РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Досаев |
Шу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 42 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы |
1 | Дәндік жүгері | 2018 жылғы 15 сәуірден – 20 мамыр аралығы |
2 | Жаздық арпа | 2018 жылғы 10 наурыздан – 10 сәуір аралығы |
3 | Мақсары | 2018 жылғы 15 наурыздан – 10 сәуір аралығы |
4 | Соя | 2018 жылғы 5 мамырдан – 10 мамыр аралығы |
5 | Қант қызылшасы | 2018 жылғы 1 сәуірден – 30 сәуір аралығы |
6 | Күздік бидай | 2018 жылғы 5 қыркүйектен – 10 қазан аралығы |