"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, село тұрғындарының пікірін ескере отырып, Талап селосының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Талап селосындағы Комсомольская көшесі Болашақ көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Әкім | Ғ.Е. Битенов |