Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 927 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 18081 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 927 бұйрығымен
бекітілді

Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидаларын бекіту туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондарын жасау, бекіту, сақтау, қолдану және салғастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бiрлiктерiнiң эталондарын жасау, бекiту, сақтау, қолдану және салғастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар шама бірліктерінің эталондарын қолданатын уәкілетті орган, мемлекеттік органдар, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) және заңды тұлғалар қолдануы үшін арналған.

      3. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік немесе үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналған және олардың мөлшерін Қазақстан Республикасының аумағындағы шама бірліктерінің эталондарына, осы шамалардың өлшем құралдарына беру мақсатында пайдаланылады.

      4. Аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары олардың мөлшелерін осы шамалардың басқа өлшем құралдарына беру мақсатында шама бірліктерін (шама бірліктерінің еселік немесе үлестік мәндерін) жаңғыртуға және (немесе) сақтауға арналады.

      5. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары мен аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарының құрамы мынадай өлшем құралдары мен құрылғыларды қамтиды, олардың көмегімен:

      1) шама бірлігін жаңғыртады, сақтайды, береді;

      2) өлшем шарттары мен жаңғыртылатын және сақталатын шама бірлігі өлшемінің өзгермеуін бақылайды;

      3) өлшем нәтижелерін автоматты тіркеуді, өңдеуді және (немесе) беруді жүзеге асырады.

2-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау тәртібі

      6. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын жасау үшін негіз:

      1) тиісті өлшем түрін метрологиялық қамтамасыз ету үшін шама бірлігінің эталонына қажеттілік;

      2) шама бірлігінің эталонын жасаудың техникалық талаптары мен орындылығы және олармен қажетті дәлдікпен жаңғыртылатын шама бірлігінің мөлшерін беру;

      3) эталонды уақытынан бұрын тозудан қорғау қажеттілігі;

      4) салғастырулар жолымен шама бірлігінің эталонымен жаңғыртылатын шама бірлігі мөлшерінің өзгермеуін бақылаудың қажеттілігі;

      5) өлшемдерді бақылап тексеруді қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.

      7. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары, шама бірліктері эталондарының метрологиялық және техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптарды белгілейтін техникалық тапсырмаға сәйкес, сондай-ақ оларды жасау кезеңдері "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Мемлекеттік шама бірліктері эталондарын құру, бекіту, тіркеу, салғастыру, калибрлеу, сақтау, қолдану, зерттеу, жетілдіру (жаңғырту) мен мемлекеттік өлшем бірлігі эталондарынан шама бірліктерін беру тәртібі" ҚР СТ 2.431 (бұдан әрі – ҚР СТ 2.431) сәйкес құрылады.

      8. Аккредиттеу субъектілерінің шама бірліктерінің эталондары метрологиялық және техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейтін өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы техникалық тапсырмаға немесе құжатқа сәйкес құрылады.

3-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын бекіту тәртібі

      9. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын, оларды МҒМО-ның ұсынуы бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      10. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын бекіту үшін құжаттарды ұсыну ҚР СТ 2.431 сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган құжаттарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      12. Қарау нәтижесі оң болған жағдайда уәкілетті орган шама бірлігінің мемлекеттік эталонын бекіту туралы шешім қабылдайды.

      13. Нәтижесі теріс болған жағдайда уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды пысықтауға қайтарады.

      14. МҒМО-ның ұсынымы бойынша уәкілетті орган мемлекеттік саннан шама бірліктерінің бұрын бекітілген мемлекеттік эталонын алып тастайды және/немесе эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша немесе метрологиялық сипаттамалары жоғары жаңа мемлекеттік эталонды жасау және бекіту жағдайында ғана төменгі разрядқа ауыстырады.

      15. Бекітілген шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Заңның 6-2-бабының 17) тармақшасына сәйкес бекітілетін өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіпте тізілімде тіркеуге жатады.

      16. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге және (немесе) калибрлеуге аккредиттелген аккредиттеу субъектілері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша шама бірліктері эталондарының тізбесін қалыптастырады және бекітеді және оны МҒМО-ға жібереді.

      17. Аккредиттеу субъектілері бекітілген шама бірліктері эталондарының тізбесіне өзгерістер енгізген жағдайда өзгерістер енгізілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде МҒМО-ға тиісті мәліметтерді жібереді.

4-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын сақтау және қолдану тәртібі

      18. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары шама бірліктерінің өлшемдерін жаңғыртумен, сақтаумен және берумен байланысты жұмыстар үшін, шама бірліктерінің эталондарын салғастыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін қолданылады.

      19. Мемлекеттік эталонды сақтау және жаңғырту бойынша жұмыстар ҚР СТ 2.431 сәйкес, аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондары пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа немесе техникалық сипаттаманың тиісті бөліміне сәйкес сақталады және қолданылады.

      20. Аккредиттеу субъектілері шама бірлігінің эталонында жүргізілген жұмыстар, оның ішінде профилактикалық және жөндеу жұмыстары тіркелетін журналды жүргізуді жүзеге асырады.

5-тарау. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондарын салғастыру тәртібі

      21. Шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары Халықаралық өлшем және салмақ бюросының шама бірліктерінің эталондарымен және басқа мемлекеттердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарымен салғастыруға жатады.

      22. Аккредиттеу субъектілері шама бірліктерінің эталондары ГОСТ 17043 "Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар" мемлекетаралық стандартында белгіленген тәртіпке сәйкес салғастыруға жатады.

  Шама бірліктерінің мемлекеттік
эталондарын және аккредиттеу
субъектілері шама бірліктерінің
эталондарын жасау, бекіту,
сақтау, қолдану және салғастыру
қағидаларына
қосымша
нысан
  БЕКІТЕМІН
  __________________________
  Аккредиттеу субъектісінің басшысы
  ________ ___________________
  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  20__ жылғы "__" _________
  Мөр орны (бар болса)

Шама бірліктері эталондарының тізбесі _________________________________________________ аккредиттеу субъектісінің атауы

Шама бірлігі эталонының атауы

Шама бірлігі эталонының құрамы

Өлшемдер диапазоны

Шама бірлігі эталонының метрологиялық сипаттамалары (кеңейтілген белгісіздік)

Калибрлеуге арналған құжат, калибрлеу аралығы

Соңғы калибрлеуді жүргізу күні мен орны

Шама бірлігін бақылап тексеру

1

2

3

4

5

6

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады