Шектеу іс-шараларын алу және Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2 "Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі Қамыстыкөл нүктесінде орналасқан "Сержан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 6 қарашада № 3-9-214 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 2-12-4/138 ұсынысына сәйкес, Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің "Қамыстыкөл" нүктесінде орналасқан "Сержан" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 2 "Мұғалжар ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің Қамыстыкөл нүктесінде орналасқан "Сержан" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-205 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұғалжар ауданының Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі А. Андакулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады