Көкшетау қалалық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № С-19/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 сәуірде № 6510 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкшетау қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Көкшетау қаласының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № С-6/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5615 тіркелген, 2016 жылғы 21 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі;

      2) "Көкшетау қаласында автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" 2017 жылғы 18 сәуірдегі № С-9/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5957 тіркелген, 2017 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтыншы шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы,
19-шы кезекті сессиясының
төрағасы
Б.Ғайса

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Көкшетау қаласының
әкімі
Е.Маржықпаев

      2018 жылғы "20" наурыз


      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Көкшетау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б.Каримов

      2018 жылғы "20" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады