Маржанкөл ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 4948 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Маржанкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Маржанкөл ауылдық округіндегі көшелері келесідей:

      1) Уызбай ауылындағы Октябрьская көшесін – Наурыз көшесіне;

      2) Құрқопа ауылдағы Центральная көшесін - Шаңырақ көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Сембеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады