"Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 484 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қазанда № 17540 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж.Оспанова):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 484 бұйрығымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) конкурстың ұйымдастырушылары – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар;

      2) "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" гранты (бұдан әрі – Грант) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарына рейтингтік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

      3) рейтингтік көрсеткіштер –техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдары сәйкес болуға тиіс, осы Қағидаларда белгіленетін өлшем шарттар.

      3. "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жыл сайын өткізеді.

      4. Конкурс тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында өткізіледі.

      5. Грант Конкурстың жеңімпазы - техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйымға беріледі.

2. "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беретiн үздiк ұйым" грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу тәртібі

      6. Конкурсқа қатысуға техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) рұқсат беріледі.

      7. Жеңімпаздарды анықтайтын конкурс жыл сайын наурыз айында өткізіледі.

      8. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсатында білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімінің шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) әкімінің білім беру саласына жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен конкурстық комиссия құрылады.

      9. Конкурстық комиссияның құрамына облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) білім беру саласындағы органдардың мамандары, тәжірибелі педагогтер, әдіскерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім саласындағы бақылау департаменттерінің қызметкерлері кіреді.

      10. Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында конкурстың басталуына кемінде 1 ай қалғанда жариялайды және:

      1) Конкурс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және тәртібін;

      2) құжаттар қабылдау орнын және мерзімін қамтуы тиіс.

      11. Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурстық комиссия Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді төмендегідей өлшемшарттар бойынша жүзеге асырады:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі бiлiм беру ұйымдарының қызмет сапасы;

      тәуелсіз аккредиттеуден өтуі;

      соңғы 3 жылдағы қаржы шығындарын көрсетіп, құрылған және қайта жабдықталған зертханалар және шеберханалар саны;

      мамандықтар бойынша цифрлық білім беру ресурстарының, оқу - әдістемелік құралдардың саны;

      оқытудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларын енгізу;

      оқытушыларды біліктілікті арттырумен және тағылымдалармен қамту, оның ішінде шетелде;

      техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлар даярлау мамандықтары бойынша сатып алынған жаңа және/немесе шетел әдебиетінің саны;

      техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім туралы үздік диплом алған түлектердің үлесі;

      веб-сайттың бар болуы, толтырылуы және бірнеше тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде) сайттың қызмет етуі;

      2) кәсіби кадрлар: инженерлік-педагогикалық қызметкерлер (бұдан әрі – ИПҚ);

      модульдік - құзыреттілік тәсіл бойынша біліктілікті арттырудан өткен ИПҚ үлесі;

      ағылшын тілінде арнайы пәндер бойынша сабақ беретін ИПҚ үлесі;

      ИПҚ қатарындағы магистрлердің, PhD докторларының, ғылым кандидаттарының, ғылым докторларының үлесі;

      "Үздік педагог", "Өндірістік оқытудың үздік шебері" кәсіптік шеберлік конкурстарында ИПҚ қатысуы;

      ведомстволық озат белгісімен және мемлекеттік наградалармен марапатталған қызметерлердің үлесі;

      3) бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекеттесу;

      жұмыс берушілермен, бизнеспен әлеуметтік әріптестік және ынтымақтастық деңгейі (қамқоршылық және индустриалды кеңестер);

      зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталықтың деректері негізіндегі оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі;

      оқытудың дуальды технологиясы бойынша білім алып жатқан студенттердің үлесі;

      кәсіптік даярлық деңгейін тәуелсіз бағалаудан және біліктілікті беруден өткен білім алушылардың қатысқандардың жалпы санынан үлесі;

      4) WorldSkills қозғалысына және басқа инновациялық жобаларға қатысу;

      WorldSkills чемпионаттарында қатысқан құзыреттердің саны (өңірлік, ұлттық, халықаралық);

      WorldSkills стандарттары бойынша оқытылған сарапшылардың саны;

      WorldSkills чемпионаттарының (өңірлік, ұлттық, халықаралық) жеңімпаздар саны;

      инновациялық жобалар бойынша жасалған меморандумдар мен келісімдердің саны.

      5) білім алушылардың контингенті;

      кәсіптік шеберлік конкурстарында (WorldSkills жобасынан тыс), ғылыми-практикалық конференцияларда және басқа да халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі іс-шараларда жүлделі орындарды алған студенттердің үлесі;

      мамандықтар бойынша оқуды аяқтағанға дейін білім алушылар контингентінің сақталу көрсеткіштері.

      12. Грант беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың отырыстары егер оған құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.

      13. Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Комиссия мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      14. Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:

      1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;

      2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшем шарттарға сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.

      Өтінімдер нысанын білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

      15. Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар "Гранттар конкурсы" деген белгі қойылған конвертте қабылданады.

      16. Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      17. Конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде Конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.

      18. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау нәтижесінде Конкурс жеңімпазын анықтайды және грант беру туралы шешім қабылдайды.

      19. Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелері қол қояды.

      20. Конкурс жеңімпаздары "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйым" конкурсының лауреаты" атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады.

      Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

      21. Грантты төлеу конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      22. Грант мөлшері республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.

      23. Конкурстық негізде "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін үздік ұйым" грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықтауды жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады