"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 725 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 30 қарашадағы № 108 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 желтоқсанда № 30886 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17896 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы бекітілсін.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, және 10-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі ‒ Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тiкелей қызметiмен, салалық даму ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы болып табылады.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

      2) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

      3) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;

      4) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;

      5) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      10) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.

      3. Тәуекел дәрежелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) айқындау тәуекел дәрежесін бағалау бойынша объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы жүзеге асырылады.

      4. Объективті критерийлер бойынша бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел тобына бөлінген:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне - аңшылық шаруашылығын жүргізумен, кәсіпшілік балық аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

      2) тәуекелдің орташа дәрежесіне - әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастырумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері);

      3) тәуекелдің төмен дәрежесіне - жануарлар дүниесі объектілерін қоршау және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен, табиғи су айдындарында балық өсірумен (акваөсіру), балық қорғау құрылғыларының болуы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығымен бекітілген балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18783 болып тіркелді) сәйкестігі бөлігінде су пайдаланумен айналысатын, балықты және басқа да су жануарларын ғылыми-зерттеумен аулаумен айналысатын бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері), сондай-ақ азаматтарды аңшылық минимумға оқытумен айналысатын ұйымдар, зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бағы, биологиялық орталықтар.

      5. Тәуекел айқындалғаннан кейін бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) үш тәуекел дәрежесі (жоғары, орта және төмен) бойынша бөлінеді.

      Жоғары және орташа тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілерінің) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      6. Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

      1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      3) бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;

      5) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);

      6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.

      8. 7-тармақта айқындалған ақпарат көздерінің негізінде мынадай субъективті өлшемшарттар айқындалады:

      1) осы Өлшемшарттарға 1-қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау;

      2) осы Өлшемшарттарға 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау;

      3) осы Өлшемшарттарға 3-қосымшаға сәйкес су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесі бағалау.

      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 41-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 40-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      10. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,4 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,4,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.".;

      15, 16 және 17-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Кодекстің 144-2-бабының 4-тармағына сәйкес қалыптастырылатын реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау үшін негіз болып табылады.

      16. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері олардың басымдығы ескеріле отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің ең жоғары көрсеткішімен жасалады.

      17. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі жылына екі реттен жиі болмауға тиіс.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрығының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрығының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрығының 4-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Т. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
Т. Момышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

1

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

2

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу

Өрескел

3

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болуы

Өрескел

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекцияларына бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) беретін есептілік мониторингінің нәтижелері

4

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алу мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

5

Браконьерлікпен күрес туралы мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

6

Аң аулауды ұйымдастыру және аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) расталған бір шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы

7

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аңшылық алқаптарда биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болуы

Өрескел

5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

8

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындамау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде тізбеленген талаптар сақталмаған жағдайда белгіленеді)

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы

Өрескел

2

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

3

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу

Елеулі

4

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

5

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы

Болмашы

6

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

7

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) заңсыз балық аулау фактілеріне жол берілуі

Өрескел

9

Балық өсірудің жыл сайынғы көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету

Елеулі

2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресусурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекцияларына бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) беретін есептілік мониторингінің нәтижелері

10

Пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

11

Пайдаланушылардың ағымдағы жылы балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

12

Балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

13

Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың мәліметтерінде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы

Елеулі

3. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

14

Балық аулауды ұйымдастыру және балық шаруашылығын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) расталған бір шағымның болуы

Елеулі

4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

15

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындамау

Өрескел

Мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

16

Заңсыз балық аулау фактілеріне жол беру

Елеулі

17

Балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)

Елеулі

18

Балық және балық өнімдерін ветеринарлық құжаттарсыз тасымалдау

Елеулі

19

Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсызбалық өнімдерімен жүк операцияларын жүргізу

Елеулі

20

Балық өнімінің экспортына кедендік декларацияны толтыру кезінде мәліметтердің сәйкес келмеуі

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және
пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1. Алдыңғы тексерулердің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптар сақталмаған кезде белгіленеді)

1

Су жинау және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы

Өрескел

2

Жобалық құжаттамаға балық қорғау құрылғыларының аулар мен торлар ұяшықтарының сәйкестігі

Өрескел

3

Балық қорғау құрылғылары ретінде аулар мен торларды екі бьефте де су тораптары мен балықтарға арналған бағыттағыштардың балық өткізу құрылыстарының кіреберіс тесіктерінде болуы

Өрескел

4

Қылқымаларда немесе қадалар тіректерінде ілінген мырышталған сымнан немесе нейлоннан жасалған тордың болуы

Өрескел

5

Металл шыбық торы үшін балық пен басқа су жануарларының мөлшеріне байланысты шыбықтар арасындағы саңылаулардың болуы

Өрескел

6

Балық қорғау құрылғыларында электр қоршауларындағы электродтар арасындағы қашықтық және электр өрісінің кернеулігінің тиісті шамасына сәйкестігі

Өрескел

2. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

7

Су тарту және су ағызу құрылыстарын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бір расталған шағымның болуы

Өрескел

3. Бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалар туындауының тіркелген жағдайларының болуы

8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) балық және басқа да су жануарларының қырылу фактісінің болуы

Өрескел

4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным)

9

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымын орындамау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеру/бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган _______________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт _______________________________

      _________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы ________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке

      сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Орналасқан мекенжайы ____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Орнатылған аншлагтардың болуы



2

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу



3

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болуы



      Лауазымды адам (дар) ____________________ ____________________

      (лауазымы)             (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______

      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган _______________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акт ______________________________

      ______________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы _____________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы



2

Орнатылған аншлагтардың болуы



3

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу



4

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету



5

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы



6

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы



7

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы



8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) заңсыз балық аулау фактісінің болуы



9

Балық өсірудің жыл сайынғы көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету



      Лауазымды адам (ар) ____________________ _______________________

      (лауазымы)                   (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________ _______

      (лауазымы) (қолы)

      ____________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 108 мен
Қазақстан Республикасы
Экология, геология
және табиғи ресурстар
министрінің м.а.
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 725 бірлескен бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары ‒
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 494 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 95 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеру / бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындаған мемлекеттік орган ______________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексерулерді және

      профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ___________________________

      __________________________________________________________________________

      (№, дата)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы ___________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) жеке сәйкестендіру нөмірі,

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Су жинау және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы



2

Жобалық құжаттамаға балық қорғау құрылғыларының аулар мен торлар ұяшықтарының сәйкестігі



3

Балық қорғау құрылғылары ретінде аулар мен торларды екі бьефте де су тораптары мен балықтарға арналған бағыттағыштардың балық өткізу құрылыстарының кіреберіс тесіктерінде болуы



4

Қылқымаларда немесе қадалар тіректерінде ілінген мырышталған сымнан немесе нейлоннан жасалған тордың болуы



5

Металл шыбық торы үшін балық пен басқа су жануарларының мөлшеріне байланысты шыбықтар арасындағы саңылаулардың болуы



6

Балық қорғау құрылғыларында электр қоршауларындағы электродтар арасындағы қашықтық және электр өрісінің кернеулігінің тиісті шамасына сәйкестігі



      Лауазымды адам (дар) __________________ __________________

      (лауазымы) (қолы)

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

      Бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________ __________

      (должность) (подпись)

      ___________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты ( бар болса) тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады