"Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-24 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17693 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-210/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.11.2020 № ҚР ДСМ-210/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 25-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын және Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16685 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 24 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық көрсетілген қызметтердің құнын төлеу қағидаларында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі (бұдан әрі – Жиынтық тізілім) – бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізілімі;"

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді көрсететін денсаулық сақтау субъектілері есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей, бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште екі данада және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған, халыққа дәрілік заттарды (бұдан әрі - ДЗ) және медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі - ММБ) босату жөніндегі рецептілердің тізілімін береді.

      Бірыңғай дистрибьютор қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда рецептілердің тізілімін алған күннен бастап халыққа босатылған ДЗ және ММБ туралы берілген деректерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырады.

      Бірыңғай дистрибьюторға ұсынылмаған және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізілмеген қамтамасыз етілген ДЗ немесе ММБ туралы мәліметтерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері есепті кезең өткеннен кейін бірыңғай дистрибьютордың қарауы үшін жібереді.

      Қараудың қорытындысы бойынша және негіздер болғанда бірыңғай дистрибьютор осы деректерді, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ДЗ және ММБ қамтамасыз етілген нақты кезеңді көрсете отырып, жарты жылда бір реттен асырмай, ал өткен есепті жылға келесі қаржы жылының ақпан айынан кешіктірмей, қорға Жиынтық тізілімді беру кезінде көрсетеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жиынтық тізілім облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың бөлінісінде қалыптастырылады және бірыңғай дистрибьютор мен қор үшін бір-бір данадан екі данада (егер қағаз жеткізгіште болса) не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда беріледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қор қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысандағы Жиынтық тізілімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінің ішінде қамтамасыз етілген рецептілер туралы деректерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі деректермен салыстырады.

      Бірыңғай дистрибьютор ұсынған Жиынтық тізіліммен келіспеген жағдайда, қор бірыңғай дистрибьюторға қағаз жеткізгіште немесе амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алудың ақпараттық жүйесіндегі қалыптастырылған дәлелді қарсылықты жолдайды.";

      16-тармақ алып тасталсын:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Қор фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шарты сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайтын мөлшерде фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнына ақы төлеу шартына сәйкес төленген аванстық (алдын ала) төлемнің сомасын кейіннен шегере отырып жүзеге асырады.";

      2-қосымшаға сәйкес Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 6 қазандағы № ҚР
ДСМ-24
бұйрығына қосымша
  Дәрілік заттардың, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық техниканың
айналысы саласындағы
субъектілерге фармацевтикалық
көрсетілетін қызметтердің
құнын төлеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу актісі 20 ___ жылғы "___" _________ №

      20 ___ жылғы "___" _________ бастап 20 ___ жылғы "___" _________

      аралығындағы кезең

      20 ___ жылғы "___" _________ бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық

      қызметтердің құнына ақы төлеу шарты бойынша

      Бюджеттік бағдарламаның атауы:

      ______________________________________________

      Кіші бағдарламаның атауы:

      _____________________________________________________

      Бірыңғай дистрибьюторға фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің

      құнына ақы төлеу шартының жалпы сомасы:

      _____________________________________________ теңге

      оның ішінде төленген аванстың жалпы сомасы:

      __________________________________ теңге

р/с

Атауы

Ақы төлеуге ұсынылды

Шегерілуі тиіс аванстың (алдын ала төлемнің) сомасы, теңге

Бірыңғай дистрибьюторға төленуі тиіс сома, теңге,
(4-баған – 5- баған)

Қамтамасыз етілген рецептілердің саны

Сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

1

Ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтердің құны туралы деректердің жиынтық тізіліміне сәйкес ақы төленуі тиіс фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің жалпы құны







"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ
Мекенжай: ____________________________
БСН: _________________________________
ЖСК: _________________________________
БСК: _________________________________
Код: __________________________________
КБЕ: __________________________________
_____________________/________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /қолы) (қағаз жеткізгіште акт үшін)
Қағаз жеткізгіште акт үшін мөр орны) (бар болса)


"СҚ-Фармация" ЖШС
Мекенжай:__________________________
БСН:_______________________________
ЖСК:_______________________________
БСК:_______________________________
Банктің атауы:_______________________
___________________________________
КБЕ:_______________________/_______
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) /қолы) (қағаз жеткізгіште акт үшін)
Қағаз жеткізгіште акт үшін мөр орны) (бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады