Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 желтоқсанда № 17896 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-04/1126 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 808 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12657 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрініңорынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауылшаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев
      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

      4) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

      5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;

      6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;

      7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, кәсіпшілік балық аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

      2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

      3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, табиғи су айдындарында балық өсірумен (акваөсіру), балық қорғау құрылғыларының болуы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен бекітілген балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелді) сәйкестігі бөлігінде су пайдаланумен айналысатын, балықты және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеумен аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.

      Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілерінің) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      6. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

      1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;

      4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);

      6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес айқындалады:

      1) Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;

      2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;

      3) су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттарға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді:

      1) аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі;

      2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      12. Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРе = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап ететін саны;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

      13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРе + SРб,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРе – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРб – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежелерін талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылған субъективті өлшемшарт деректері қолданылмайды.

      14-1. Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

      Ескерту. 3-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      15. Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      16. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері олардың басымдығы ескеріле отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткішімен жасалады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      17. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

2

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу

Өрескел

3

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болмауы

Өрескел

4

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алу мәліметтерінде толық және дұрыс ақпарат

Елеулі

5

Браконьерлікпен күрес туралы мәліметтерде толық және дұрыс ақпарат

Елеулі

6

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аңшылық алқаптарда биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болмауы

Өрескел

7

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындау

Өрескел

8

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 382-бабы)

Елеулі

9

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 385-бабы)

Елеулі

10

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемденуді, өткізуді, алып өтуді, әкелуді, әкетуді, сақтауды (ұстауды) болдырмау (ӘҚБтК 389-бабы)

Елеулі

11

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 390-бабы)

Елеулі

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы

Өрескел

2

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

3

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу

Елеулі

4

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

5

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы

Болмашы

6

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

7

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) заңсыз балық аулау фактілеріне жол бермеу

Өрескел

9

Балық өсірудің жыл сайынғы көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету

Елеулі

10

Пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

11

Пайдаланушылардың ағымдағы жылы балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

12

Балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

13

Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

14

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындау

Өрескел

15

Заңсыз балық аулау фактілеріне жол бермеу (ӘҚБтК 383-бабы)

Елеулі

16

Балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) фактілеріне жол бермеу (ӘҚБтК 389-бабы)

Елеулі

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Су жинау және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы

Өрескел

2

Жобалық құжаттамаға балық қорғау құрылғыларының аулар мен торлар ұяшықтарының сәйкестігі

Өрескел

3

Балық қорғау құрылғылары ретінде аулар мен торларды екі бьефте де су тораптары мен балықтарға арналған бағыттағыштардың балық өткізу құрылыстарының кіреберіс тесіктерінде болуы

Өрескел

4

Қылқымаларда немесе қадалар тіректерінде ілінген мырышталған сымнан немесе нейлоннан жасалған тордың болуы

Өрескел

5

Металл шыбық торы үшін балық пен басқа су жануарларының мөлшеріне байланысты шыбықтар арасындағы саңылаулардың болуы

Өрескел

6

Балық қорғау құрылғыларында электр қоршауларындағы электродтар арасындағы қашықтық және электр өрісінің кернеулігінің тиісті шамасына сәйкестігі

Өрескел

7

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) балық және басқа да су жануарларының қырылу фактісінің болуы

Өрескел

8

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымын орындау

Өрескел

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

      Ескерту. Өлшемшарттар 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

Субъективті критерий көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс),
wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

7


Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

40

0

1

2

0

100


2

ҚР ӘҚБтК-нің 382, 385, 389, 390-баптары (2-бөлім) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің саны

Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.

60

0

1-5

6+

0

50

100

3

Бақылау нәтижелері бойынша келусіз анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмағаны туралы мәліметтердің болуы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар
және қадағалау)

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу







  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
5-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

      Ескерту. Өлшемшарттар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.05.2023 № 155 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 18.05.2023 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

№ п/п

Субъективті критерий көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс),
wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

7

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну

Бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекцияларына ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері

40

0

1


0

100


2

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындамау

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыныс)

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу







3

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу туралы мәліметтердің болуы
(ӘҚБтК-нің 383 және 389-баптары)

Мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

60

0

1


0

100


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган _______________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт _______________________________

      _________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке

      сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Орналасқан мекенжайы ____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Орнатылған аншлагтардың болуы



2

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу



3

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болуы



      Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________

      (лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______

      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган _______________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт ______________________________

      ______________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы



2

Орнатылған аншлагтардың болуы



3

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу



4

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету



5

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы



6

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы



7

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы



8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) заңсыз балық аулау фактісінің болуы



9

Балық өсірудің жыл сайынғы көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету



      Лауазымды адам (ар) ____________________ _______________________

      (лауазымы)                   (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______

      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 30.11.2022 № 725 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 30.11.2022 № 108 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган ______________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді және

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________

      __________________________________________________________________________

      (№, дата)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Су жинау және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы



2

Жобалық құжаттамаға балық қорғау құрылғыларының аулар мен торлар ұяшықтарының сәйкестігі



3

Балық қорғау құрылғылары ретінде аулар мен торларды екі бьефте де су тораптары мен балықтарға арналған бағыттағыштардың балық өткізу құрылыстарының кіреберіс тесіктерінде болуы



4

Қылқымаларда немесе қадалар тіректерінде ілінген мырышталған сымнан немесе нейлоннан жасалған тордың болуы



5

Металл шыбық торы үшін балық пен басқа су жануарларының мөлшеріне байланысты шыбықтар арасындағы саңылаулардың болуы



6

Балық қорғау құрылғыларында электр қоршауларындағы электродтар арасындағы қашықтық және электр өрісінің кернеулігінің тиісті шамасына сәйкестігі



      Лауазымды адам (дар) __________________ __________________

      (лауазымы) (қолы)

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________ __________

      (должность) (подпись)

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады