Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе ауылындағы Центральная көшесі – Алаш көшесі болып, Ақтөбе ауылындағы 70 лет Октября көшесі – Сарыарқа көшесі болып, Ақтөбе ауылындағы Интернациональная көшесі – Достық көшесі болып, Ақтөбе ауылындағы Набережная көшесі – Нұра көшесі болып, Ақтөбе ауылындағы Молодежная көшесі – Жастар көшесі, Ақтөбе ауылындағы Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі, Ақтөбе ауылындағы Торговая көшесі – Қайнар көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі | Б. Казатай |