Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С 16/1 "2018-2019 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 6С 20/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 6609 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар аудандық мәслихатының "2018-2019 жылдарға арналған Атбасар ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 6С 16/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Кенжибаев Ж.Т.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Б.Т.Қамбатыров

      28 сәуір 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады