2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 6161 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 21.05.2018 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә. Жарылқағанов

  Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №12 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

1)

Сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)

2.

Жұмыстар:

1)

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара елді мекеніндегі электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары

3.

Көрсетілетін қызметтер:

1)

"Жеңіс" саябағын күзет қызметімен қамтамасыз ету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады