Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/9 "Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 6С-19/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 наурызда № 6463 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 6С-7/9 "Жарқайың ауданының шекараларындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5707 тіркелген, 2017 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
төрағасы, аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы
Ж.Мыңбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының
әкімі
М.Балпан

      26.02.2018

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Жарқайың ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Г.Бекентаев

      26.02.2018

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады