"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 155 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 18 мамырдағы № 75 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 мамырда № 32540 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 494 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 95 бірлескен бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17896 болып тіркелген) 1-қосымшасына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

      2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

      3) бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын субъектілер (объектілер);

      4) болмашы бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болмауы бөлігінде бұзылуы, сондай-ақ өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатқызылмаған бұзушылықтар;

      5) елеулі бұзушылықтар – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың аншлагтардың болмауы, қаражатты, материалдық-техникалық жарақтандыруды, өсімін молайтуды және ғылымды жоспарлау бойынша шарттардың орындалмауы, аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар беретін мәліметтерде толық емес және дұрыс емес ақпараттың болуы, расталған шағымдар мен арыздардың болуы бөлігінде бұзылуы;

      6) өрескел бұзушылықтар – "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – ӘҚБтК) көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкелетін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың бұзылуы, зоологиялық коллекциялар жасау тәртібінің сақталмауы, жануарлар дүниесін пайдалануға белгiленген шектеулер мен тыйым салулар мерзімдерінің сақталмауы, балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптардың сақталмауы, бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол берілуі, қолайсыз оқиғалардың орын алуы, браконьерлік фактісінің болуы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының болмауы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізетін мемлекеттік инспекторлар актілерінің орындалмауы;

      7) тәуекел – бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде оның зардаптарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      8) тәуекел дәрежесін бағалау – бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау және жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау органы өткізетін іс-шаралар кешені;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары - бақылау және қадағалау субъектісінің тікелей қызметіне, салалық даму ерекшеліктеріне және осы дамуға ықпал ететін факторларға байланысты, бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі;

      12) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру үшін бақылау және қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      13) тексеру парағы – бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

      14) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нақты саласында бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау).";

      7, 8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Субъективті өлшемшарттар мынадай көздерден алынған ақпаратты талдау нәтижелері негізінде айқындалады:

      1) бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) алдыңғы тексерулер мен оларға бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері. Бұл ретте бұзушылықтардың ауырлық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      2) бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың орын алу жағдайларының болуы. Қолайсыз оқиғаларға жануарлар дүниесі объектілерінің жаппай қырылуы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы жатады;

      4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыным);

      6) мемлекеттік органдармен ұсынылатын меліметтерді талдау нәтижесінің қорытындысы.

      8. Талаптарды бұзу дәрежесі осы өлшемшарттарға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес айқындалады:

      1) Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;

      2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі;

      3) су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі.

      Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығы және субъективті критерийлер көрсеткіштерінің маңыздылығы осы өлшемшарттарға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттар тізбесіне сәйкес белгіленеді:

      1) аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі;

      2) балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті өлшемшарттардың тізбесі.

      9. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Бақылау және қадағалау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау (SP) субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша (SC) айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қорытындылау жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

      Rарал = SP + SC , мұнда

      Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

      SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

      SC – осы өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

      Есеп мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың әрбір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының әрбір бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бір саласының бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

      Алдыңғы тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша алынған деректер бойынша 0-ден 100-ге дейінгі баллмен бағаланатын бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші қалыптастырылады.

      Осы өлшемшарттардың 7-тармағында көрсетілген ақпарат көздерінің кез келгені бойынша бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау және қадағалау субъектісіне 100 балл тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.";

      14-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      14-1. Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:



      xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

      wi - субъективті өлшем көрсеткішінің үлес салмағы xi

      n – көрсеткіштер саны.

      Осы өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

      R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:



      R – бақылау және қадағалау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

      Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

      Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

      Rарал – осы өлшемшарттардың 10-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 1-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 2-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 3-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 4-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес толықтырылсын;

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
Қазақстан РеспубликасыЭкология және табиғи ресурстарминистрі__________З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
1-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

2

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға жол бермеу

Өрескел

3

Аңшылық шаруашылықтарында жануарлар дүниесіне елеулі залал келтіріп, заңсыз аң аулау фактісінің болмауы

Өрескел

4

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алу мәліметтерінде толық және дұрыс ақпарат

Елеулі

5

Браконьерлікпен күрес туралы мәліметтерде толық және дұрыс ақпарат

Елеулі

6

Жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы және олардың тіршілік ету ортасының нашарлауы, қызметі салдарынан жануарлар дүниесіне зиян келтіру, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аңшылық алқаптарда биологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы түрінде байқалған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) кінәсінен орын алып, тіркелген қолайсыз оқиғалардың болмауы

Өрескел

7

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындау

Өрескел

8

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 382-бабы)

Елеулі

9

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен аңшылық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 385-бабы)

Елеулі

10

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемденуді, өткізуді, алып өтуді, әкелуді, әкетуді, сақтауды (ұстауды) болдырмау (ӘҚБтК 389-бабы)

Елеулі

11

Аңшылық шаруашылығы субъектілерімен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру және берілген рұқсаттарды пайдалану тәртібін бұзуды болдырмау (ӘҚБтК 390-бабы)

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
  2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
2-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өлшемшарттар атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналы) болуы

Өрескел

2

Орнатылған аншлагтардың болуы

Елеулі

3

Тыныштық сақтау аймақтарында және өсімін молайту учаскелерінде жануарлар дүниесі объектілерін аулауға бермеу

Елеулі

4

Жануарлар дүниесін пайдалануға қойылатын шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын қамтамасыз ету

Өрескел

5

Тіркелген және тіркеу нөмірлерімен белгіленген жүзу құралдарының болуы

Болмашы

6

Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтаманың болуы

Елеулі

7

Балық қыстайтын шұңқырлардың, уылдырық шашатын жерлердiң, балық шаруашылығы учаскелерiнiң және балық аулауға тыйым салынған жерлердiң шекараларын белгiлейтiн бағандардың, қалқыма тану белгілерiнің жойылуына немесе бүлінуіне жол бермеу жөніндегі талаптардың сақталуы

Өрескел

8

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) заңсыз балық аулау фактілеріне жол бермеу

Өрескел

9

Балық өсірудің жыл сайынғы көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету

Елеулі

10

Пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

11

Пайдаланушылардың ағымдағы жылы балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

12

Балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

13

Балық өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың мәліметтерінің толық және дұрыс болуы

Елеулі

14

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымдарын орындау

Өрескел

15

Заңсыз балық аулау фактілеріне жол бермеу (ӘҚБтК 383-бабы)

Елеулі

16

Балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алу, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) фактілеріне жол бермеу (ӘҚБтК 389-бабы)

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
3-қосымша

Су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдалану субъектілеріне қатысты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу дәрежесі

Өлшемшарттардың атауы

Бұзушылық дәрежесі

1

Су жинау және су ағызу құрылыстарында балық қорғау құрылғыларының болуы

Өрескел

2

Жобалық құжаттамаға балық қорғау құрылғыларының аулар мен торлар ұяшықтарының сәйкестігі

Өрескел

3

Балық қорғау құрылғылары ретінде аулар мен торларды екі бьефте де су тораптары мен балықтарға арналған бағыттағыштардың балық өткізу құрылыстарының кіреберіс тесіктерінде болуы

Өрескел

4

Қылқымаларда немесе қадалар тіректерінде ілінген мырышталған сымнан немесе нейлоннан жасалған тордың болуы

Өрескел

5

Металл шыбық торы үшін балық пен басқа су жануарларының мөлшеріне байланысты шыбықтар арасындағы саңылаулардың болуы

Өрескел

6

Балық қорғау құрылғыларында электр қоршауларындағы электродтар арасындағы қашықтық және электр өрісінің кернеулігінің тиісті шамасына сәйкестігі

Өрескел

7

Балық шаруашылығы су айдындарында (учаскелерінде) балық және басқа да су жануарларының қырылу фактісінің болуы

Өрескел

8

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ұсынымын орындау

Өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
4-қосымша

Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

Субъективті критерий көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс),
wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

7


Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну

Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

40

0

1

2

0

100


2

ҚР ӘҚБтК-нің 382, 385, 389, 390-баптары (2-бөлім) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерінің саны

Бақылау және қадағалау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.

60

0

1-5

6+

0

50

100

3

Бақылау нәтижелері бойынша келусіз анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмағаны туралы мәліметтердің болуы

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар
және қадағалау)

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу







  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 75 мен
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 мамырдағы
№ 155 бірлескен бұйрығына
5-қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемшарттарына
5-қосымша

Балық шаруашылығы субъектілерінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының 22) тармақшасына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы субъективті критерийлер бойынша тәуекел дәрежесін айқындау үшін субъективті критерийлер тізбесі

№ п/п

Субъективті критерий көрсеткіші

Субъективті критерий көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (сомасы 100 балдан аспауы тиіс),
wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1-шарты / мәні

1

2

3

4

5

6

7

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

Есептілікті уақтылы және (немесе) сапасыз ұсыну

Бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік инспекцияларына ұсынатын есептілік мониторингінің нәтижелері

40

0

1


0

100


2

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды орындамау

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжат (ұсыныс)

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу







3

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу туралы мәліметтердің болуы
(ӘҚБтК-нің 383 және 389-баптары)

Мемлекеттік органдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

60

0

1


0

100



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады