Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қарашадағы қорытындысына, Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының өткізілген көпшілік тыңдауының хаттамасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе қаласының мынадай көшелері:
Пугачев - Мұхтар Әуезов атындағы көше;
Степан Разин - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы көше;
Роза Люксембург - Дина Нұрпейісова атындағы көше;
Совхозный проезд - Үш таған көшесі;
Щорс - Арай көшесі;
Демьян Бедный - Қасым хан атындағы көше;
Кольцов - Орал көшесі;
Ударный - Темірқазық көшесі;
Кобозев - Бурабай көшесі;
Ағайынды Коростылевтар - Керей хан атындағы көше;
Краснощеков - Атырау көшесі;
Жуковский - Жәнібек хан атындағы көше;
Чапаев - Шәкен Айманов атындағы көше;
Левон Мирзоян - Әлихан Бөкейханов атындағы көше;
Декабристер - Сауран көшесі;
Котовский - Ғабит Мүсірепов атындағы көше;
Воровский - Заңғар көшесі;
Ленинградская - Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше;
Земледельческий - Алтынемел көшесі;
Патоличев - Білге қаған атындағы көше;
Гарнизон - Жанша Досмұхамедұлы атындағы көше;
Бабушкин - Самұрық көшесі;
Тельман - Ырғыз көшесі;
Куйбышев - Сығанақ көшесі;
70 лет Октября - Жерұйық көшесі;
Фрунзе тұйық көшесі - Ізгілік тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. ОРАЛМАҒАНБЕТОВ |