Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 02.11.2018 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 04 маусымдағы № 2-12-4/92 ұсынысы негізінде, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Қамыстыкөл нүктесінде орналасқан "Сержан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі | А. Андакулов |