Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үштөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Заречное ауылындағы Центральная көшесі – Достық көшесі болып, Заречное ауылындағы Садовая көшесі – Ынтымақ көшесі болып, Заречное ауылындағы Степная көшесі – Алаш көшесі болып, Заречное ауылындағы Новоселов көшесі – Болашақ көшесі болып, Заречное ауылындағы Ленин көшесі – Наурыз көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үштөбе ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | А. Копбаева |