Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 30-186 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 7 желтоқсанда № 4936 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 6-32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қалалық мәслихатының 10.07.2023 № 6-32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Текелі қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерді аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негізінде, Текелі қаласы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 504, 505 және 506-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен 20 пайызға арттырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Бюджет және экономика мәселесі бойынша" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық
      мәслихатының сессия
      төрағасы В. Кубрак
      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Калиновский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады