық және адамның психикалық және дене күші функцияларына және мінез-құлқына теріс әсер беретін күшті әсер ететін өзге де заттарды теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандар

Баянат, денсаулық сақтау ұйымынан анықтама

Денсаулық сақтау ұйымдары есептен шығарғанға дейін, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен аспайтын

Тоқсанына кеміндебір рет

5

Қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар

Баянат, сипаттайтын материалдар (оқу, жұмыс орны, тұрғылықты жері бойынша мінездеме)

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімнен

Айына кеміндебір рет

6

Дәлелсіз себептермен жалпы білім беретін оқу орындарына бармайтын кәмелетке толмағандар

Баянат, білім беру ұйымдарынан сабаққа келмеу туралы анықтама

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейінгі мерзімінен аспайтын

Тоқсанына кемінде бір рет

7

Бір жыл ішінде екі немесе одан көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандар

Баянат, әкімшілік хаттамалардың көшірмелері не АДБ анықтамасы

12 ай, бірақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін асырмай

Тоқсанына кемінде бір рет аспайтын

8

Психикалық бұзылулармен байланысты емес психикалық дамуда артта қалу салдарынан қылмыстық жауапкершілікке жатпайтын қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қамтитын әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандар

Баянат, тергеу бөліністерінің қаулысы

Кәмелеттік жасқа толғанға дейін

Жарты жылда кемінде бір рет

9

Кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасауға тартатын адамдар

Баянат, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот қаулысы

12 ай

Тоқсанына кемінде бір рет

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Оларға қатысты жеке профилактика шаралары
қолданылатын адамдарды
№ ______________ есепке алу журналы

      Ескерту. 12-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 18.08.2022 № 687 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
13-қосымша

      Нысан

Жеке профилактика шаралары қолданылатын
адамдарға арналған жинақтау ісі

      (титул парағында Т.А.Ә. (болған кезде), туған күні, мекенжайы,

      есепке алу санаты, енгізу/шығару күні)

Жинақтау ісіндегі құжаттар тізбесі

      1. Істегі құжаттар тізілімдемесі.

      2. Тексерушінің парағы (тексеру күні, жою мерзімдерін белгілей отырып ескерту, анықталған кемшіліктерді жою бойынша белгі).

      3. Адамның фотосуреті бар шолу анықтама.

      4. ІІО-ға есепке қою туралы баянат.

      5. ІІО-ға есепке қою үшін негіз болған материалдар.

      6. Кәмелетке толмағанның және оның ата-анасының түсіндірмесі.

      7. Жеке басты куәландыратын құжаттардың не туу туралы куәліктің көшірмелері (жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда ІІМ АДБ анықтамасы қоса беріледі).

      8. Байланыс схемасы.

      9. ІІМ АДБ есебі бойынша және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйелері бойынша мәліметтер (тексерулердің мерзімділігіне сәйкес).

      10. ІІО-ға есепке қою, шығару туралы хабарламаның көшірмелері.

  Ішкі істер органдарының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
учаскелік полиция инспекторларының
қызметін ұйымдастыру
қағидаларына
14-қосымша

      Нысан

Фотосурет

3,5*4,5

ШОЛУ АНЫҚТАМА

      Есепке алу негізі____________________________________________________

      Есепке алу күні _____________________________________________________

      1. Тегі _____________________________________________________________

      2. Аты ______________________________________________________________

      3. Әкесінің аты (болған кезде) ______________________________________

      4. Туған күні _______________________________________________________

      5. Туған жері _______________________________________________________

      6. Ұлты _____________________________________________________________

      7. Білімі (қайда оқиды) _____________________________________________

      8. Жеке басты куәландыратын құжат ___________________________________

      9. Тұрғылықты жері __________________________________________________

      10. Ата-аналары немесе заңды өкілдері туралы мәліметтер _____________

      _____________________________________________________________________

      11. Кәмелетке толмағанды ауызша бейнелеу ____________________________

      _____________________________________________________________________

      12. Ерекше белгілері ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      13. Өткен уақыттағы құқық бұзушылықтары туралы мәліметтер ___________

      _____________________________________________________________________

      Шолу анықтаманың толтырылған күні " " _______________________________

      _____________________________________________________________________

      (шолу анықтаманы толтырған лауазымды адамның лауазымы атағы,

      Т.А.Ә. (болған кезде)

Шолу анықтамасының артқы жағы

Р/с

Күні

Жүргізілген профилактикалық әңгімелесулер туралы белгі және мазмұны, сондай-ақ өзге де қабылданған жеке профилактика шаралары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады