Жаңаталап ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңаталап ауылы әкімінің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 мамырда № 4790 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңаталап ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаталап ауылындағы Строительная көшесі – Құрылысшылар көшесі болып, Жаңаталап ауылындағы Нуринская көшесі – Қазақстан көшесі болып, Жаңаталап ауылындағы Заречная көшесі – Сарыарқа көшесі болып, Жаңаталап ауылындағы Новая көшесі – Астана көшесі болып, Жаңаталап ауылындағы Школьная көшесі – Болашақ көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаталап ауылының әкімі Т. Амангелдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады