Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Мерзімі біткен

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № С 18-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 6429 болып тіркелді. Шешім 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Шешімнің қолданыста болу мерзімі - 01.01.2020 дейін (шешімнің 3-т).

      ""Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданының шекараларында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есе арттырылсын.

      2. Ақкөл аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 4 қазандағы № С 15-2 "Ақкөл ауданының шекараларында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6115 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 20 қазанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Л.Хамхоева
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

      14 ақпан 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
Кірістер комитеті Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекеме басшысының міндетін
атқарушы
Т.Ширазов

      14 ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады