Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру қағидаларын және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 936 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18107 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру қағидалары және оларға қойылатын метрологиялық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 936 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру қағидалары және оларға қойылатын метрологиялық талаптар 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру қағидалары және оларға қойылатын метрологиялық талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 18) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру тәртібін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін және оларға қойылатын метрологиялық талаптарды қалыптастыру тәртібі

      2. Мемлекеттік орган Заңның 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) бірлесіп бекітеді.

      3. Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін қалыптастыру мемлекеттік орган тиісті салада жүргізілетін өлшемдерді талдау жолымен жүзеге асырады.

      4. Талдау жүргізу кезінде мемлекеттік орган:

      жеке тұлғалардың денсаулығын қорғауды;

      қоршаған ортаны қорғауды;

      мемлекеттік есепке алу операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, оның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар кезінде өлшемдердің анық нәтижелерін;

      еңбек және көлік қозғалысы қауіпсіздігін;

      қару-жарақ және әскери техника өндірісі кезінде өлшемдердің анық нәтижелерін;

      өлшем құралдарын салыстырып тексеруді қамтамасыз етуге байланысты қолданылатын әлеуметтік маңызды өлшемдерде ескереді.

      5. Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік орган осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдерді айқындайды және өлшем тізбелерін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырады.

      6. Тізбені қалыптастыру мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерде (бұдан әрі - НҚА) және ұйымның стандарттарында келтірілген осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қалыптастырылған өлшемдерге қойылатын ведомстволық, салалық талаптарды ескере отырып, метрологиялық талаптарды белгілеуді қарастырады.

      НҚА, ұйымның стандарттары болмаған немесе оларда белгіленген метрологиялық талаптар болмаған кезде өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамалары туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің тізілімінен алынған мәліметтер ескеріледі.

      7. Тізбені қалыптастыруда 2-бағанда өлшем объектісі мен өлшем деректерінің қолдану саласын көрсете отырып, өлшемдердің атауы келтіріледі.

      Тізбенің 3 және 4-бағандарында осы өлшемдер үшін қажетті, белгіленген немесе Қазақстан Республикасында рұқсат етілген метрологиялық талаптар (диапазондар, қателіктер, орташа квадраттық ауытқу, дәлдік тобы және тағы басқалар) көрсетіледі.

      8. Метрологиялық талаптар физикалық шаманың сандық мәндері түрінде, олардың Халықаралық бірліктер жүйесінің шама бірліктеріндегі (өлшемсіз бірліктерді қоспағанда), немесе ГОСТ 8.417 сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген мөлшерлері көрсетіледі.

      9. Қосымша ақпарат болған жағдайда (құрылымдық, техникалық, пайдалану немесе басқа да ерекшеліктері) осы мәліметтер Тізбенің 5 - бағанында көрсетіледі.

      Қажет болған жағдайда қызмет бағыты бойынша тізбені нақтылау келтіріледі.

      10. Мемлекеттік орган қалыптастырылған Тізбе жобасын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      11. Уәкілетті орган метрологиялық талаптарда келтірілген Тізбе жобасының толықтығына және дұрыстығына сараптаманы 30 (отыз) жұмыс күні мерзімінде жүзеге асырады.

      12. Ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда уәкілетті орган Тізбе жобасын мемлекеттік органға 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде пысықтауға жібереді.

      13. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда әзірлеуші-мемлекеттік орган Тізбе жобасын пысықтайды және уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні мерзімінде қайта келісуге жібереді.

      14. Осы Қағидалардың 13-14-тармағына сәйкес пысықталған Тізбе жобасы тиісті мемлекеттік орган мен уәкілетті органның бірлескен бұйрығымен бекітіледі және тиісті интернет-ресурстарына орналастырылады.

      15. Заңның 22-бабында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген метрологиялық талаптарды нақты орындау үшін жүзеге асырылады.

  Мемлекеттік реттеуге жататын
өлшем тізбелерін және оларға
қойылатын метрологиялық
талаптарды қалыптастыру
қағидаларына
қосымша
  нысан

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер мен оларға қойылатын метрологиялық талаптардың тізбелері

Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы*

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшемдер
ауқымы

Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы

1

2

3

4

5











      Ескертпе:

      * Мысалы: 2-тарауда келесі өлшеулер:

      диагностикалық тексерулер кезінде нәрестенің салмағын анықтау;

      сауда-коммерциялық операцияларды жүзеге асыру кезінде өнім массасын айқындау;

      ТКШ объектілерінде суық және ыстық су көлемін анықтау;

      сауда-есеп операцияларын жүзеге асыру кезінде мұнай өнімдерінің шығынын анықтау көрсетіледі.

      Егер басқа шамаларды өлшеу қажет болса, 2-бағанды толтыру кезінде өлшемдер мемлекеттік реттеу саласына енгізіледі.

      Мысалы: шикі мұнай массасын анықтау үшін оның көлемін, температурасын және тығыздығын өлшеу қажет, Тізімге шикі мұнайдың көлемі, температурасы және тығыздығы бөлек-бөлек енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады