Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 қыркүйекте № 17352 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 23 қазанда жарияланған) бұйрығына:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қондырғы паспортының нысанында:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына түсетін қондырғылар операторлары.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қондырғы операторы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі – ТАӘ) _____________________________________";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін алуды негіздейтін есептеулер*.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Расталды __________________________________________________;

      1) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның толық атауы, БСН;

      2) аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі және мерзімі;

      3) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның заңды мекенжайы;

      4) телефон, факс;

      5) электрондық пошта;

      6) верификацияға жауапты адамның ТАӘ;

      7) мынадай көлемдегі: ___________________________________________ тонна көміртегі қос тотығы парниктік газдар шығарындылары;

      _______________________ тонна көміртегінің қос тотығына тең келетін парниктік газдар жалпы шығарындыларын растау*;

      8) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган басшысының (ТАӘ) қолы, мөр.

      Ескертпе: Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады.";

      "Қондырғы паспортының нысанын" толтыру бойынша түсініктемеде:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қондырғы паспорты (бұдан әрі – Паспорт) Кодекстің 17-бабына сәйкес әзірленді.

      2. Паспортты Кодекстің 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына түсетін қондырғылар операторлары, тиісті кезеңге бекітілген парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспары қолданылатын алғашқы жылдың бірінші сәуіріне дейін ұсынады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. 15-бөлімде парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін алуды негіздейтін есептеулер көрсетіледі. Осы тармақты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. 17-бөлімде валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның паспортты растауы көрсетіледі:

      1) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның толық атауы, БСН көрсетіледі;

      2) тармақшада аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі және мерзімі көрсетіледі;

      3) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның заңды мекенжайы көрсетіледі;

      4) тармақшада верификатордың телефон нөмірі және факсы көрсетіледі;

      5) тармақшада верификатордың электрондық поштасы көрсетіледі;

      6) тармақшада верификацияға жауапты адамның ТАӘ көрсетіледі;

      7) тармақшада көміртегі қос тотығының тоннасында парниктік газдар шығарындыларының расталатын көлемі, сондай-ақ көміртегінің қос тотығына тең келетін парниктік газдардың жалпы шығарындыларының көлемі көрсетіледі. Осы тармақты Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағы талаптарына сәйкес келетін әкімшілік субъектілерінің қондырғы операторлары, жаңа қондырғы операторлары толтырады;

      8) тармақшада валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген орган басшысының ТАӘ көрсетіледі, мөр қойылады (болған жағдайда).";

      2) "Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 292 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14012 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 9 тамызда жарияланған) бұйрығына:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды беру, өзгерту және өтеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) базалық шек – белгіленген кезең ішінде шығарылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі;

      2) жаңа қондырғылар – Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағына сәйкес келетін және тиісті кезеңге бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарының (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) қолданылуы кезеңінде пайдаланылуға енгізілген қондырғылар;

      3) қондырғының қуатын ұлғайту – өнімді шығару, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдаудың жылдық көлемін ұлғайту;

      4) қондырғы операторының шотын бұғаттау – Кодекстің 94-2-бабының 3-тармағында көрсетілген талап етілетін құжаттарды бергенге дейін қондырғы операторының шотына салынған көміртегі бірліктерін пайдалануды уақытша тоқтатуы;

      5) парниктік газдар шығарындыларына квота – Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде қондырғы операторы үшін белгіленген реттелетін парниктік газдар шығарындыларының сандық көлемі;

      6) парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті –парниктік газдар шығарындыларының өнім бірлігіне арақатынасының көрсеткіші.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қондырғы операторы осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды бермеген жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды беру мерзімі аяқталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның парниктік газдар шығарындыларын реттеу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын Мемлекеттік тізілім операторына оларды бермегенге дейін қондырғы операторының шотын бұғаттау туралы хабарлайды.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Жаңа қондырғы үшін квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

      Кондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15396 болып тіркелген) Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

      Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

      Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, қондырғы операторы жаңа қондырғы үшін сұратылатын квоталар көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жаңа қондырғылар бойынша Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына жаңа қондырғы операторын, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және қондырғы операторына Мемлекеттік тізілімде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      Мемлекеттік тізілім операторы жаңа қондырғы бойынша квотаны қондырғы операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.

      18. Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде пайдаланылуы Кодекстің 94-2-бабының 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін әкімшілендіру субъектілерінің қондырғысы (бұдан әрі – әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі) үшін квоталар беру Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен жүзеге асырылады. Келесі есептік жылдан бастап әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі Кодекстің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес бекітілген Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің және Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталардың белгіленген мөлшердегі резерві мен көлемін қалыптастыру қағидаларына сәйкес Ұлттық жоспарға енгізілуге жатады.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квоталарды беру парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде жүзеге асырылады.

      Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квоталар көлемін Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлеміне тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициентін көбейту арқылы есептейді.

      Ұлттық жоспардың қолданылуы кезеңінде жоспарланатын өнім өндірісінің көлемі қондырғы операторының өндірістік жоспарларының, техникалық жобаларының деректерімен және өндірістік құжаттамасымен расталады.

      Тізбеде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттері болмаған кезде, әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі сұратылатын квота көлемін Кодекстің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемелерінде көрсетілген формулаларды қолдану арқылы есептейді.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісі пысықталған құжаттарды ұсынғаннан кейін уәкілетті орган құжаттарды осы Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген мерзімде қарайды.

      22. Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Ұлттық жоспардағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бірліктерін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына әкімшілендірудің квоталанатын субъектісін, бөлінген квоталар бірліктерінің көлемін көрсете отырып және әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне Мемлекеттік тізілімінде шот ашу қажеттілігі туралы тиісті хабарламаларды үш жұмыс күні ішінде жібереді.

      Әкімшілендірудің квоталанатын субъектісіне квотаны Мемлекеттік тізілім операторы тиісті шотты ашқан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде аударады.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қондырғы операторы Ұлттық жоспарда квоталар көлемі болмаған немесе жетпеген кезде парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін алу үшін мынадай жағдайларда:

      Ұлттық жоспарды әзірлеу жылынан бастап және оның қолданылу кезеңінде базалық шекті қолдану негізінде квоталанатын қондырғыға парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзі енгізілген;

      Ұлттық жоспардың қолданылу кезеңінде парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерін қолдану негізінде квоталанатын қондырғының қуатын ұлғайтқан жағдайларда уәкілетті органға жүгінеді.

      25. Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларда, қондырғы операторы уәкілетті органға есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 қазанынан кешіктірмей, мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш;

      2) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

      3) валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

      4) көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);

      5) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемін негіздейтін есептеулер (қуаты ұлғайған жағдайда).

      Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемі өткен есептік жылға беріледі.

      Ұлттық жоспардың соңғы қолданылу жылы бойынша парниктік газдар шығарындыларына қосымша көлемге өтініш берген жағдайда, қондырғы операторы осы тармақта көрсетілген құжаттарды уәкілетті органға келесі есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен ерте емес, бірақ 1 маусымнан кешіктірмей береді.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 және 25-2- тармақтармен толықтырылсын:

      "25-1. Жаңа стационарлық көзді енгізген кезде, қосымша квота көлемі өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепке сәйкес осы көздегі парниктік газдар шығарындыларына тең көлемде беріледі.

      Қондырғының қуаты ұлғайған кезде, қондырғы операторы сұратылатын парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін мына формула бойынша есептейді:

      М = (Х - У)×Z,

      мұндағы:

      М – парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квота көлемі;

      Х – өткен есептік жылдағы парниктік газдарды түгендеу туралы верификацияланған есепте көрстілген расталған өндіріс көлемі;

      У – 2013-2015 жылдардағы өндіріс көлемінің орташа мәні;

      Z – тізбеге сәйкес парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті.

      25-2. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота беруге арналған резервтегі квота бірліктеріне өтініш беру мерзімі тиісті Ұлттық жоспардың соңғы есептік жылы бойынша есептілікті ұсынудың соңғы күні аяқталғаннан кейін тоқсан жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәтінен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде қондырғы операторы ұсынған құжаттарды қарайды.

      Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемін беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган қондырғы операторына және Мемлекеттік тізілім операторына қондырғы операторын және қосымша квоталар көлемін көрсете отырып, үш жұмыс күні ішінде тиісті хабарламалар жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 41-тармақпен толықтырылсын:

      "41. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квота көлемін алған жағдайда, оларды өтеуге беру мақсатында қондырғы операторы бірліктерді мынадай тәртіппен өтейді:

      1) қондырғы операторы оның шотына қосымша квота көлемі аударылғаннан кейін уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш береді;

      2) уәкілетті орган Мемлекеттік тізілім операторына Мемлекеттік тізілімдегі квота көлемін көрсете отырып, қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін беру қажеттілігі туралы хабарлайды;

      3) Мемлекеттік тізілім операторы үш жұмыс күні ішінде қондырғы операторының шотынан квоталарды өтеу шотына квота бірліктерінің қосымша көлемін аударады.";

      осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
М. Досмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 3 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 3 тамыздағы
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Жаңа қондырғы бойынша/әкімшілендіру субъектілерінің қондырғылары үшін парниктік газдар шығарындыларына квоталар беруге өтініш

1. Қондырғы операторының /квоталанатын әкімшілендіру субъектісінің атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарға сәйкес келетін қондырғы жататын экономика секторы


4. Ұлттық жоспардың қолдану кезеңінде квоталар көлемі резервінен парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


Соның ішінде есептік жылда парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемі


5. Ұлттық жоспар қолданылу кезеңі

20__ жылғы " " ___ бастап
20__ жылғы " " _____ дейін

Парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын квоталар көлемінің есептік жылы


6. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (түпнұсқа);
2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (түпнұсқа);
3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтамасы

      Басшы _________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)

      мөр орны (болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 3 тамыздағы
№ 301 бұйрығына
2-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін өзгертуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


4. Қолданыстағы Ұлттық жоспарға сәйкес белгіленген квоталар көлемі:


5. Квоталардың қосымша көлемі:


6. Квоталардың қосымша көлемі есебімен квоталардың жалпы көлемі


7. Квота көлемін өзгертуді сұрау себебі (қажеттісін белгілеу):


7.1.Қондырғы қуатын ұлғайту


7.2. Қондырғымен технологиялық байланысқан парниктік газдар шығарындыларының жаңа стационарлық көзін енгізу


8. Парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар көлемі сұратылатын есептік жыл


9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қондырғының верификацияланған паспорты (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
2) парниктік газдар шығарындыларының валидацияланған мониторинг жоспары (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
3) көздің іске қосылуын растайтын құжат (жаңа стационарлық көзді енгізген жағдайда);
4) парниктік газдар шығарындыларына сұратылатын қосымша квоталар көлемін негіздейтін есептеулер (қуатын ұлғайтқан жағдайда).

Атауы ____________________________
__________________________________
__________________________________

Мекенжайы _______________________
Телефон _________________________
электронды мекенжайы ____________

Орындаушы __________________________________

(ТАӘ (бар болған кезде), қолы)_______
Телефон _________________________

Басшы ____________________________
Бас бухгалтер ____________________

(ТАӘ (бар болған кезде), қолы)_______
(ТАӘ (бар болған кезде), қолы)_______

      Басшы ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)

      мөр орны (болған кезде).

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушының
2018 жылғы 3 тамыздағы
№ 301 бұйрығына
3-қосымша
  Парниктік газдар
шығарындыларына квоталарды
беру, өзгерту және өтеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Парниктік газдар шығарындыларына квоталарды өтеуге өтініш

1. Қондырғы операторының атауы


2. Жалпы мәліметтер:
2.1. Заңды мекенжайы
2.2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)
2.3. Байланыс телефондары, факс, электронды пошта


3. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша (код және атауы) парниктік газдар шығарындыларын квоталау талаптарына сәйкес келетін қондырғы жататын экономикалық қызмет түрі


4. Парниктік газдар шығарындыларына өтелетін квотаның жалпы көлемі

_________ тонна

4.1. Өтеу үшін сатып алынған квота бірліктері

__________ тонна

4.2. Шығарындыларды ішкі азайту бірліктері

__________ тонна

4.3. Квота бірліктерінің қосымша көлемі

__________ тонна

5. Есептік жыл

20__ жыл

      Басшы ________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), лауазымы, қолы)

      мөр орны (болған кезде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады