Ақтоғай ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салықтардың мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі 22 сессиясының № 198 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 4748 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтар (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Ақтоғай ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге базалық салық мөлшерлемесін қолдануға жақын орналасқан елді мекендер болып Шашубай, Сарышаған кенттері және Ақтоғай ауылы айқындалсын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Бакиров
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Ақтоғай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
А. Түсіпбеков

      18 сәуір 2018 жыл

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 сәуірдегі
22 сессиясының № 198 шешіміне
1 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

№ р/с

Автотұрақтар (паркингтердің) түрлерi

Санаттары

1

Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

1 санат

2

Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер)

2 санат

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 сәуірдегі
22 сессиясының № 198 шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген елді мекендердің жерлері үшін салынатын базалық салық мөлшерлемелерінің мөлшері

№ р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Мөлшерлемелері

1

1 санат

он есеге

2

2 санат

он есеге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады