"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 469 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17894 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағында:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;";

      3) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға арналған лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген сәттен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - шикі газды алау етіп жағуға рұқсат беру немесе дәлелді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін өтініш;

      өтініш беруші бекіткен ұңғыманың объектілерін сынау жоспарының электрондық көшірмесі;

      осыған дейін алынған рұқсат аясында ұңғыма объектілерін сынау бойынша жұмыстар жүргізілмеген жағдайда, өтініш беруші олардың жүргізілмеген себептерін түсіндіретін растау құжаттың электрондық көшірмесін қоса тіркейді.

      2) кен орнын сынамалап пайдалану, шикі газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін өтініш;

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес ұңғымалар объектілерін сынау, кен орнын сынамалы пайдалану, газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар алу үшін өтініш осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      портал арқылы жүгінген сәттен бастап - 13 (он үш) жұмыс күні.";

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - теңiздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат беру немесе дәлелді түрде бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатты алу үшін өтініш осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатты алу үшін мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Мұнай және газ саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек шикізаты), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендерді тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер нысанында көрсетілгендер толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауабын береді.";

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (толығымен автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi - көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) төмендегі қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензияны беру кезінде лицензиялық алым:

      тау-кен өндірістерін (көмірсутектер) жобалауға (технологиялық) - 10 айлық есепті көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК);

      тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға - 100 АЕК құрайды;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі; өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшiн жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеген кезде бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады;

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, лицензия туралы, бюджетке лицензиялық алым сомасын төлегені (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы жоқ болған жағдайда - заңды тұлға не жеке басын куәландыратын құжат үшін - жеке тұлға үшін (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті алушы туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Егер рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша қағаз нысанында берілсе, лицензиат өтініш арқылы оларды электрондық форматқа ауыстыруға және рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымшаның электрондық нұсқасын алуға құқылы.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мұнай және газ саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 469 бұйрығына
1-қосымша
  "Шикі газды алау етіп
жағуға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Шикі газды алау етіп жағуға рұқсат алу үшін ӨТІНІШ

      (қайда)__________________________________________________________________________

      (көмірсутектер саласындағы уәкілетті органның толық атауы)

      (кімнен)_________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (кен орны (құрылым); ұңғыма нөмірі*)

      ________________________________________________________________________________

      (мәлімделген жылға жағу мерзімін көрсете отырып, жағылатын шикі газдың көлемі

      (миллион текше метр)

      ________________________________________________________________________________

      (жүргізілетін жұмыстардың жоспарлы мерзімі)

      ________________________________________________________________________________

      (жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жобалау құжатының атауы,

      нөмірі, бекіту күні және қолдану мерзімі)

      ________________________________________________________________________________

      (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 16961 болып

      тіркелген, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 164

      бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде

      шикі газды жағу нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес шикі газды жағу

      нормативтері мен көлемдерінің есептемесі)

      Ұңғыма туралы деректер:*

Объектінің атауы және нөмірі

Көлемі, миллион текше метр

Аралығы

Объектілер бойынша шикі газды алау етіп жағу күндері

1

2

3

4









      * ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде шикі газды жағуға рұқсат алу үшін

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. ______________________________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      ...

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті адам (лауазымы)

      ________________________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Электрондық цифрлық қолтаңба 20 __ ж." ____ " _________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 469 бұйрығына
2-қосымша
  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға ӨТІНІШ

      (қайда) _________________________________________________________________________

      (уәкiлеттi органның толық атауы)

      (кімнен) ________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды

      тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,

      байланыс деректері (телефон, электрондық пошта)

      ________________________________________________________________________________

      (теңіз объектінің атауы (маркасы)

      ________________________________________________________________________________

      (теңiз объектісін құру және орналастыру бойынша теңізде және ішкі су айдындарында

      көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жүргізу қажеттілігінің себебі мен негіздемесі)

      ________________________________________________________________________________

      (жоспарланған теңіз объектісін не осындай теңіз объектісін құру және орналастыру жөніндегі

      жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері)

      ________________________________________________________________________________

      (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін

      Ұйымның басшысы немесе сенімгер адам (лауазымы)

      ______________ _______________________________________

      (қолы)                  тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

      Электрондық цифрлық қолтаңба                              20__ж. "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 469 бұйрығына
3-қосымша
  "Теңіздегі объектілерді құруға
және орналастыруға рұқсат
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан

Теңіздегі объектілерді құруға және орналастыруға рұқсат алуға мәлімет нысаны

      1. Теңіз объектісінің атауы (маркасы) __________________________________________

      2. Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың нөмірі және күні ____________________

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген, жер

      қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін жобалық құжаттың атауы мен бекіту күні

      ________________________________________________________________________________

      4. Теңіз объектісін құру мақсаты, мәні мен негізі_________________________________

      5. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз объектісінің географиялық

      координаттарының негіздемесі:

      1) ендігі __________;

      2) ұзақтығы ______.

      6. Теңіз объектісін құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы

      болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат:

      1) кеме және өзге де жүзу құралдарының саны __________________________________;

      2) кеме және өзге де жүзу құралдарының атауы _________________________________.

      7. Теңіз объектісін құруды бастау және аяқтау күні ______________________________.

      8. Теңіз объектісін пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары

      (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат _______.

      9. Теңiз құрылысын құру және орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар:

      1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзгіш немесе тұрақты тазарту

      құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқада зиянды заттарды қабылдауға

      арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу

      немесе азайту жөнінде ____________________________________________________________;

      2) теңіз объектісінде авариялық жағдайларды болдырмау және жою жөнінде

      _______________________________________________________________________________;

      3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      жөніндегі, сондай-ақ балықтар және басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың

      көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау жөнінде

      _______________________________________________________________________________.

      10. Теңіз объектісін болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және

      гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген суды, жіберілетін сарқындысуларды, алынатын

      жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі

      _______________________________________________________________________________.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 30 қарашадағы
№ 469 бұйрығына
4-қосымша
  "Көмірсутектер саласындағы
тау-кен өндірістерін
(көмірсутектер), мұнай-химия
өндірістерін жобалауға
(технологиялық) және (немесе)
пайдалануға, магистральдық газ
құбырларын, мұнай
құбырларын, мұнай өнімдері
кұбырларын пайдалануға
арналған лицензия"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымшаНысан

Көмірсутектер саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн біліктілік талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттар тізбесіне мәліметтер нысаны

      1. Технологиялық регламенттің болуы туралы (көмірсутектер кен орындарына

      арналған жобалау құжаттарын; технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-

      экономикалық негіздемесін жасау; магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай

      өнiмдерi құбырларын пайдалану жөніндегі қызмет үшін қолданылмайды):

      _______________________________________________________________________________;

      (мәлімделген қызметтің кіші түріне арналған технологиялық регламенттің атауы және

      бекітілген күні)

      2. Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік базаның (ғимараттың,

      тұрғын емес үй-жайдың) болуы ("магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметінің кіші түріне қолданылмайды):

      _______________________________________________________________________________;

      (жалға берушіні және жалдау/сенімгерлікпен басқару мерзімдерін, жылжымайтын мүлік

      объектісінің сәйкестендіру сипаттамаларын көрсете отырып, өндірістік базаның (ғимараттың,

      тұрғын емес үй-жайдың) болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі және күні)

      3. Көмірсутектер саласында тау-кен (көмірсутектер) өндірістерін, мұнай-химия

      өндірістерін жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, магистральдық газ

      құбырларын, мұнай құбырларын,мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметтер

      үшін мәлімделген қызметтің кіші түріне сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де

      заңды негіздегі төмендегілердің болуы қажет:

      1) мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, негізгі инженерлік құрылыстардың және

      қондырғылардың атауы)

      2) көмірсутектер кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу

      (кәсіпшілік зерттеулер; сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар) үшін:

      кәсіпшілік зерттеулер үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымалық аспаптардың және (немесе) жабдықтың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі) геофизикалық

      жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымалық аспаптардың және аспаптардың

      көрсеткіштерін тіркеуге арналған жерүсті аппаратурасының, ұңғымада түсіру-көтеру

      операцияларына арналған жүк шығырдың және жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған

      жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі) сейсмикалық барлау жұмыстары үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, сейсмикалық станцияның және (немесе)

      сейсмикалық барлау жабдығының атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың

      сериялық нөмірі)

      3) мұнай; газ; газ конденсаты; қысыммен айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын

      жүргiзу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға

      рұқсаттың атауы, нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты

      бар ұйыммен жасалған шарттың атауы, нөмірі және берілген күні)*

      *ұйымның жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі

      қолдануға рұқсаты бар болған жағдайда осы абзацтың екінші жолы толтырылмайды;

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, перфорациялық жабдық немесе жүйенің атауы,

      маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      4) құрлықтағы; теңіздегі; ішкі су айдындарындағы көмірсутектер кен орындарында

      ұңғымаларды бұрғылау үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, бұрғылау қондырғысының, шығарындыға қарсы

      жабдықтың және басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы

      зауыттың сериялық нөмірі)

      5) кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы, күрделi) үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, ұңғымаларды жөндеу бойынша қондырғының,

      шығарындыға қарсы жабдықтың және басқа да жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған

      жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      6) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру, сынамалаудан

      өткізу үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, қондырғының және (немесе) арнайы техниканың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      7) көмірсутектер кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, консервациялауға және жоюға арналған

      қондырғының және (немесе) жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы

      зауыттың сериялық нөмірі)

      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, арнайы техниканың және (немесе) жабдықтың

      атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      9) құрлықтағы; теңiздегі көмірсутектер кен орындарында төгiлуді болғызбау және жою

      жөнiндегi жұмыстар үшін:

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, арнайы техниканың және (немесе) құрлықта мұнай

      жинауға арналған жабдықтың; теңіздегі мұнай жинау құрылғысының, жүзуші резервуарлар

      және бондық тосқауылдардың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың

      сериялық нөмірі)

      10) мұнай-химия өндiрiстерiн пайдалану үшін: негізгі технологиялық қондырғылардың және

      жабдықтың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (технологиялық регламентте көрсетілген, негізгі технологиялық қондырғылардың және

      жабдықтың атауы, маркасы, шығарылған жылы, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі)

      арнайы жабдықталған қоймалардың болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (арнайы жабдықталған қоймалардың атаулары) аккредиттелген зертхананың немесе

      аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________;

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

      зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірі және күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (өнiмнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша

      аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірі және берілген күні)**

      **ұйымның жеке зертханасы бар болған жағдайда төртінші абзацтың екінші жолы толтырылмайды;

      11) көмірсутектер кен орындарына арналған жобалау құжаттарын;

      технологиялық регламенттерді; жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау

      үшін: __________________________________________________________________________;

      (лицензияланған бағдарламалық қамтылымның атауы; лицензияланған бағдарламалық

      қамтылымның заңды иелігін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні)

      _______________________________________________________________________________;

      (пайдаланылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің, кәсіпшілік зерттеулерге арналған

      ұңғымалық аспаптардың атауы, маркасы және саны) 4. Магистральдық газ құбырлары, мұнай

      құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану үшін меншік құқығындағы немесе өзге де

      заңды негізде мыналардың болуы:

      1) магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары

      _______________________________________________________________________________;

      (магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырлары желілік

      бөлігінің ұзақтығын көрсете отырып, магистральдық газ құбырларының, мұнай

      құбырларының, мұнай өнiмдерi құбырларының болуын растайтын құжаттардың атауы, нөмірі

      және берілген күні)

      2) мәлімделген кіші қызмет түрлеріне қажетті техникалық талаптарға сәйкес қолданылатын

      магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды

      қамтамасыз ететін аспаптары және жабдықтары

      _______________________________________________________________________________;

      (аспаптардың және жабдықтардың атауы)

      3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін

      _______________________________________________________________________________;

      (диагностикалық аспаптардың атауы)

      4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін

      _______________________________________________________________________________;

      (бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауы)

      5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, қолданыстағы өндiрiстiк

      объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бекітілген бағдарламалар; жөндеу

      жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары)

      _______________________________________________________________________________;

      (бағдарламалар мен жоспарлардың атауы және олардың бекітілген күні)

      5. Мыналарды:

      1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдаланудың

      және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

      2) еңбек қауіпсіздігін;

      3) қоршаған ортаны қорғауды;

      4) метрологиялық бақылауды;

      5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімнің шығарылуын сақтауды ("мұнай-

      химия өндiрiстерiн пайдалану" қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);

      6) магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын

      пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды ("магистральдық газ құбырларын, мұнай

      құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану" қызметтерінің кіші түрлеріне ғана

      қолданылады) қамтамасыз ететін қызметтер және (немесе) жауапты тұлғалар:

      _______________________________________________________________________________;

      (қызметтерді құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың

      нөмірі және күні)

      6. Тиісті білім деңгейіне сәйкес келетін:

      1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы үшін - мұнай және газ

      саласындағы жоғары техникалық білімі, көрсетілген салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      2) мамандар үшін - жоғары техникалық немесе орта арнаулы білімі бар, атқаратын қызметіне

      сәйкес жалпы персоналдың 50%-нан кем емес біліктілік құрамының болуы туралы

      _______________________________________________________________________________.

      (әрбір жұмыскер бойынша ақпарат: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының

      атауы, білім туралы құжаттың нөмірі және берілген күні, білімі бойынша мамандығы және

      біліктілігі, лауазымы, техникалық басшы үшін (2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан

      Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сай)

      тиісті саладағы мамандығы бойынша еңбек өтілі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады