Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 "Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № С 32-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 6951 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихатының "Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 6 сәуірдегі № С 20-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6583 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      Ақкөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында көрсетілген шешіммен бекітілген:

      7-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      2) қазан айының екінші жексенбісі - Мүгедектер күні;

      3) 15 ақпан - Ауғанстаннан әскерлер шығарылған күні.".

      8 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына;

      барлық санаттағы мүгедектерге;

      табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және АИВ жұқтырылғандар);

      ауылдық елді мекендерде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу формасы бойынша оқитын студенттеріне;

      жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда отбасыларға (азаматтарға);

      аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне;

      Ауғанстанда қызметін өтеген, қайтыс болған интернационалист-жауынгерлерге;

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде табылған азаматтарға.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;

      5) аз қамтылған және көп балалы отбасы.".

      9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Калашникова
      Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады