Есенгелді ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының Есенгелді ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 04 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қарашада № 5000 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Есенгелді ауылындағы көшелер келесідей болып қайта аталсын:

      1) Гаражная көшесін Дарабоз көшесіне;

      2) Школьная көшесін Шамшырақ көшесіне;

      3) Центральная көшесін Жолашар көшесіне;

      4) Набережная көшесін Несібелі көшесіне;

      5) 40 лет Победы көшесін Жеңістің 40 жылдығы көшесіне;

      6) Комсомольская көшесін Мәңкі батыр көшесіне;

      7) Садовая көшесін Жусанды көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Григорьян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады