Шектеу іс-шараларын алу және Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 17 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 7 тамызда № 3-10-212 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2018 жылғы 16 шілдедегі № 2-14-16/188 ұсынысына сәйкес, Шығырлы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шығырлы ауылдық округі, Бірлік елді мекенінде орналасқан "Қуаныш" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан пастереллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Шығырлы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 12 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-197 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 маусымда "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығырлы ауылдық округінің әкімі: С.А. Кадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады