Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі 29 сессиясының № 29/325 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 4731 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 20/199 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 11.03.2022 № 20/199 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 19.04.2018 № 29/325 шешімімен.

      3. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 сәуірдегі 2 сессияның № 2/25 "Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері мен бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3764 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 мамырда және 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 17 (4120) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Белан
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Цай

      КЕЛІСІЛДІ:

      Абай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер Басқармасы
басшысының м.а.
Т. Дүйсенбаев

      2018 жылғы 19 сәуір

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Абай ауданының жер
қатынастары, сәулет және қала
құрылысы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Р. Сатыбаева

      2018 жылғы 19 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады