"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қазанда № 17488 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С. А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 478 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есеп алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім берудің барлық деңгейлері) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      3) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) бір академиялық кредит құнының нормативі – білім беру деңгейіне (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағытына байланысты оқудың толық мерзімі үшін бір білім алушыға шаққандағы жан басына қаржыландыру нормативінің тиісті білім беру бағдарламасының компоненттерін бөлу нормасына ара салмағы;

      5) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі - білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      6) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      7) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

      3. Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мынадай жалпы көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілетін базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі – МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) МДТО-ның жан басына қаржыландыру көлемі (V):

      V = ∑(Nz * Контz),

      мұндағы:

      Контz – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);

      z – міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған топтар, санаторлық топтар) бойынша индекс;

      Бір МДТО ұйымында мектепке дейінгі топтардың бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі міндеттегі топ пен білім беру бағдарламаларының түрі бойынша бір тәрбиеленушіге есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      1) Nz – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      2) Еz – міндеттегі топтар бойынша бір айда бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T + X,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық персоналдың бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры;

      X – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды;

      3) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = (W + ((ЛА +БЛА * f )*(е + r)))* sno * mp * mv;

      Т өтем. = (((ЛА + БЛА * f) *ks + Эөтем ) * mv)/12;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық персоналдың өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры;

      Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі;

      W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры;

      е – "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,025;

      r – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,028.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда е қолданылмайды.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда r қолданылмайды.

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,015;

      2019 жылға – 1,015;

      2020 жылға – 1,07;

      mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

      жарты күн болатын шағын орталықтағы топтар үшін – 0,04;

      болу режимі 9 сағаттық топтар үшін – 0,08;

      болу режимі 10,5 сағаттық топтар үшін – 0,09;

      туберкулезбен уланған балаларға арналған 10,5 сағаттық топтар үшін – 0,15;

      10,5 сағаттық түзету топтары ушін – 0,1875;

      4) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = ((ЛА + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж + uz + ke) + R)* kалм.,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогикалық персоналдың БЛА-ны 3,57 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,643;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық МДТО ұйымдары үшін – 1;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,421;

      uz – дамуында мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс үшін педагогикалық персоналға төленетін қосымша ақы коэффициенті – 0,380;

      ke – Арал өңірінде зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,07.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда ke қолданылмайды;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер болмаған жағдайда R 0-ге тең;

      Kалм. – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,357;

      Эөтем – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем = ЛА +БЛА * f,

      L – өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін МДТО-ның білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы:

      жарты күндік шағын орталықтағы топтарда – 0,5 АЕК;

      мектеп жанындағы шағын орталықтағы топтарда – 5,75 АЕК;

      болу режимі 9 сағаттық және 10,5 сағаттық топтарда –

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы үшін – 6 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Астана қаласы үшін – 6,17 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 6,33 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 6,5 АЕК.

3-тарау. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

1-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      5. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ1) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша аптадағы сағаттар саны:

      29,75 сағат – 1 – 4 сыныптардағы орташа сағат саны;

      45,1 сағат – 5 – 9 сыныптардағы орташа сағат саны;

      56,25 сағат – 10 - 11 сыныптардағы орташа сағат саны;

      32,75 сағат – 1-4 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      40,25 – 5-10 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      43 сағат – 10-12 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      8 сағат – 1-4 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      10 сағат – 5-9 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      12 сағат – 10-11 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15681 болып тіркелген) сәйкес сыныптардың есептелген толықтырылуы:

      қалалық жалпы білім беретін мектептерде – 24 оқушы;

      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде – 20 оқушы;

      арнайы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы;

      3) Заңның 52-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

      орта білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      6. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) VЖҚ – орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      VПФ = ∑ (Nz* Контz).

      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = (Еz + L) * (k1 + k2) + А1 + А2,

      мұндағы:

      z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптарындағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), оның ішінде дамуында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы. Орта білім беру ұйымының жалпы білім беретін сыныптарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар болған жағдайда мұндай оқушылар үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – білім беру ортасы шығыстарының бір жылда бір оқушыға шаққандағы нормасы;

      k1 – нақты орташа жылдық контингенті бар мектептер үшін түзету коэффициенті:

      500 оқушыға дейін – 0,85;

      501-ден 800 оқушыға дейін - 0,75;

      801-ден 1000 оқушыға дейін - 0,65;

      1001-ден 1200 оқушыға дейін - 0,6;

      1201-ден 1400 оқушыға дейін - 0,58;

      1401-ден 1600 оқушыға дейін - 0,56;

      1601-ден 2000 оқушыға дейін - 0,54;

      2001-ден 2500 оқушыға дейін - 0,50;

      2501-ден 3000 оқушыға дейін - 0,45;

      3001-ден 4000 оқушыға дейін - 0,40;

      4001-ден бастап одан көп оқушы – 0,38;

      k2 – нақты орташа жылдық контингенті жобалық қуаттылығынан асатын мектептер үшін түзету коэффициенті:

      150 %-ға дейін – 0,3;

      151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;

      171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;

      191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;

      211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;

      231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;

      251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;

      271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;

      291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;

      311% және одан көп – 0,21.

      Жеке меншік мектептер үшін k1 және k2 түзету коэффициенттері қолданылмайды.

      А1 – бір оқушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы:

      жылына 6 АЕК – меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған мектептер үшін;

      А2 – жаңадан енгізілетін әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы:

      жылына 96 АЕК – жаңадан енгізілетін жеке меншік орта білім беру ұйымдары үшін. Жаңадан енгізілетін жеке меншік орта білім беру ұйымдары жаңадан салынған (жаңа жеке меншік білім беру ұйымы), жаңадан салынған құрылыстар (жұмыс жасап тұрған жеке меншік білім беру ұйымы). Басқа жағдайлардың барлығында А2 0-ге тең болады.

      Бұл жағдайда А2-нің мөлшерін анықтау үшін "орта білім беру ұйымы" нысаналы мақсатындағы жылжымайтын мүлік объектісін пайдалануға енгізу күніне белгіленген АЕК-тің мөлшері негізге алынады.

      А2 оқушылардың нақты контингенті үшін, бірақ жобалық қуаттылығынан асырмай, осы ұйымда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы тиісті шарт жасалған сәттен бастап 96 (тоқсан алты) ай бойы төленеді. Осы кезең өткеннен кейін А2 0-ге тең болады;

      3) Контz – оқушылардың орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      алдағы жылға жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін жоспарлау кезінде:

      Контz = ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті;

      Алдағы жылға жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін нақтылау кезінде:

      Контz = (Контz1 * 8 + Контz2 * 4) / 12,

      мұндағы:

      Контz1 – ағымдағы жылдың 1 қаңтарына оқушылардың нақты контингенті,

      Контz2 – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне оқушылардың нақты контингенті,

      8, 4, 12 – айлар саны;

      4) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = Tz + X,

      мұндағы:

      Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Х – бір білім алушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайтын, білім алушыларды ғылыми, спорттық, зияткерлік байқаулар мен іс-шараларға дайындаумен және қатыстырумен байланысты шығыстарды, оқу шығыстарын қамтитын білім беру процесімен байланысты шығыстар;

      5) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:

      Тz = Тzнег. + Тz өтем.,

      мұндағы:

      Тzнег. = {12 * W + [(ЛА +БЛА * f) * (e + r)] + St} * sno * mp * mvz;

      Тz өтем. = [(ЛА + БЛА * f) * ks + Эөтем1] * mvz;

      мұндағы:

      Тzнег. – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тz өтем. – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы қоры,

      ЛА – БЛА-ны 4,3 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;

      f – басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,903;

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,30.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынтыландыру құрамдауышы;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,015;

      2019 жылға – 1,015;

      2020 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,07;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті: қала мектептері үшін – 1,0, ауыл мектептері үшін – 1,25;

      Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      6) W – педагогикалық қызметкерлердің айлық еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж1 + uz + h + ke1) + R,

      мұндағы:

      Қеж1 – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,520;

      uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті, мынаны құрайды:

      жалпы білім беретін сыныптарда білім алушылар үшін – 0,224;

      арнайы (түзету) сыныптарында білім алушылар және үйде оқитындар үшін – 0,624;

      h – педагог қызметкерлердің біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2018 жылға – 0,301;

      2019 жылға– 0,215;

      2020 жылға – 0,086;

      2021 және келесі жылдарға – 0;

      ke1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын персоналдың экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,29.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы) мына формула бойынша есептеледі:

      mvz = tz / n / d,

      мұндағы

      tz – ҮОЖ 1 бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz -ны есептеуде d = 1;

      Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛА +БЛА * f,

      мұндағы:

      f - басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,903;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      7) L – білім беру ортасы шығыстарының бір жылда бір білім алушыға шаққандағы нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы орта білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      "мемлекеттік мекеме" ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымы үшін – 6,69 АЕК (коммуналдық шығыстар мен интернетке арналған шығыстарды қоспағанда);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке меншік орта білім беру ұйымдары үшін S көрсеткіші коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдері мен олардың өңірлердегі тарифтеріне байланысты ерекшеленеді:

      Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары үшін – 10,19 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы жәіне Шымкент қалалары үшін – 11,19 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 12,69;

      Ақмола, Жамбыл облыстары – 13,69 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 14,69 АЕК.

      Үйде оқыту жағдайындағы білім беру ортасы шығыстарының нормасын есептеуде S көрсеткіші 0-ге тең болады;

      S көрсеткіші әрбір үш жыл сайын қайта қарауға жатады;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег. + Qөтем.,

      мұндағы:

      Qнег = {12 * F + [(БЛА * (с + q) * (e + r)]} * sno * mp * mvор,

      Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2)* mvор,

      мұндағы:

      Qнег – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры;

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогикалық персоналдың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті, 0,56-ге тең;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті, 0,7-ге тең;

      Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * с,

      мұндағы:

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогикалық персоналдың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті, 0,56-ге тең;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      9) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (с + q + Қеж2 + ke2) + R,

      мұндағы:

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,126;

      ke2 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңның 13-бабына сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,378.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

4-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ және ОБК) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) МЖМБС-ға сәйкес аптадағы сағаттар саны:

      37,61 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ2) сәйкес аптадағы сағат саны:

      10,5 сағат – зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі мен жекелеген пәндер бойынша сабақтарды өткізу жағдайында аптадағы орташа сағат саны;

      8,46 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес топтардың есептелген толықтырылуы:

      оқытудың күндізгі нысанында 25 адам;

      зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі және жекелеген пәндер бойынша сабақтар өткізу жағдайында оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді;

      4) Заңның 52-бабының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге аптасына нормативтік оқу жүктемесі:

      техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшiн 18 сағат.

2-параграф. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      8. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (V):

      V = ∑( Nz * Контz ) * ( 1+kr + I ) + ( Y * Контz ),

      мұндағы:

      Контz – № 108 Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес есептелетін білім беру бейіні бойынша білім алушылардың жалпы орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі;

      kr _– өңірлердегі коммуналдық қызметтерді тұтыну көлемдеріне және олардың тарифтеріне байланысты өзгешеленетін бір жылда бір білім алушыға арналған коммуналдық шығыстарды өтеу үшін түзету коэффициенті:

      Алматы қаласы, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары – 0,05;

      Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары – 0,06;

      Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары – 0,07;

      Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары – 0,08;

      I – интернет қызметіне төлеу коэффициенті – 0,004;

      Y – бір жылда бір білім алушыға 5 АЕК-ті құрайтын оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиет және құралдар.

      Бір ТжКБ және ОБК ұйымында білім беру бейіндерінің бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бейіндері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = Еz + L,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Топтарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) болған жағдайда Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T + Xz,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Хz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесіне байланысты, оның ішінде өндірістік оқыту және кәсіби тәжірибеден өту кезіндегі оқу шығыстары. Xz мәні білім беру бейініне қарай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес осы Әдістемеге қосымша бойынша анықталады және мынаны құрайды:

      А тобы (білім беру: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, бастауыш білім беру, техгология, музыкалық білім беру, өмір қауіпсіздігі және валеология, білім беру ұйымдарындағы зертханашы, негізгі орта білім беру, исламтану; құқық; метрология, стандарттау және сертификаттау; өнер және мәдениет: кітапхана ісі, аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы, әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы) – 6 АЕК,

      Б тобы (қызмет көрсету, экономика және басқару: әлеуметтік жұмыс, телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету, слесарлық іс, бұйымдарды химиялық тазалау және бояу, фото ісі, қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру, аяқ киім ісі, іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану, туризм, аударма ісі, маркетинг, бағалау, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика; ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология;байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар; электрондық техника; білім беру: кәсіптік оқыту) – 8 АЕК;

      В тобы (өнер және мәдениет: дизайн, әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы, хор дирижеры, Музыка теориясы, ән салу, хореография өнері, актерлік өнер, цирк өнері, театр-декорациясы өнері, кескіндеу, мүсіндеу және графика, сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік, қайта қалпына келтіріп жөндеу, зергерлік ісі; қызмет көрсету, экономика және басқару: шаштараз өнері және сәндік косметика, тамақтандыруды ұйымдастыру; білім беру: бейнелеу өнері және сызу; мұнай-газ және химия өндірісі; энергетика, электроэнергетика; өндіріс, монтаж, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша); көлікті пайдалану; геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру; металлургия және машина жасау; құрылыс және коммуналдық шаруашылық; салалар бойынша транспорт: авиациялық техника, транспорттық техника, технологиялық машиналар және жабдықтар, әскери іс және қауіпсіздік) – 19 АЕК;

      Г тобы (салалар бойынша транспорт: теңіз техникасы) – 44 АЕК;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = (12 * W +((ЛА + БЛА * f) * (е+ r ))) * sno * mp * ( mv + mvg + mv i);

      Төтем. = ((ЛА + БЛА * f) * ks + Эөтем1)* mv;

      Тнег. – ТжКБ және ОБК ұйымдарының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және педагогикалық персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры (зертханалық жұмыстарды және практикалық, жеке сабақтарды қоса есептегенде);

      Төтем. – ТжКБ және ОБК қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – ТжКБ және ОБК ұйымдарының педагогикалық және басқарушылық персоналдың айлық еңбекақы төлеу қоры.

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,30;

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін үстемеақы болмаған жағдайда е қолданылмайды;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,33.

      Радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда r қолданылмайды;

      sno –әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2018 жылға – 1,015;

      2019 жылға – 1,015;

      2020 жылға – 1,07;

      mv – топтардың есептелген толықтырылуына байланысты болатын сағат-білім алушы коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvg – сағат-білім алушы коэффициенті (зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізуді есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvi – сағат-білім алушы коэффициенті (нормативтік оқу жүктемесін есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы жеке сағаттар саны);

      Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес педагогикалық қызметкерлерге және білім беру процесіне қатыстырылған басқарушы персоналға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛА + БЛА * f,

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогикалық қызметкерлердің және басқарушылық персоналдың айлық еңбекақы қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж + u+ ke) + R,

      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын негізгі персоналдың БЛА-ны 4,37 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық ТжКБ ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1;

      ауылдық ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1,25;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 0,957;

      Қеж – ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,533;

      u – оқытушыларға және өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы коэффициенті – 0,499;

      ke – Арал өңірінде зардап шеккендерді қорғау туралы заңның 13-бабына сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,46.

      Экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы болмаған жағдайда ke қолданылмайды;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Қосымша ақы алуға құқылы қызметкерлер болмаған жағдайда R= 0;

      6) mv мына формула бойынша есептеледі:

      mv = t / n / d;

      mvg мына формула бойынша есептеледі:

      mvg = tg / n / dg;

      mv i мына формула бойынша есептеледі:

      mvi = t i / n/ d,

      мұндағы:

      t – ТжКБ және ОБК-ның МЖМБС бойынша аптадағы сағат саны;

      tg – ҮОЖ2 бойынша аптадағы зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтардың сағат саны;

      t i - ҮОЖ2 бойынша аптадағы жеке сабақтардың сағат саны;

      i – жеке сабақтар;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – топтардың есептелген толықтырылуы;

      dg – зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізу кезіндегі топтардың толықтырылуы.

      Жеке сабақтардың сағат саны үшін mv i,-ны есептеуде d = 1.

      Оқу жоспарында жеке сабақтар саны болмаған жағдайда mv i = 0;

      7) ТжКБ және ОБК ұйымы қосарлы оқытуға қатысқан жағдайда оқу орны қосарлы оқытуды ұйымдастыру кезінде өндірістегі тәлімгерлердің жалақысын өтейді: кемінде 10 білім алушыға жетекшілік еткен жағдайда айына өндірістік оқыту шеберінің 1 мөлшерлемесі есеппен. Тәлімгер жетекшілік ететін топқа тіркелген адамдар саны 10-ға жетпесе, тәлімгердің еңбекақысы мынадай формула бойынша есептеледі:

      Zn= Сst * Кy /10,

      мұндағы:

      Zn – тәлімгердің жалақысы;

      Сst – өндірістік оқыту шеберінің мөлшерлемесі;

      Кy – тәлімгерге бекітілген білім алушылардың нақты саны.

      Өндірістегі тәлімгердің жалақысын төлеу педагогикалық қызметкерлердің және білім беру процесіне тартылған басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қоры шегінде есептеледі (W).

      Осы тармақшаның талаптары қосарлы оқытуға шығындарды өз бетінше көтеретін кәсіпорындарға қолданылмайды.

      8) L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға 12,6 АЕК-ті құрайтын ТжКБ және ОБК ұйымдарын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы;

      9) Q мынадай формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег. + Qөтем.,

      мұндағы:

      Qнег. = (12 * F + ((БЛА * (h + q))* (е+r)))* sno * mp * mv;

      Qөтем. = (БҚЛ * h + Эөтем2)* mv;

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақы төлемдерісіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * (h + q ),

      10) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (h + q+ ke) + R,

      мұндағы:

      h – білім беру процесіне қатыспайтын персонал жалақысының педагогикалық қызметкерлердің еңбекақысына үлес салмағының коэффициенті 1,139-ға тең;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес персонал жалақысының үлес салмағының коэфициенті 0,712-ге тең.

5-тарау. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

1-параграф. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 болып тіркелген) Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес анықталатын академиялық кредиттер санының көрсеткіші қолданылады:

      1) оқыту бейініне байланысты жоғары білім беру үшін:

      өнер – 39,05;

      жаратылыстану ғылымдары – 37,44.

      техникалық ғылымдар және технологиялар; қызметтер – 36,7;

      білім беру, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар – 36,5;

      2) оқу мерзіміне байланысты жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін: 1 жыл оқу – 28.

2-параграф. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      10. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (V):

      V = (Nz * Контz),

      мұндағы:

      Контz – № 108 Нұсқаулықтың 13-тармағына сәйкес есептелетін білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі.

      Бір жоғары оқу орнында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = (Еz + L) * Y,

      мұндағы:

      Еz – білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      Y – оқу-әдістемелік әдебиетке арналған шығыстарды өтеу нормасы – 1,017;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Еz = T * Xz * Pz,

      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі – ӘБҚ) және профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі – ОПҚ) персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде зертханалық, практикалық, жеке сабақтарды ұйымдастыру үшін арналған оқу шығыстары.

      Xz мәні білім беру бейініне байланысты жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандықтар сыныптамасына сәйкес мына коэффициенттер бойынша анықталады:

      ерекше мәртебесі жоқ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

      X техн. – 2,230;

      Х ауылшар. – 2,230;

      Х өнер – 0,997;

      Х білім – 0,997;

      Х қызм. – 0,997;

      Х жар. – 0,997;

      Х әлеу. – 0,997;

      Х құқық – 0,997;

      Х гуман. – 0,997;

      ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін:

      X техн.– 1,012;

      Х ауылшар. – 1,012;

      Х өнер – 0,997;

      Х білім – 0,997;

      Х қызм. – 0,997;

      Х жар. – 0,997;

      Х әлеу. – 0,997;

      Х құқық – 0,997;

      Х гуман. – 0,997.

      Pz – ерекше мәртебесі жоқ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін "Өнер" және "Білім беру" бейіндері бойынша білім беру процесінің ерекшеліктерін ескере отырып, "Білім беру" бейіні үшін көптілдік оқыту бағдарламаларын енгізумен байланысты оқу шығыстарына үстеме коэффициент:

      Рөнер – 1,120;

      Рбілім беру – 1,420;

      4) Т – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБҚ мен ОПҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Т = Тнег. + Төтем.,

      мұндағы:

      Тнег. = W * 12 * sno * mp * 1,75 * mv1;

      Төтем. = (ЛА + БЛА * f ) * sno * mp * 1,75 * mv1;

      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБҚ мен ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      W – ӘБҚ мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      1,75 – жоғары оқу орнының ерекше мәртебесін ескеретін арттыру коэффициенті, Заңның 1-тарауының 1-бабының 17-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережеге сәйкес профессорлық-оқытушылық құрамның және басшы қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларының белгіленген мөлшерлеріне қолданылады. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі болмаған жағдайда коэффициент қолданылмайды;

      жоғары оқу орындарындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жалпы саны мемлекеттік білім беру тапсырысын анықтау кезінде орташа ара салмақ негізінде есептеледі:

      mv1 – бакалаврда оқытылатын оқытушылар мен студенттердің ара-қатынасы 1:8 (бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа саны), магистратурада оқытылатын оқытушылар мен магистранттардың ара-қатынасы 1:4;

      5) W – ӘБҚ мен ОПҚ-қа айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      W = ( ЛА + БЛА * f ) + БЛА * u,

      мұндағы:

      ЛА – ОПҚ-тың БЛА-ны 4,64 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБҚ жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 2,158;

      fn– ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ӘБҚ жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 3,915;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685. Қосымша ақы болмаған жағдайда u = 0;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналар және жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2019 жылға – 1,015;

      2020 жылға – 1,07;

      6) L – білім беру ортасына шығыстардың нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      L = Q * S,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын оқу-қосалқы персоналдың (бұдан әрі – ОҚП), қызмет көрсетуші және басқадай персоналдың (бұдан әрі – ҚКБП) бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың коэффициенті. Банк, байланыс, интернет және күзет қызметтерін, коммуналдық қызметтерді сатып алумен байланысты шығыстарды, ғимаратты, компьютерлік және кеңсе техникасын ағымдағы жөндеу, ұстау және оған қызмет көрсету бойынша шығыстарды, жабдықтарды, кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмек, жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарларын сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды – 1,49;

      7) Q – білім беру процесіне қатыспайтын ОҚП мен ҚКБП-ның бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі;

      Q = Qоқп + Qқкбп,

      мұндағы:

      Qоқп – ОҚП-ның жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Qоқп = Qоқп нег. + Qоқп. өтем,

      мұндағы:

      Qнег.оқп. – ӘБҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      қп. нег. = Fоқп * 12 * sno * mp * mv2,

      мұндағы:

      mv2 – оқу-қосалқы персонал мен білім алушылардың ара-қатынасы 1:27

      Fоққ – ОҚП-ның еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Fоқп = БЛА * q,

      мұндағы:

      q – ОПҚ жалақысындағы ОҚП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 2,455;

      qn – ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ОПҚ жалақысындағы ОҚП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 2,702;

      8) Qоқп.өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Q оқп өтем. = БЛА * q * sno * mp * mv2;

      9) Qопқ – ОПҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      пқ = Qопқ нег + Qопқ өтем,

      мұндағы:

      Qопқ нег – ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Q опқ. нег= Fопқ * 12 * sno * mp * mv1,

      мұндағы:

      Fопқ – ОПҚ-ның еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:

      Fопқ = БЛА * h,

      мұндағы:

      h – ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 1,392;

      hn – ерекше мәртебесі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 1,592;

      Qопқ өтем – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:

      Qпоқ өтем= БЛА * h * sno * mp * mv1;

      10) Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша анықталады:

      Vk = (Kz * Nz cred),

      мұндағы:

      Kz – білім алушының жеке оқу жоспарына сәйкес берілген кредиттердің нақты саны;

      11) Nz cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі:

      Nz cred = Oz / nz cred,

      мұндағы:

      Oz – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі толық оқу мерзімі үшін бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Oz = Nz *jz ,

      мұндағы:

      jz – кадрларды даярлау бағыттары бойынша толық оқу мерзімі;

      nz cred – кадрларды даярлаудың білім беру деңгейлері мен бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының компоненттерін бөлу нормасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады