РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлік ауылдық округінің, Бірлік ауылының көше атаулары өзгертілсін:
1) Привокзальная көшесі – Әулие ата;
2) Мира көшесі – Бейбітшілік;
3) Штабная көшесі – Тұран;
4) Восточная көшесі – Жайлау;
5) Карл Маркс көшесі – Күлтөбе;
6) Центральная көшесі – Жібек жолы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімінің міндетін атқарушы | Е.Косахов |