РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімішілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Қабанбай батыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Нуринская көшесі Нұра көшесіне;
2) Революционная көшесі Желтоқсан көшесіне;
3) Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
4) Тельман көшесі Бірлік көшесіне;
5) Ленин көшесі Достық көшесіне;
6) Целинная көшесі Сарыарқа көшесіне;
7) Победа көшесі Жеңіс көшесіне;
8) Макаренко көшесі Сарыадыр көшесіне;
9) Школьный квартал көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
10) Новый квартал көшесі Ынтымақ көшесіне;
11) Степная көшесі Бытығай көшесіне;
12) Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
13) Джамбула-подстанция көшесі Энергетиктер көшесіне;
14) Коммунистическая көшесі Тәуелсіздік көшесіне;
15) Спортивная көшесі Жағалау көшесіне;
16) Пионерская көшесі Майбалық көшесіне;
17) Лихачев көшесі Борлыкөл көшесіне;
18) Октябрьская көшесі Үш тас көшесіне.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қабанбай батыр ауылдық округі әкімі |
А.Мурзагельдиев |