"Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 1609 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18115 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 440 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 30.06.2023 № 440 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Техникалық паспорттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген, 2007 жыл 24 қазанда № 163 (1192) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық паспорттың (Н-3) нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

      ____________

      2018 жылғы "__"________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1609 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 24 тамыздағы № 235
бұйрығымен бекітілген
  Н-3 нысаны

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік кәсіпорынның атауы) Көп пәтерлі тұрғын үйдегі (жатақханадағы) пәтерге (бөлмеге (-лерге)

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ (Н-3)

      1. Облысы_________________________________________________________________

      2. Ауданы_________________________________________________________________

      3. Қаласы (кенті, елді мекені)_________________________________________________

      4. Қаладағы аудан __________________________________________________________

      5. Мекен-жайы_____________________________________________________________

      6. Кадастрлық нөмірі________________________________________________________

      7. Түгендеу нөмірі__________________________________________________________

ПӘТЕРДІҢ (БӨЛМЕНІҢ (-ЛЕРДІҢ) ЖОСПАРЫ

      Масштабы _________

      Қабырға материалы: ______ Қабаты: ___ Қабаттылығы: ___ Салынған жылы:____

      Экспликациясы

N

атауы

жалпы ауданы

тұрғын ауданы

тұрғын емес ауданы

лоджия

балкон





































Қорытынды






      Берген күні "____" ______________ _______ж.

      Директор: _______________________________
(Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)
      Бөлім бастығы: ___________________________
М.О. (Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)
Орындаушы: _____________________________
(Тегі Аты Әкесінің Аты ол болған кезде, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады