"Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қарашада № 17761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 159 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының м.а. 10.12.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13343 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі" деген қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _________________ Д. Абаев

      2018 жылғы " " _________

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықытқ статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

      Төрағасының орынбасары Р.Әлкенев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 9 қарашадағы
№ 137 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 22 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Ақпарат көзі

Жауапты бөлімше

1

Прокуратура органының құрылымы (бөлімшенің атауы, басшының ТАӘ (болған жағдайда), байланыстары, азаматтарды қабылдау тәртібі, заңды мекенжайы, геолокация)

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 5 күніне

Ашық деректер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны

Прокуратура органының кадр қызметі

2

"Прокурордың өтініштерді шешу, заңдарды түсіндіру және өтініштерді қарау тәртібі туралы заңнаманы қолдануды қадағалау бойынша жұмысы туралы" № 8 нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының (бұдан әрі – ҚР БП) АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

3

"Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың
5 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

4

"Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерге байланысты құқық бұзушылықтар туралы"
№1-Н нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 12 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

5

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу және есепке алу туралы" №1-П нысанды есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Бақылау және қадағалау органдарының тексерістерін үйлестіру және есепке алу бөлімі

6

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 12 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

7

"Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

8

"Уәкілетті органдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" №1-ӘІ нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 20 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

9

"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 7 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

10

"Халықаралық шарттардың қолданылуын және міндеттемелердің орындалуын қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы" №7 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

11

"Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы" №1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

12

"Прокурордың қылмыстық істер және жазаны орындау бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысы туралы" № 2 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

13

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге прокурордың санкциялары туралы мәліметтерді қоспағанда, "Прокурордың қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылығын қадағалау бойынша жұмысы туралы" № 3 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

14

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп"
№ 1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

15

"Бірінші сатыдағы соттардың азаматтық iстердi қарау туралы есебі"
№ 2 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

16

"Соттардың жеке айыптау iстерi бойынша шағымдарды қарауы туралы есебі"
№ 2-Ж нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

17

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп" № 6 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

18

"Апелляциялық сатыда азаматтық iстердi қарау бойынша есеп" № 7 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

19

"Кәмелетке толмағандарды соттау туралы" № 12 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

20

"Сот актілері шығарылған тұлғалар саны туралы" № 10 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

21

"Кассациялық сатыда азаматтық істерді қарау бойынша есеп" № 7-К нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

22

"Кассациялық сатының қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы есеп" № 6-К нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

23

"Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы"
№ 4 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

24

"ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстар туралы" № ТМД-3 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

25

"Қылмыстылық жағдайы және қылмыстық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы статистикалық ақпарат"
№ ТМД-1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

26

"Экстремизмге, терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы" № 1-ЭТ нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

27

"Прокурордың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бойынша жұмысы туралы" №5 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

28

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер

ақпараттың келіп түсуіне қарай

есепті мерзімнен кейінгі айдың 10 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

29

"Анықтаудан, тергеуден, соттан, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарылған тұлғалар, хабар-ошарсыз жоғалғандар, туған-туыстарымен байланысын жоғалтқандар, атқару іс жүргізуі бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесі үшін тағылған талап қоюлар бойынша жауапкерлерді іздеу туралы, алиментті өндіріп алу, мертігу және басқа да денсаулықтың зақымдануына, асыраушының қайтыс болуына әкеліп соқтырған зияндардың орнын толтыру туралы, сондай-ақ мәйіттердің және өздері туралы белгіленген мәліметті бере алмайтын адамдардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы" №1-І нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

30

Экстремистік деп танылған және шеттен әкелуге, басып шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салынған діни әдебиеттің және ақпараттық материалдардың тізімі

тұрақты

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

31

Террористік ұйымдардың тізімі

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

32

Экстремистік ұйымдардың тізімі

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

33

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы"
№3-К нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есепті мерзімнен кейінгі айдың 8 күніне

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы

34

Террористік деп танылған және шеттен әкелуге, басып шығаруға және Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салынған әдебиеттің және ақпараттық материалдардың тізімі

тұрақты

ақпараттың келіп түсуіне қарай

ҚР БП-нің АРІ жүйесі

Комитеттің
Қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру басқармасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады