Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18106 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
  министрінің
  2018 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 933 бұйрығымен
  бекітілген

Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2020 № 197-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стандартты үлгінің типін бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабының 23) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және стандартты үлгінің типін бекіту және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӨЖ тізілімі) тіркеу және "Шетелдік шығарылымның стандартты үлгісін пайдалануға рұқсат" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) мемлекетаралық стандартты үлгі – сипаттамалары мемлекетаралық стандартты үлгі ретінде танылған 2006 жылы 24 маусымда Қазан қаласында қабылданған Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілерін құру және қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің ұлттық нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік береді;

      2) стандартты үлгі – өлшем дәлдігінің және метрологиялық бақылап тексерудің белгіленген көрсеткіштері бар, болжанатын мақсатына сәйкес сапалық қасиеттерді өлшеу кезінде немесе бағалау кезінде пайдалану үшін белгілі бір қасиеттерге қатысты жеткілікті біртекті және тұрақты материал (зат);

      3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3. Заңның 11-2-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуге жатады.

2-тарау. Стандартты үлгінің типін бекіту және стандартты үлгінің өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімін тіркеу тәртібі

      4. Стандартты үлгінің типін бекіту туралы шешімді Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі – МҒМО) жүргізетін метрологиялық сараптаманың оң нәтижелері негізінде уәкілетті орган қабылдайды және "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Негізгі ережелер" МЕМСТ 8.315 (бұдан әрі – МЕМСТ 8.315) белгіленген нысан бойынша стандартты үлгінің типін бекіту туралы сертификатпен куәландырылады.

      5. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші МҒМО-ға мынадай құжаттарды жібереді:

      1) стандартты үлгінің атауын, мақсатын және қолдану саласын көрсете отырып өтінішті;

      2) стандартты үлгіні әзірлеуге арналған техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТ);

      3) ТТ барлық тармақтары бойынша жұмыс нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын ғылыми-техникалық есепті;

      4) өлшем құралдарын салыстырып тексеруді және/немесе аттестатталған мәндерді анықтау үшін пайдаланылған өлшемдерді орындау әдістемесін аттестаттауды растайтын құжаттардың көшірмелері немесе деректемелері;

      5) МЕМСТ 8.315 сәйкес стандартты үлгінің типін сипаттау жобаларының екі данасы, стандартты үлгінің паспорты, стандарты үлгінің затбелгісі;

      6) стандартты үлгінің бір данасы немесе оның фотосуреті.

      6. Стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттарға метрологиялық сараптама кезінде МҒМО:

      1) стандартты үлгінің техникалық және метрологиялық сипаттамаларының ТТ талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      2) МЕМСТ 8.315 талаптарына сәйкес стандартты үлгіге арналған ТТ ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығын бағалауды;

      3) "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамалары" МЕМСТ 8.009 және "Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Шама бірліктері" МЕМСТ 8.417 сәйкес метрологиялық нормалар мен қағидалардың сақталуын тексеруді;

      4) Халықаралық бірліктер жүйесіне, ұлттық эталондарға және (немесе) шама бірліктерінің халықаралық эталондарына не өлшемдерді орындаудың бастапқы референттік әдістемелеріне метрологиялық бақылап тексеру қамтамасыз етілетін шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын, бекітілген типтердің стандартты үлгілерін, өлшемдерді орындау әдістемелерін зерттеу кезінде әзірлеу барысында тексеруді;

      Қазақстан Республикасында мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда Халықаралық өлшем және салмақ бюросының маңызды салғастыру дерекқорында барабарлық дәрежесі расталған басқа елдердің шама бірліктерінің ұлттық эталондарына дейін бақылап тексеруді қамтамасыз етуге рұқсат етіледі;

      5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18108 тіркелген) бекітілген Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіпте аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемелерін пайдалануды тексеруді;

      6) МЕМСТ 8.315 – талаптарына сәйкес зертханааралық аттестаттау нәтижелерін қарауды;

      7) стандартты үлгіні дайындаудың есептік-эксперименттік рәсімін қарауды жүзеге асырады.

      7. МҒМО стандартты үлгіні әзірлеу жөніндегі құжаттардың метрологиялық сараптамасының оң нәтижелері кезінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімде сараптамалық қорытындыны және стандартты үлгі типінің бекітілген сипаттамасын өтініш берушіге жібереді.

      МҒМО метрологиялық сараптаманың теріс нәтижелері кезінде ескертулерді жою туралы ұсынымдарымен сараптамалық қорытындыны жібереді және құжаттарды өтініш берушіге қайтарады.

      8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте өндірілген стандартты үлгілер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 145 шешімімен бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін өзара тану қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

      9. Мемлекетаралық стандартты үлгілер Келісімге және Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 9 хаттамасымен қабылданған мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында танылады.

      10. Шетелде шығарған стандартты үлгілер ҚР СТ 2.79 "Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Шетелде шығарылған заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандартты үлгілері. Қолдануға жіберу тәртібі. Негізгі ережелер" сәйкес қолдануға рұқсат етіледі.

      11. Бекітілген типтің стандартты үлгісі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 929 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18079 тіркелген) бекітілген Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу қағидаларымен белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеледі.

3-тарау. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" және "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі 1-параграф. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. "Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету" (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызметті беріші) көрсетеді.

      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушімен "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға сертификат алу үшін мәліметтерді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші мәліметтер түскен күні оны қабылдайды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадаға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға арналған куәлікті беру болып табылады.

2-параграф. "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      17. "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (осы параграфта бұдан әрі – мемлекеттік қызмет ) көрсетеді.

      18. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту сертификатын алу үшін мәліметтер толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қызмет көрсету процессінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" нысанында баяндалған.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы мәліметтер көрсетілетін қызметті берушіге тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы беріледі.

      19. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мәліметтерді қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      20. Көрсетілетін қызметті беруші электрондық мәліметтер түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадаға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезінде, электрондық сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында жіберілетін және сақталатын мемлекеттік стандарт үлгісін бекіту туралы сертификаттын беру болып табылады.

3-параграф. Қорытынды ережелер

      22. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      23. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      24. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайында, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақаулардың туындауын анықтаған сәттен бастап sd@nitec.kz электрондық поштасы бойынша бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салу жолдау арқылы авторизациялау сәтінен бастап қателік туындаған сәтке дейін қателік болған нақты уақытты көрсете отырып, қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі, әкімшілік құжаттың нөмірі және коды немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі, көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі бойынша міндетті түрде ақпарат ұсына отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторын хабардар етеді.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда өтініш беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес шешім нәтижелеріне сот тәртібімен шағымдана алады.

  Стандартты үлгінің типін бекіту
  және өлшем бірлігін қамтамасыз
  ету мемлекеттік жүйесінің
  тізілімінде тіркеу және
  "Шетелде шығарылған
  стандарттық үлгіні қолдануға
  рұқсат ету" және "Мемлекеттік
  стандарттық үлгісін бекіту"
  мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларына
  1-қосымша
  Нысан

Шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға куәлік алу үшін мәліметтер

      Дайындаушы фирманың атауы (орыс тілінде)*:____________________________

      Дайындаушыфирманың атауы (қазақ тілінде)*:____________________________

      Стандарттық үлгінің атауы, типі (орыс тілінде)*:____________________________

      Стандарттық үлгінің атауы, типі (қазақ тілінде)*:___________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Стандартты үлгінің типін бекіту
  және өлшем бірлігін қамтамасыз
  ету мемлекеттік жүйесінің
  тізілімінде тіркеу және
  "Шетелде шығарылған
  стандарттық үлгіні қолдануға
  рұқсат ету" және "Мемлекеттік
  стандарттық үлгісін бекіту"
  мемлекеттік қызметтерді
  көрсету қағидаларына
  2-қосымша

"Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 215 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) Көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Типін бекіту туралы сертификатты алу үшін порталда Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгісін бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификатты алу үшін мәліметтер

      Әзірлеуші ұйымның БСН*:______________________________________________

      Әзірлеуші ұйымның атауы *:____________________________________________

      Стандарттық үлгінің атауы (орыс тілінде)*:________________________________

      Стандарттық үлгінің атауы (қазақ тілінде)*:________________________________

      Сәйкестендіру нөмірі (ID)*:_____________________________________________

      Ескертпе: * – міндетті толтыруға арналған жол

  Стандартты үлгінің типін бекіту
және өлшем бірлігін қамтамасыз
ету мемлекеттік жүйесінің
тізілімінде тіркеу және
"Шетелде шығарылған
стандарттық үлгіні қолдануға
рұқсат ету" және "Мемлекеттік
стандарттық үлгіні бекіту"
мемлекеттік қызметтерді
көрсету қағидаларына
4-қосымша

"Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкіметтің" веб-порталы(бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған жағдайда мәліметтерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады), тәулік бойы жұмыс істейді.
2) көрсетілетін қызметті беруші – Кодекске және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайы Министрліктің www. beta. egov. kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Типін бекіту туралы сертификат алу үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанын толтырады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған мәліметтердің анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаладың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе нақты бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-05-60, 75-05-25.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады