"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
2018 жылғы "__"______________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2018 жылғы "__"______________
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығымен бекітілген |
"Aстана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 24-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі – Технопарк) қызметінің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Технопарк өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидаларды, сондай-ақ Технопарк жарғысын және өзге де ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
3. Технопарк функцияларына:
1) Технопарк қатысушыларына акселерациялау, технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету;
2) Технопарк қатысушылары үшін маркетингтік және өзге де іс-шаралар өткізу бойынша қызметтер көрсету;
3) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін консультациялық, ақпараттық, талдамалық, білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсету;
4) Технопарк қатысушыларының дамуын ынталандыру үшін ақпараттық, білім беру және қаржылық ресурстарды тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен, шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жасау, халықаралық тәжірибені зерделеу және білім алмасу;
5) Технопарк қатысушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
6) Технопарк бағдарламалары бойынша оқытудан өту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың визалар алуына шақыртулар, өтінішхаттар жіберу;
7) Технопаркке қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту;
8) Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растаушы құжаттар беру;
9) Технопаркте акселерациядан өтетін тұлғаларға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау;
10) Технопарк қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында корпоративтік секторда инновацияларды дамытуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жәрдем көрсету;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру.
12) Технопарк қатысушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын қаржыландыру;
13) инвестициялық қорларды құру немесе инвестициялық қорларға қатысу үлесін қабылдау.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 11) тармақшаларында көзделген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі – АКТ) саласында білікті кадрларды даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер көрсетуді Технопарк осы Қағидалардың 10-параграфына және Технопарктің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тарау 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2021 № 277/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.4. АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу келесі:
1) отандық және шетелдік инвесторларды тарту;
2) АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) айрықша (мүліктік) құқықтарды тапсыру немесе ұсыну жөніндегі шарт бойынша АКТ саласындағы отандық әзірлемелерді коммерциялық өткізу және (немесе) тапсыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
4) Технопарк қызметінің маркетингін ілгерілету мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты байланыс орнату және қолдап отыру;
5) Технопарктің қызметі үшін қажетті шетелдік заңды және жеке тұлғалармен шарттық қатынастар орнату;
6) АКТ саласындағы отандық іс-шараларды және жобалар (көрмелер, форумдар мен конференциялар) өткізуге жәрдемдесу және шетелдік іс-шараларға, оның ішінде қаржы ресурстарын бөлу арқылы қатысу тәсілдерімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Технопарктің функцияларын орындау Технопарк әзірлеген бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
6. Бағдарламалар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды келесі бағыттар:
1) кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау курстары, семинарлар мен тренингтер түрінде оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу мақсатында жоғары, кәсіптік және техникалық білім беру бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдармен білім беру консорциумдарын құру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Технопарк қызметіне байланысты облыстарда, оның ішінде әріптестік бағдарламалар мен жобаларды құру және іске асыру, ұйым қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, оларды бейімдеудің жаңа әдістерін игеру және ұйымның қызметі шеңберінде қолдану мақсатында жұмыс істейтін мемлекеттік, қоғамдық және өзге де ұйымдармен қарым-қатынас орнату және қолдап отыру;
3) даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру, оның ішінде семинарлар, тренингтер және басқару мен өндірістік-техникалық пәндердің кең ауқымы бойынша өзге команда қалыптастырушы корпоративтік іс-шаралар түрінде оқыту іс-шаралары мен курстарын ұйымдастыру және өткізу;
4) әдістемелік материалдарды, оқу құралдарын, оның ішінде электрондық түрде, қашықтықтан оқыту курстарын, модульдік және мультимедиялық бағдарламалар әзірлеу;
5) көрмелер, форумдар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, олимпиадалар және заңмен тыйым салынбаған басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
6) Технопарктің қызметіне байланысты мәселелер бойынша басқа ұйымдар, мемлекеттік органдар, қоғамдық шетелдік қорлар ұйымдастыратын іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
7) инновациялық білім беру және ғылыми бағдарламалар мен технологияларды енгізу және іске асыру;
8) жаңа технологиялардың эксперименттік және тәжірибелік үлгілерін жасау және оларды сынақтан өткізу;
9) инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу;
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы технологиялық бизнес-инкубациялау;
11) акселерация;
12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды тарту;
13) зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қолдау бойынша дамытуды ынталандыру мақсатында әзірленеді.
2-тарау. Технопарктің қызмет ету тәртібі
1-параграф. Технопарк қатысушыларына талаптар
7. Технопарк қатысушысы ретінде тіркелу үшін өтініш беруші мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:
заңды тұлға болу;
Технопаркке қатысуға өтініш берген сәтте өкілдіктерден басқа филиалдарының болмауы;
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық басым жобаны, сондай-ақ 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдарға жатпау;
акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға немесе олардың еншілес ұйымдарына тиесілі заңды тұлға болмау;
жер қойнауын пайдаланушы немесе арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болмау;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 461-бабына сәйкес кіші акцизделетін тауарлардың төлеушісі болмау;
АКТ саласындағы қызметтің бір және (немесе) бірнеше басым түрлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18523 болып тіркелген) бекітілген АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне (бұдан әрі – АКТ саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесі) сәйкес бір басым қызмет түрі шеңберінде онда көзделген бір және (немесе) бірнеше жұмыстарды жүзеге асыру.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-параграф. Технопарк қатысушыларын тіркеу және тиісті растайтын құжаттар беру тәртібі
8. Технопарктің қатысушысы ретінде тіркеу үшін өтінішті ұсыну, оны одан әрі Технопарктің қарауы, өтініштің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама Технопарктің интернет-ресурсы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беруші Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелу үшін осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, технопаркке қатысуға арналған электрондық өтінішті (бұдан әрі – қатысуға өтініш) Технопарктің интернет-ресурсында толтырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Қатысуға өтінішке қоса мынадай құжаттар тіркеледі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген қажетті мәліметтерді қамтитын жобаның (жобалардың) бизнес-жоспары;
2) салық органдарында есепке алынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты еселенген мөлшерiнен аспайтын борыштардың болмауы (болуы) туралы Технопаркке қатысуға өтініш берiлген күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей берiлген мәлiметтер;
3) өтініш беруші қызметін жүзеге асыруды жоспарлап отырған жерді растайтын құжат (жалға алу, мүлікті өтеусіз пайдалану, мүлікті сенімгерлік басқару шарттарының көшірмелері, заңды тұлғаның орналасқан жері үшін үй-жай беру туралы жеке тұлғаның нотариат куәландырған келісімі). Мекенжайы өзгерген кезде өтініш беруші жедел түрде ол туралы Технопаркті хабардар етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. АКТ саласындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесі шеңберінде Технопаркке қатысушы жүзеге асыратын Қызмет түрі өзгерген және (немесе) толықтырылған жағдайда, Технопарктің интернет-ресурсында толтырылатын бизнес-жоспарды қоса бере отырып, технопаркке қатысушы қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы электрондық нысандағы өтінішті жібереді. Қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы шешімді технопарктен қызмет түрін өзгерту және (немесе) толықтыру туралы өтініш түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде Технопаркке қатысушыларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2021 № 277/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Қатысу туралы өтініш және оған қоса берілген құжаттар қазақ немесе орыс не ағылшын тілдерінде жіберіледі. Құжаттарды ағылшын тілінде берген кезде Технопарк олардың қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын қамтамасыз етеді.
11. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толықтығы мен сенімділігін, өтінімде қамтылған бастапқы деректерді, есептеулерді, негіздемелерді қамтамасыз етеді.
12. Технопарк қатысуға өтініш, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Технопаркке қатысуға арналған өтініш пен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттар толық және дұрыс, сондай-ақ осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда Технопарк осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды Комиссияның қарауына жібереді. Комиссияның Ережесі мен құрамын Технопарк айқындайды."
Комиссия мемлекеттік органдардың өкілдерінен және (немесе IT-технологиялар саласындағы) тиісті біліктілігі бар және (немесе) мамандардан тұрады, сондай-ақ Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Қатысуға арналған өтініште, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарда қамтылған мәліметтер толық емес және (немесе) шынайы емес және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда, Технопарк қатысуға өтініш жіберілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ескертулерді көрсете отырып, өтініш берушіге хабарлама жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Технопарк ескертулерді жойған сәттен бастап қатысуға арналған өтінішті Комиссияға қарауға жібереді.
Комиссия он жұмыс күні ішінде қарайды және өтініш берушіні қатысушы ретінде тіркеу туралы немесе мұндай тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Комиссия өтініш берушіні қатысушы ретінде тіркеуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
бизнес-жоспардың осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген мәліметтерге сәйкес келмеуі;
өтініш берушінің жобасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің бір немесе бірнеше бағытына, сондай-ақ қызметтің бір басым түрі шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес онда көзделген бір және (немесе) бірнеше жұмысты жүзеге асыруға сәйкес келмеуі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2021 № 277/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Технопарк Комиссия осындай шешімді қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Технопарктің қатысушысы ретінде тіркелгені немесе мұндай тіркеуден дәлелді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
Өтінішті қабылдамау өтінішті қабылдамауға негіз болған себептер жойылған кезде өтініш берушінің қайта өтініш беруіне кедергі келтірмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Технопарк қатысушысы қызметінің шарттары туралы шартқа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қатысушыға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Технопаркке қатысушыны тіркеу туралы куәлік беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Технопарк қатысушысының қызмет шарттары туралы шарт жасалған Технопарк қатысушысы туралы мәліметтер үш жұмыс күні ішінде Технопарктің интернет-ресурсында орналасқан Технопарк қатысушыларының тізбесіне енгізіледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-параграф. Технопаркке қатысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мен резиденттерін тарту тәртібі
22. Резиденттерді тарту шектеусіз жүзеге асырылады.
23. Бейрезиденттер тартылған жағдайда қатысушы тоқсан сайынғы есептерді ұсынған кезде тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мынадай мәліметтерді көрсетеді:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;
туған күні;
азаматтық (тұрақты тұратын ел);
паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы;
Қазақстан Республикасының аумағында болжалды болу мерзімі (айы, жылы);
біліктілігі туралы мәліметтер;
визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса);
Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты;
бейрезиденттердің отбасы мүшелері туралы мәліметтер.
Бұл ретте, отбасы мүшелері туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;
туған күні;
Технопарк тартқан, олар отбасы мүшелері болып табылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), соның ішінде латын әріптерімен;
туыстық дәрежесі және туыстығын растайтын құжаттар туралы (неке туралы, туу туралы куәлігі немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге құжаттар);
паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы;
визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса);
Қазақстан Республикасының аумағында болу мақсаты.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.01.2023 № 29/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Технопарктің олардың қызметтерін ұйымдастыру бойынша қатысушылармен өзара іс-қимылы
25. Технопарк қатысушыға осы Қағидаларға сәйкес АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Технопарк орын-жайлар бар болса қатысушыға жобаны іске асыру үшін қажетті әкімшілік, өндірістік, қосалқы мақсаттағы орын-жайларды уақытша пайдалануға береді.
Үйжайларды беру шарттары Технопарк қатысушысымен жасасқан шартпен айқындалады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Технопарктің сұранысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қатысушы мемлекеттік статистикалық есептіліктің көшірмесін, өзі төлеуші болып табылатын салықтар, алымдар (баж) бойынша салық декларацияларын (есептеулер), сондай-ақ жылдық бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің шынайылығы туралы аудиторлық қорытындыны береді.
28. Қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеген және жойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Технопаркке растайтын құжаттарының көшірмелерін ұсына отырып, тиісті оқиға туралы хабардар етеді.
29. Қатысушы Технопаркке салықтық есепке алу мақсатында қажетті мәліметтерді береді. Қажет болған жағдайда қатысушы Технопарктің сұрау салуы бойынша бухгалтерлік (қаржылық) есептілік туралы мәліметтерді береді.
30. Қатысушы немесе Технопарк тиісті қатысушының қызметіне байланысты ұсынған техникалық, экономикалық және коммерциялық сипаттағы ақпарат құпия болып табылады және қатысушының немесе Технопарктің алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
5-параграф. Қатысушылардың Технопаркке алымдар мен төлемдер енгізу тәртібі
31. Қатысушы Технопаркке қызметін жүзеге асыру кезінде алдыңғы тоқсан үшін алынған табысынан алымдар мен төлемдерді өткен тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктермей енгізеді.
32. Қатысушылардың алымдары мен төлемдері Технопарктің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотына жіберіледі.
33. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.34. Алымдар мен төлемдердің мөлшері мен түрлері Технопарк қатысушысымен жасалған шартпен айқындалады.
6-параграф. Технопаркке қатысу мерзімі және аяқталуы
35. Технопаркке қатысу мерзімін Технопарк айқындайды және бір жылдан кем болмауы керек.
36. Технопаркке қатысу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш Технопаркке қатысу мерзiмi аяқталғанға дейiн он жұмыс күнінен кешiктiрiлмей берiледi.
Технопаркке қатысу мерзімін ұзартуға өтініш беру мерзімі сақталмаған кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес тіркеуден өтеді.
Технопарк осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Технопаркке қатысу мерзімін ұзарту туралы куәлік береді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Технопаркке қатысу жоспарлы немесе мерзімінен бұрын аяқталады.
38. Технопаркке жоспарлы түрде қатысудың аяқталуы деп Технопаркке қатысу мерзімінің аяқталуы түсінділеді.
39. Технопаркке қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату мынадай:
1) Технопарк осы тараудың 9-параграфына сәйкес жүргізілетін мониторинг нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орынсыздығы туралы анықтаған;
2) жоспарланған нәтижелерге қол жеткізген;
3) қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тартқан;
4) заңды тұлға-қатысушыны тарату;
5) қатысушының орналасқан жерінің өзгеруі, қызмет түрінің өзгеруі және (немесе) толықтырылуы туралы хабарламауы, сондай-ақ қатысушының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда;
6) осы Қағидалардың 64 және 66 тармақтарында көзделген мәліметтер мен есептерді ұсынбаған;
7) осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес алымдар мен төлемдерді төлемеген;
8) Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын қызмет шарттары туралы шартта көзделген міндеттемелерді қатысушы орындамаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. Қатысушы Технопарк бағдарламалары шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін он жұмыс күні бұрын бұл туралы Технопаркке хабарлайды.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.01.2023 № 29/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.41. Технопарк осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген жағдайда қатысушының Технопаркке қатысуы мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы мәселені Комиссияның қарауына шығарады.
Комиссия осы Қағидалардың 39-тармағы 1), 2), 8) тармақшаларында көзделген негіздемелер болған жағдайда Технопаркке қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылуы туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7-параграф. Технопарктің қызметтер көрсету тәртібі және олардың құнын анықтау
42. Технопарк Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін тарту бойынша функциялар шеңберінде Технопарк актілеріне сәйкес Технопарктің қатысушыларына, Технопарктің қатысушылары болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Қызмет алушы) Технопарк бағдарламаларында көзделген қызметтерді көрсетеді.
43. Акселерация АКТ саласындағы өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды дамыту бағдарламасын көздейді, онда бағдарлама қатысушыларына білім беру курстарына, трекерлерден (тәлімгерлерден) сабақ алуға, сарапшылардан кеңестер алуға мүмкіндік беріледі.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.44. Технологиялық бизнес-инкубациялау Технопарк қатысушыларының АКТ саласындағы өнеркәсіптік - инновациялық жобаларды олардың жұмыс істеуінің бастапқы кезеңінде қолдау бағдарламасын көздейді, оған үй-жайларды, жабдықтарды (Технопаркте осындай орындар болған жағдайда) ұсыну, бухгалтерлік және заң мәселелері бойынша консультациялар беру, сондай-ақ инвестициялар және өзге де ақпараттық қызметтер тартуда қолдау көрсету жатады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Технопарк өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға және оны нарыққа жылжытуға байланысты маркетингтік және өзге де іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша консультациялар береді.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.46. Технопарк білім беру іс-шараларын өткізу бойынша қызметтер шеңберінде отандық және шетелдік тренерлерді, оқытушыларды, сарапшыларды тартады.
47. Қызмет алушы қызметтерді алу үшін Технопарктің интернет-ресурсында толтырылатын қызметтерді алуға электрондық өтінішті (бұдан әрі – өтініш) өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін жібереді.
48. Қызметтерді алуға арналған электрондық өтінішке мынадай мәліметтер қоса беріледі:
1) жобаның атауы, жобаның бағыты, жобадан күтілетін нәтижелер бар жобаның қысқаша сипаттамасы;
2) өтініш берушінің байланыс деректері:
телефон нөмірі;
электрондық мекенжайы;
қала және елі;
3) жобаның (өнімнің) дайындық сатысы, қолданылатын технологиялар, өнім шешетін проблема, жобаның бизнес-моделі, жобаның қолданыс мерзімі (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);
4) жобаға қатысушылардың саны, команданың жобаға тартылуы (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша);
5) жоба таныстырылымына сілтеме (қажет болған жағдайда тиісті қызмет бойынша).
Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.49. Өтініштер және оған қоса берілетін мәліметтер қазақ немесе орыс, не ағылшын тілдерінде беріледі. Құжаттар ағылшын тілінде ұсынылған кезде Технопарк олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасын қамтамасыз етеді.
50. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, өтініште қамтылған бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толық және дұрыс болуын қамтамасыз етеді.
51. Технопарк өтініштің осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкестігі тұрғысында қарайды және қызметтерді көрсетуге шарт жасасу немесе мұндай шарт жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер қабылдау рәсімі Технопарктің актілерімен реттеледі.
52. Өтінішке қоса берілетін құжаттар осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес келмеген жағдайда, Технопарк өтініш берушіге ескертулерді көрсете отырып, хабарлама жібереді.
53. Алып тасталды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.01.2023 № 29/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.54. Өтінішке қоса берілген құжаттардың осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес келмеуі, ескертулердің жойылмауы, өтініш берушінің шарт жасасу талаптарына сәйкес келмеуі шарт жасасудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.01.2023 № 29/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.55. Шарт жасасудан бас тарту шарт жасасудан бас тарту үшін негіз болған себептерді жойған жағдайда, өтініш берушінің қайтадан өтініш беруіне кедергі келтірмейді.
56. Шарт жасасу талаптары өтінішдерді қабылдау басталған күнге дейін бір айдан кешіктірілмей Технопарктің интернет-ресурсында жарияланады.
Көрсетілетін қызметті алушымен жасалатын шарт жобасында Технопарктің қызметтерді көрсету талаптары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының Технопарктің көрсетілген қызметінің төлем тәртібі мен мөлшері қамтылады.
Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.57. Технопарктің көрсетілетін қызметінің құны Технопарк әзірлейтін және бекітетін Технопарктің ішкі құжаттарында айқындалады.
Технопарк көрсететін қызметтердің ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтерінің құны коммерциялық бағалық ұсыныстар негізінде үшінші тарапты тартуы мүмкін.
8-параграф. Технопаркте акселерациядан өтетін адамдарға тұрғын үй беру және олардың тұруына жағдай жасау тәртібі
58. Технопарк тиісті акселерациялық бағдарламаны іске асыру үшін айқындалған елді мекенде тұрғын үйі жоқ Технопаркте акселерациядан өтіп жатқан тұлғаларға (бұдан әрі – тұлғалар) бар болған жағдайда тұрғын үй береді немесе тұруға жағдай жасайды.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.01.2023 № 29/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Тұлғалар Технопаркпен жасалған шарт негізінде берілген тұрғын үйге орналастырылады және Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйдің және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Акселерациядан өтуден шығарылған тұлғалар тұрғын үйді босатады және екі жұмыс күні ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша Технопаркке тапсырады.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Технопарк босатылған тұрғын үй бар болған жағдайда, оны осы Қағидалардың 58-тармағында көрсетілген басқа адамдарға береді.
9-параграф. Қатысушылар жобалары қызметінің мониторингі және іске асыру
62. Қатысушы Технопаркке осы Қағидаларға сәйкес есептілікті ұсынады.
63. Технопарктің бағдарламалары шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингінің мақсаты қатысушы жобасының нақты іске асырылу барысын көрсету болып табылады.
64. Жобаларды іске асыру мониторингі Технопарктің қатысушылары ұсынатын құрамында мынадай есептер:
1) қол жеткізілген нәтижелердің талдауы бар жоба қызметінің және оның іске асырылу барысы туралы тоқсан сайынғы есеп.
2) мониторинг шеңберінде Технопарк сұрататын қосымша ақпаратты қамтиды.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.64-1. Қатысушы Технопаркке осындай сұратуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қызметтің мониторингі және олардың жобасын іске асыру шеңберінде алынған сұратуға сәйкес қажетті құжаттарды ұсынады.
Ескерту. Қағида 64-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.65. Есептің нысаны мен мазмұны Технопарк пен қатысушы арасында жасалатын шартта айқындалады.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Қатысушы технопаркке өзі жүзеге асыратын қызмет туралы тоқсан сайынғы есепті есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Ескерту. 66-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2021 № 277/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.67. Алып тасталды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
68. Тоқсандық есептерді жасау үшін күнтізбелік тоқсан тиісінше есепті кезең болып табылады.
Ескерту. 68-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.69. Қатысушылардың қызметін мониторингілеу және бағалау нәтижелері бойынша Технопарк Технопаркке қатысу шеңберінде жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы не жобаны іске асырудың орынсыздығы туралы қорытынды береді.
Мониторинг кезеңі аяқталғаннан кейін Технопарк қатысушыға мониторинг нәтижелері туралы хабарлама жібереді және қажет болған жағдайда Қатысушы хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде анықталған ескертулерді түзетеді.
Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.70. Технопарк уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейін бір ай ішінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша қатысушылардың жобаларын іске асырудың орындылығы туралы талдамалық ақпарат дайындайды.
Ескерту. 70-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-параграф. АКТ саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу тәртібі.
Ескерту. 2-тарау 10-параграфпен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 23.08.2022 № 292/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
71. Технопарк осы Қағидалардың 3-тармағының 3) және 11) тармақшаларына сәйкес АКТ саласында білікті кадрлар даярлауды ұйымдастыру үшін білім беру іс-шараларын өткізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады.
72. Технопарк өтініш берушілерден АКТ саласындағы жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініштерді бұқаралық ақпарат құралдарында және Технопарктің интернет-ресурсы арқылы қабылдаудың басталғаны және аяқталғаны туралы хабарлайды.
73. Өтініш беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып, АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу үшін Технопарктің интернет-ресурсында электрондық нысанда өтініш жібереді:
1) Өтініш берушінің бірінші басшысы бекіткен курстар силлабустары (курстардың атауы және олардың толық сипаттамасы: апталар мен академиялық сағаттар бойынша оқу жоспары, ұзақтығы, студенттерді іріктеу өлшемшарттары және курс құны);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген франшиза құруды, франчайзер мен франчайзи арасында франшиза сатуды растайтын құжат (бар болса);
3) шетелдік оқыту әдіснамасын пайдалану құқығын растайтын құжат (бар болса);
4) құқық иеленушінің курсқа айрықша құқықтарын өтінім берушіге беруі туралы құжат (бар болса);
5) АКТ саласындағы компанияларда түлектердің тағылымдамадан өту, жұмысқа орналасуын растайтын құжат (бар болса);
6) Қазақстан Республикасының аумағында сабақ өткізуге жарамды үй-жайға иелік ету, пайдалану, билік ету құқығын растайтын құжат (бар болса).
74. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініш және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік немесе орыс не ағылшын тілдерінде жіберіледі. Құжаттарды ағылшын тілінде ұсынған кезде Технопарк қажет болған жағдайда олардың мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасын қамтамасыз етеді.
75. Өтінім беруші АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште қамтылған ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ете.
76. Технопарк АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініш жіберген күннен бастап он жұмыс күні ішінде оның мәліметтердің толықтығын қарайды.
Технопарк өтінім берушіге:
1) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде салық берешегі және кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болған;
2) дәйексіз ақпарат ұсыну фактісі анықталған;
3) өтініш берушінің банкроттық немесе тарату рәсіміне жататындығы фактісі анықталған;
4) сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімдерінде есепке алу фактісі анықталған;
5) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде есепке алу фактісі анықталған;
6) АКТ саласындағы курстардың ұзақтығы алты айдан кем болған;
7) АКТ саласындағы курстар бойынша егжей-тегжейлі оқу жоспары болмаған;
8) Технопарктің қатысушысы туралы ақпараты бар интернет-ресурсы болмаған кезде бас тартады.
77. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште қамтылған толық мәліметтерді ұсынған кезде Технопарк оны кандидаттарды іріктеу жөніндегі Технопарк айқындайтын Тәуелсіз комиссияның (бұдан әрі – Тәуелсіз комиссия) қарауына жібереді. Тәуелсіз комиссия Технопарктің, мемлекеттік органдардың өкілдерінен және (немесе) тиісті біліктілігі бар IT-технологиялар және білім беру саласындағы мамандардан тұрады, сондай-ақ Комиссияның құрамына халықаралық сарапшылар тартылады.
78. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға арналған өтініште қамтылған мәліметтерді толық ұсынбаған кезде Технопарк АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға арналған өтінішті жіберген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
79. Ескертулерді жоюды өтініш беруші оларды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады.
80. Технопарк ескертулерді жойған сәттен бастап АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу өтінішті Тәуелсіз комиссияның қарауына жібереді.
Тәуелсіз комиссия өтініш берушілердің таныстырылымдарын тыңдайды және жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға рұқсат беру және квоталар саны туралы немесе қатысудан бас тарту туралы дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.
81. Технопарк тәуелсіз комиссияның одан әрі қарауы үшін АКТ саласында жеке тұлғаларды оқыту үшін Технопарк қатысушыларына квоталар санын айқындаудың есептік тетігін айқындайды және пайдаланады.
82. Технопарк өтініш берушіге жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға рұқсат беру туралы тәуелсіз комиссияның шешімін немесе осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініште көрсетілген байланыстар бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
83. АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтінішті қарау қорытындысы бойынша Тәуелсіз комиссияның оң шешімі болған кезде Технопарк он жұмыс күні ішінде өтініш берушімен Технопарк айқындайтын АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу туралы шарт жасасады.
84. АКТ саласында оқыту алуға үміткер жеке тұлғалардың тізбесін өтініш беруші дербес айқындайды. Өтініш беруші жеке тұлғаларды оқытуды қамтамасыз етеді.
85. Технопарктің қатысушылары болып табылатын технологиялық компаниялардан АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысуға өтініштерді қабылдау тәртібі және АКТ саласында жеке тұлғаларды оқытуға қатысу үшін оларды іріктеу өлшемдері Технопарктің ішкі құжаттарымен айқындалады.
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 1-қосымша |
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінде қатысушыны тіркеу туралы КУӘЛІК
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________ берілді
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________
мекенжайы
____________________________________________________________
қызмет түрі
Берілген күні: _____________
Қолданылу кезеңі: _________
Тіркеу нөмірі: _________
Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 2-қосымша |
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне қатысу мерзімін ұзарту туралы КУӘЛІК
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________берілді
атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________
мекенжайы
____________________________________________________________
қызмет түрі
Берілген күні: _____________
Қолданылу кезеңі: _________
Тіркеу нөмірі: _________
Мөр орны / Электрондық цифрлық қолтаңба
"Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларына 3-қосымша |
Жобаның бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер
Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2021 № 277/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 04.08.2023 № 317/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Р/с | Жобаның (жобалардың) бизнес-жоспарында сипаттауға қажетті мәліметтер тізбесі |
1. | Сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттері бар жобаның (жобалардың) атауы |
2. | Жобаны (жобаларды) іске асырудың орны |
3. |
Ақпараттандыру объектісіне меншік құқығының туындау негізі. |
4. | Команда туралы мәліметтер. Жобаны нақты жүзеге асыру үшін қажетті біліктілігі және (немесе) еңбек өтілі және (немесе) тәжірибесі көрсетілген қызметкерлердің штат саны, соның ішінде жобаны іске асыру үшін резидент пен бейрезиденттерді тарту жоспарланып отырғаны туралы. |
5. | Жобаның (жобалардың) дайындық сатысы |
6. | Жоба (жобалардың) тиімділігінің түйінді көрсеткіштері (KPI) |
7. | Жобаның техникалық сипаттамасы (сәулет, құрылымы, қолданылатын шешімдер) |
8. | Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыруға жоспарланған шығыстардың сметасы. |
9. |
Жоба (жобалар) шеңберінде ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, мүліктік құқықтардың түрлері. |
10. | Клиенттер/әлеуетті клиенттер |
11. | Технопаркке қатысу кезеңіне жобаны (жобаларды) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспары (жобаны іске асыру және дамыту үшін қажетті нақты іс-шараларды (қадамдарды) сипаттау). |
12. | Жобаның (жобалардың) қоғамдық маңызы |
* Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметтің бірнеше басым түрлерін жүзеге асыру жоспарлағанда өтініш беруші бизнес-жоспарда әрбір қызмет түрі шеңберіндегі барлық жобаларды көрсетеді.