Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жылқы ринопневмониясы және сальмонеллез ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізуіне байланысты, Ынталы ауылдық округінің Ынталы ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 09 сәуірдегі № 117 "Ынталы ауылдық округінің Ынталы ауылының аумағында шектеу іс -шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4697 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 33-34 (11658) "Қарқаралы" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 24 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |