Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 29/325 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 20/199 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 наурызда № 27188 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 29/325 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4731 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Д. Сакенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады