БҰЙЫРАМЫН:
1. "Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1097 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12540 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________ М. Әбілқасымова
20__ жылғы "___" ___________
Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Звено | Саты | Лауазымдар атауы |
А блогы – Басқарушы персонал | ||
А1 | 1 | Республикалық маңызы бар МҚК* басшысы. |
1-1 | Республикалық маңызы бар МҚК* басшысының орынбасары. | |
2 | Облыстық маңызы бар ММ* және МҚК* басшысы. | |
2-1 | Облыстық маңызы МҚК* басшысының орынбасары. | |
А2 | 1 | Республикалық маңызы бар МҚК* филиалының басшысы, республикалық маңызы бар МҚК*бас бухгалтері. |
1-1 | Республикалық маңызы бар МҚК* филиалы басшысының орынбасары, республикалық маңызы бар МҚК* бас бухгалтерінің орынбасары. | |
2 | Облыстық маңызы бар ММ* және МҚК* бас бухгалтері. | |
А3 | 1 |
Республикалық маңызы бар МҚК* бөлім басшысы; |
1-1 |
Республикалық маңызы бар МҚК* бөлім басшысының орынбасары; | |
2 |
Облыстық маңызы бар МКК* құрылымдық бөлімшелерінің басшысы (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет), бас инженері, бас гидротехнигі, бас конструкторы, бас энергетигі, бас механигі, кадр жөніндегі бас инспекторы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі бас инспекторы, еңбекті қорғау жөніндегі бас инспекторы, бас экономисті, бас диспетчері; | |
2-1 |
Облыстық маңызы бар МКК* құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары (топ, бөлім, сектор, бюро, қызмет); | |
3 |
қуаты 100 л/с дейінгі кеменің техникалық флотының капитаны/командирі | |
В блогы - Негізгі персонал | ||
В2 | 1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: | |
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: | |
4 |
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: | |
В3 | 1 |
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты мамандар: | |
3 |
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты мамандар: | |
4 |
Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мамандар: | |
С блогы – Әкімшілік персонал | ||
С1 |
Прораб; | |
С2 |
Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: | |
С3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар: | |
D блогы - Қосалқы персонал | ||
D | Техникалық орындаушылар: мұрағаттаушы, іс жүргізуші, көшіру-көбейту машиналарының операторы, компьютерлік техника (бағдарлама) операторы, хатшы, күзетші, кассир, комендант. |
Ескертпе:
* - ММ – мемлекеттік мекеме;
* - МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
Көлік саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізіліміне қосымша |
Басқару жауапкершілігінің дәрежесіне байланысты республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар ұйымдарда көлік саласының мемлекеттік мекемелерінің және қазыналық кәсіпорындарының таратылуы
1. Республикалық маңызы бар ұйымдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Қазақстанның кеме қатынасының тіркелімі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Облыстық маңызы бар ұйымдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақмолажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Ақтөбежолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Алматыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Атыраужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Батысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жамбылжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Шығысжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қарағандыжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қызылордажолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
10) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қостанайжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
11) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Маңғыстаужолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
12) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Павлодаржолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
13) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Солтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
14) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Оңтүстікжолзертханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі).