Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 01.10.2018 № 328 (оның алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 "Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 10414 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ынталы ауылдық округі Ынталы ауылының аумағында жылқылар арасында ринопневмония және салмонеллез ауруы шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс-шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын Қарқаралы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К. Максутов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы | |
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық | |
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің | |
басшысы | Т.Ж. Көпжасаров |
2018 жыл 09 сәуір.