Шет ауданы Дәрия кентіндегі көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Дәрия кентінің әкімінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 қазанда № 4963 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2017 жылғы 06 желтоқсандағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындылары негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Дәрия кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Шет ауданы, Дәрия кентіндегі "Интернациональная" көшесі "Бұғылы" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Дәрия кенті әкімі аппаратының бас маманы Ж. Қызыловаға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Дәрия кентінің әкімі Б. Райым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады