Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С 17/8 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 7С 16/5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С 17/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6421 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Комбатуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады