Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызыларық ауылдық округінің Ақтөбе, Терс-Ащыбұлақ ауылдары көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1) Ақтөбе ауылы бойынша:
Советская көшесі – Руханият;
Железнодорожная көшесі - Қайнар бұлақ;
Набережная көшесі - Жаңатұрмыс.
2) Терс-Ащыбұлақ ауылы бойынша:
Центральная көшесі – Айнабұлақ;
Мира көшесі – Арай;
Южная көшесі - Мереке.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызыларық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрсұлтан Нұржанұлы Сырланға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Е. Сейдалиев |