Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № С-10/2 "Еңбекшілдер ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № С-22/11 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 сәуірде № 6573 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 5 наурыздағы № С-10/2 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 05.03.2024 № С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 "Ақмола облсысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № С-10/2 "Еңбекшілдер ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5871 тіркелген, 2017 жылдың 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) тақырыбында "Еңбекшілдер ауданында" сөздері "Біржан сал ауданында" сөздеріне ауыстырылсын;

      2) кіріспеде "Еңбекшілдер аудандық мәслихаты" сөздері "Біржан сал ауданының мәслихаты" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
И.Магерко
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Біржан сал ауданы
әкімінің міндетін
атқарушы
Е.Сабыров

      "29"наурыз 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады