"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 қарашадағы № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 6 қарашада № 17703 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10744 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 маусымда "Егемен Қазақстан" № 110 (28588) газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының (бұдан әрі – Ұлттық ұлан) әскери қызметшілерін оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 11) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін Ұлттық ұланның әскери оқу орындарында немесе шет мемлекеттің әскери оқу орындарында оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке қайтару тәртібін айқындайды;

      2. Үлгермеушілігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен əскери қызметтен босату нәтижесінде əскери оқу орнынан шығарылған, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан əскери қызметші əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери оқу орындарының курсанттары әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін бюджет қаражатын мемлекетке өтейді.

      Көрсетілген мән-жайлар әскери оқу орнында əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарылған және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіпте әскери бөлімдерге жіберілген курсанттарға қолданылмайды.

      Əскери оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырту оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызметті өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алуды тоқтата тұру үшін негіз болып табылады. Әскери оқу орнында оқыту кезеңін есепке алмай, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін оны оқытуға жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу тоқтатылады;

      3. Әскери оқу орнын аяқтаған әскери қызметші әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығарылған жағдайда əскери қызметші мəртебесінде оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, әскери қызметші мәртебесінде әскери оқу орнында оқыған кезеңде курсанттарды тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін қаражатты мемлекетке келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін әрбір толық өткерілмеген айға барабар өтейді.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 5 қарашадағы
  № 754 бұйрығына 1-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  ұланының әскери қызметшілерін
  оқытуға жұмсалған бюджет
  қаражатын мемлекетке өтеу
  қағидаларына 1-қосымша
  Үлгі
  БЕКІТЕМІН
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  ұланының Бас қолбасшысы
  ___________________________
  (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
  "____"____________________
  (күні)

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бір әскери қызметшісін ____________________________мамандығы бойынша ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі __________________________________________________________________ әскери оқу орнының атауы

р/с №

Шығыстар атауы

2
курс

3
курс

4
курс

Барлығы

1

Оқитын әскери қызметшінің стипендиясы





2

Әскери қызметші мәртебесінде әскери оқу орнында оқуы кезеңіндегі жол жүру шығыстары





3

Тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған шығындар





Жиыны





      Ескертпе: Барлық шығыстар қызмет бастықтарының есеп-негіздемелерімен расталады,

      одан кейін жинақтау үшін қаржы қызметіне ұсынылады.

      ______________________________________ бастығы

      әскери оқу орнының атауы

      ______________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "_____"_____________________

      (күні)

      _______________________________ қаржы бөлімінің (қызмет) бастығы

      әскери оқу орнының атауы

      М.О. ____________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "_____"_____________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
  Ішкі істер министрінің
  2018 жылғы 5 қарашадағы
  № 754 бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы Ұлттық
  ұланының әскери қызметшілерін
  оқытуға жұмсалған бюджет
  қаражатын мемлекетке өтеу
  қағидаларына 2-қосымша
  Үлгі
  БЕКІТЕМІН
  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық ұланының
  Бас қолбасшысы
  ___________________________
  (қолы, Т.А.Ә.(ол болған жағдайда))
  "____"____________________
  (күні)

Ұлттық ұланның бір әскери қызметшісін шетел әскери оқу орындарында ____/____ оқу жылына оқытуға жұмсалған нақты шығындардың жиынтық есебі

р /с

Шығыстар атауы

2
курс

3
курс

4
курс

5
курс

6
курс

Барлығы

1

Қазақстан Республикасының бюджеті есебінен оқитын әскери қызметшіге төленген стипендия







2

Әскери қызметші мәртебесінде әскери оқу орнында оқу кезінде Қазақстан Республикасының бюджет қаражаты есебінен төленген жол жүруге арналған шығыстар







3

Шетел оқу орындарында оқу кезінде Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерін тамақтандырумен қамтамасыз етуге арналған және қазақстан тарапы өтеген шығындар







4

Халықаралық келісімшарттарда көзделген және қазақстан тарапы төлеген өзге де шығыстар







Жиыны







      Ескертпе: барлық шығыстар келісімшарттардың (шарттардың) және оларға қосымша келісімдердің көшірмелерімен,

      сондай-ақ шетелде кадрларды даярлауға жауапты лауазымды адамдардың есептері-негіздемелерімен расталады, одан кейін

      жинақтау үшін бюджет-қаржы басқармасы ұсынылады.

      Бас қолбасшылықтың

      Бюджет-қаржы басқармасының бастығы

      М.О. ______________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "_____"_____________________

      (күні)

      Бас қолбасшылықтың

      Кадр және әскери білім басқармасының бастығы

      ___________________________________________

      (әскери атағы, қолы)

      "_____"_____________________

      (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады