"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына сәйкес Қарағанды облыстық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының Қарағанды және Саран қалаларындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2008 жылғы 22 мамырдағы VІ сессиясының "Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін және аймақтардың шекараларын бекіту туралы" № 122 шешімінің (нормативтіқ құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1846 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 маусымдағы № 95-96 (20480) "Орталық Қазақстан", 2008 жылғы 21 маусымдағы № 77 (20623) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Алып тасталды - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Базарбаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |
Қарағанды облыстық мәслихатының | |
2018 жылғы 5 қазандағы | |
XVIII сессиясының № 338 шешіміне | |
1-қосымша |
Қарағанды облысының Қарағанды қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Қарағанды облыстық мәслихатының | |
2018 жылғы 5 қазан | |
XVIII сессиясының № 338 шешіміне | |
2- қосымша |
Қарағанды қаласы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы XVIII сессиясының № 338 шешіміне 3-қосымша |
Қарағанды облысының Саран қаласында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 қазандағы XVIII сессиясының № 338 шешіміне 4- қосымша |
Саран қаласы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облыстық мәслихатының 27.02.2025 № 258 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Бағалау аймақтарының № | Бағалау аймақтарының сипаттауы | Түзету коэффициенттері |
I |
003, 004, 005, 007 есептік кварталдар - қаланың орталық бөлігі; | 2,00 |
II | 027, 028, 029 Ақтас кенті. | 1,70 |
III |
001 - индустриялық аймақ, Шығыс өнеркәсіптік аймағы, | 1,40 |
IV |
002, 006, 008, 012, 013 Финский тұрғын алабы, 016, 017, 055; | 1,30 |
V |
ішінара 001 - резервтік және өзге де қала құрылысы қызметіне тартылмаған; | 1,00 |